Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Эсопол 40мг 5мл №10 АСПИРО ФАРМА ЛИМИТЕД

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№10 бөтелкелер
Белсенді зат:
Эзомепразол
Фармакологиялық топ:
Ингибиторы протонового насоса.
Элемент коды::
8906098725493
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
22 960 ₸
Бонустарды сатып алу: 229.60
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

Инфузияға арналған эсопол ересектерде келесі жағдайларда қолданылады:

  • пероральді жолмен қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, асқазандық антисекреторлық емдеу жағдайында:

  • эзофагитпен ауыратын және / немесе рефлюкстің ауыр симптомдары бар пациенттердің гастроэзофагеалді рефлюксті ауруы жағдайында (ГЭРА)

  • қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен (ҚҚСД) байланысты асқазанның ойықжарасы жазылғанда

  • ҚҚСД терапиясымен байланысты асқазанның және ұлтабардың ойықжаралы ауруының профилактикасында

  • асқазанның немесе ұлтабардың жедел қан кететін ойықжараларында терапиялық эндоскопиядан кейін қайта қан кетудің профилктикасында

- эзомепразолға, орнын басатын бензимидазоламдарға немесе препараттың басқа да ингредиенттеріне аса жоғары сезімталдық

- нелфинавирмен бірге қолдану

- лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Жиі

- бас ауыру

- іш ауыру, іш қату, диарея, метеоризм, жүрек айну, құсу, асқазан түбіндегі безді полиптер (қатерсіз)

- препаратты еңгізген жердегі реакциялар (препараттың жоғары дозаларын енгізгенде)

Жиі емес

- шеткері ісінулер

- ұйқысыздық

- дерматит, қышыма, есекжем, бөртпе

- бас айналу, парестезия, ұйқышылдық

- ауыздың құрғауы

- бауыр ферменттері деңгейінің артуы

- ортанжілік, білезік немесе омыртқа бағанасының сынуы

Сирек

- лейкопения, тромбоцитопения

- аса сезімталдық реакциялары: қызба, ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық реакция

- гипонатриемия

- қозу/мазасыздану, депрессия, сананың шатасуы

- дәм сезудің бұзылуы

- бронхтың түйілуі

- стоматит және асқазан-ішек кандидозы

- сарғаюмен гепатит (немесе онсыз)

- фотосенсибилизация, алопеция

- артралгии, миалгиялар

- әлсіздік, тершеңдік

Өте сирек

- агранулоцитоз, панцитопения

- агрессия, галлюцинация

- бауыр функциясының жеткіліксіздігі, бауыр аурулары бар пациенттерде энцефалопатия

- Стивенс-Джонсон синдромы, полиморфты эритема, уытты эпидермальді некролиз (УЭН)

 

- бұлшықеттің әлсіреуі

- интерстициальді нефрит, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

- гинекомастия

Белгісіз

- гипомагниемия, ауыр гипомагниемия гипокальциемияны туындатуы мүмкін, гипомагниемия да гипокалиемиямен байланысты болуы мүмкін

- анық көрмеу

- бас айналуы

- микроскопиялық колит

- жедел терілік қызылжегі

Ауыр жағдайдағы пациенттерге омепразолды (рацемат) вена ішіне еңгізгенде, әсіресе жоғары дозаларын еңгізгенде көрудің қайтымсыз бұзылуының жекелеген жағдайлары туралы хабарланған, препаратты қабылдаумен байланысты себептік байланыс анықталған жоқ.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Пероральді терапияны жүргізу мүмкін болмаған жағдайда пациенттерге эсополды тәулігіне 1 рет 20-40 мг дозада парентеральді жолмен қабылдау ұсынылуы мүмкін.

Рефлюкс-эзофагиті бар пациенттерге эзомепразол тәулігіне 1 рет 40 мг дозада ұсынылады. ГЭРА симптомдарын емдеу үшін Эсопол тәулігіне 1 рет 20 мг дозада қолданылады.

ҚҚСҚ қабылдауға байланысты пептикалық ойықжаралы аураларды емдеу және профилактикасы үшін Эсопол тәулігіне 1 рет 20 мг дозада ұсынылады.

Асқазанның немесе ұлтабардың ойықжарасының жедел қан кетуін эндоскопиялық жолмен емдегеннен кейін пациенттерде қайта қан кетудің дамуының профилактикасы

Асқазанның немесе ұлтабардың ойықжарасының жедел қан кетуін эндоскопиялық емдеуден кейін перапарат дозасы 80 мг құрайды, оны 30 минут бойы болюстік инфузия түрінде енгізеді, содан кейін 3 күн бойы (72 сағат) 8 мг/сағ дозада вена ішіне ұзақ құяды.

Ойықжарадан қан кету

Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерге препарат дозасын түзету қажет емес. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерге болюстік инфузия түрінде енгізілген 80 мг бастапқы дозадан кейін 71,5 сағат ішінде вена ішіне ұзақ енгізуді 4 мг/сағ шектеу керек.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге препарат дозасын түзету қажет емес. Бүйрек функциясның ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге дәріні қолданудың шектеулі тәжірибесіне байланысты мұндай пациенттерді емдегенде сақтық таныту керек.

Бауыр функциясының бұзылуы

 

Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерге препарат дозасын түзету қажет емес. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерге ең жоғары тәуліктік доза 20 мг құрайды.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерге препарат дозасын түзету қажет емес.

Еңгізу әдісі мен жолы

Инъекция

Доза 40 мг

5 мл дайындалған ерітіндіні (8 мг/мл) венаішілік инъекция түрінде кемінде 3 минут бойы құяды.

Доза 20 мг

2,5 мл (8 мг/мл дайындалған ерітіндінің 1/2) венаішілік инъекция түрінде кемінде 3 минут бойы құяды. Ерітіндінің пайдаланылмаған қалдықтары жойылуы тиіс.

Инфузия

Доза 40 мг

Дайындалған эзомепразол ерітіндісін венаішілік инфузия түрінде 10-30 минут бойы құяды.

Доза 20 мг

Дайындалған эзомепразолдың 1/2 ерітіндісін венаішілік инфузия түрінде 10-30 минут бойы құяды. Ерітіндінің пайдаланылмаған қалдықтары жойылуы тиіс.

80 мг-ға тең болюсті дозалау.

Эзомепразолдың дайындалған ерітіндісі 30 минут бойы ұзақ венаішілік инфузия түрінде енгізеді.

8 мг/сағ дозасы

Эзомепразолдың дайындалған ерітіндісі 71,5 сағат бойы ұзақ венаішілік инфузия түрінде енгізеді (инфузияның есептік жылдамдығы - 8 мг/сағ).

Ерітінді дайындау

Инъекция

Инъекцияға арналған ерітінді Эсопол бар құтыға вена ішіне құюға арналған натрий хлоридінің 5 мл 0,9 %-дық ерітіндісін қосу жолымен дайындалады. Дайындалған ерітінді мөлдір болуы тиіс, түс гаммасы түссізден бозғылт-сары түске дейін түрленеді.

20 мг эзомепразол тағайындалған кезде дайындалған ерітіндінің жартысы енгізіледі. Ерітіндінің пайдаланылмаған қалдықтары жойылуы тиіс.

Инфузия

Инфузиялық ерітінді вена ішіне енгізуге арналған 100 мл натрий хлоридінің 0,9%-дық ерітіндісінде Эсопол бар бір құтының ішіндегісін еріту жолымен дайындалады.

 

20 мг эзомепразол тағайындалған кезде дайындалған ерітіндінің жартысы жіберіледі.

80 мг инфузия

Инфузиялық ерітінді вена ішіне енгізуге арналған 100 мл натрий хлоридінің 0,9%-дық ерітіндісінде 40 мг Эсопол препараты бар екі құтының ішіндегісін еріту жолымен дайындалады. Препараттың ерітілген ерітіндісі түссіз-бозғылт-сары түске дейінгі мөлдір сұйықтық болып табылады.

Дайындалған ерітінді (инъекцияға және инфузияға арналған) араластыруға болмайды немесе басқа дәрілерлік заттармен бірге енгізуге болмайды. Қолданар алдында ерітіндіні көзге көрінетін механикалық қоспалардың болмауын және түстің өзгеруін көзбен бағалау керек. Тек мөлдір ерітінді пайдаланылуы мүмкін. Дайындалған ерітіндіні дайындағаннан кейін бірден енгізу керек (микробиологиялық тұрғыдан). Дайындалған ерітіндіні 12 сағат бойы пайдалану керек. 30 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Ерітіндінің пайдаланылмаған қалдықтары жойылуы тиіс.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Эсопол тәулігіне 1 рет 20-40 мг дозада парентеральді жолмен қолданылады.

Емдеу ұзақтығы

 

Әдетте, венаішілік түрмен емдеу кезеңі ұзаққа созылмайды, пациентті препаратты пероральді жолмен қабылдауға мүмкіндігінше тезірек ауыстыру керек.

Әзірге Эсопол 40мг 5мл №10 АСПИРО ФАРМА ЛИМИТЕД пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
22960 ₸  
1
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
22960 ₸  
1
Сыпатай батыра 2 (Кожкомбинат)
+7 775 007-2828
22960 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады