Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Экспресс-тест д/определения наркот. ср-в в моче 3в1(MOR300, THC50, AMP1000) №1 Амир и Д

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Тест полоски
Белсенді зат:
- - - -
Фармакологиялық топ:
Басқалар
Элемент коды::
2000999466854
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
1 700 ₸
Бонустарды сатып алу: 51.00
Қоймада жоқ

Ол клиникалық-диагностикалық зертханаларда, емдеу-профилактикалық мекемелерінде, ауруханаларда, емханаларда, басқа да денсаулық сақтау объектілерінде және ұйымдардың медициналық кабинеттерінде, халықтың барлық топтары үшін, сондай-ақ медициналық білімі жоқ тұлғалардың өзін-өзі тестілеуі мақсатында, адамның несебінде жасына байланысты шектеусіз есірткі және психотроптық заттарды анықтау қажет болған жағдайда қолданылады.

 «Несепте бірден отыз алтыға дейін есірткі және психотроптық заттарды анықтауға арналған жинақтағы экспресс-тесттер» адам несебінде көрсетілген есірткі және психотроптық заттарды сапалы анықтау үшін ғана пайдаланылады. Жинақ бастапқы скрининг тестіге арналған және нәтижелері басқа да қосымша зерттеулермен расталуы тиіс.

«Несепте бірден отыз алтыға дейін есірткі және психотроптық заттарды анықтауға арналған жинақтағы экспресс-тесттер» жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін +2 ºС-ден +30ºС-ге дейінгі температурада сақтау және тасымалдау керек.

Тест қолданарға дейін мөрленген пакетте қалуы керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Тікелей күн сәулесінен аулақ болу керек.

Жұмыс кезінде осы жинақтың компоненттерін ластанудан қорғау үшін сақтық таныту керек. Микробтық немесе басқа ластану дәлелдері болса, бұйымды пайдаланбаңыз.

1. Тек in vitro диагностикасына арналған.

2. Үлгілермен және тест реагенттерімен жұмыс істеу аймағында тамақ жемеу,  ішпеу және темекі шекпеу керек.

3. Үлгілерді зерттеу кезінде жеке қорғаныс құралдарын мысалы, зертханалық халатты, қолғапты және қорғаныс  көзілдірігін пайдаланыңыз.

4. Әр үлгі үшін жинауға арналған жаңа контейнерді пайдалана отырып, үлгілердің айқаспалы ластануынан аулақ болыңыз.

5. Ылғал мен температура зерттеу нәтижелеріне теріс әсер етуі мүмкін.

6. Емшара кезінде микробиологиялық қауіптерге қарсы барлық сақтық шараларын сақтаңыз және үлгілерді стандартты утилизациялау емшараларын орындаңыз.

7. Дұрыс нәтижелерді алу үшін нұсқаулықты қатаң сақтау керек.

1) Несеп сынамаларын таза, құрғақ ыдысқа жинау керек. Сынамалар тәуліктің кез келген уақытында жиналуы мүмкін. Көрінетін тұнбасы бар несеп үлгілерін центрифугалау, сүзу немесе тұндыру керек.

2) Несеп үлгілерін талдау алдында 48 сағат бойы +2 - +8°C температурада сақтауға болады. Ұзақ сақтау үшін үлгілерді мұздатып қатыруға және -20°C температурада сақтауға болады. Мұздатып қатырылған үлгілерді талдау алдында ерітіп, араластыру керек.

 

In vitro диагностикасына арналған медициналық бұйымды пайдалануға дайындық туралы ақпарат.

Тесттер мен несеп үлгілері талдау алдында бірдей бөлме температурасында (+15 - +30ºC) болуы керек.

Ашу алдында тест бөлме температурасында болуы керек. Қаптаманы ашқаннан кейін тестті талдау үшін дереу қолдану керек.

 

Тест емшарасы.

1) Тестті мөрленген пакеттен шығарып алыңыз және мүмкіндігінше жылдам қолданыңыз. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін талдауды бір сағат ішінде жүргізу керек.

2) Тестті таза және тегіс бетке қойыңыз.

3) Тестті кассетада қолданған жағдайда, пипетканың көмегімен үлгіге арналған ойықшаға 3 тамшы (шамамен 120 мкл) несеп қосыңыз.

3 тамшы үлгіні қосыңыз

Тестті панельде қолданған жағдайда, тест жолақтарын несепке қажетті деңгейге дейін батырыңыз.

Тестті банкіде пайдаланған жағдайда, банкінің корпусында көрсетілген деңгей шеңберінде несептің қажетті көлемінің болуын қамтамасыз ету керек.

 

Тестті бекіткіші бар банкіде қолданған жағдайда, сондай-ақ банкінің корпусында көрсетілген деңгей шеңберінде несептің қажетті көлемінің болуын қамтамасыз ету керек. Содан кейін, несеп температурасы қажетті параметрлерге сәйкес келген кезде, бекіткішті тиісті тесікке салып, оны басу керек, осылайша несептің тест жолақтарымен өзара әрекеттесу аймағына түсуін қамтамасыз етеді.

 

           
     

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                            

 

Кілт        Қақпақ                                 Несеп                              Басу

Банкінің корпусы Заттаңба Температура индикаторы                                       

Деректер

 

4) Түсті жолақт(ард)ың (-с) пайда болуын күтіңіз. Нәтижені 5 минуттан кейін санаңыз. 10 минуттан кейін нәтижені түсіндірмеңіз.

 

Нәтижелерді түсіндіру.

Теріс     Оң          Қате

 

Теріс нәтиже.

Тест және бақылау аймағында түсті жолақтар пайда болады.

 

Оң нәтиже.

Бақылау аймағында бір түсті жолақ қана пайда болады. Тест аймағында түсті жолақ пайда болмайды.

 

Қате нәтиже.

Бақылау аймағында түсті жолақ пайда болмайды. Емшарамен бөлінген уақыт ішінде бақылау аймағында сызық көрсетпейтін кез келген тест нәтижелері жойылуы керек. Емшараны тексеріп, жаңа тестпен қайталаңыз. Егер мәселе шешілмесе, бұйымды пайдалануды дереу тоқтатып, өндірушіге/ өндірушінің ресми өкіліне/ дистрибьюторға хабарласыңыз

Әзірге Экспресс-тест д/определения наркот. ср-в в моче 3в1(MOR300, THC50, AMP1000) №1 Амир и Д пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
27
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
1700 ₸  
2
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
1700 ₸  
5
г. Чу, ул. Конаева 24
1700 ₸  
2
Жалпак Тобе 79
+7 775 007-2828
1700 ₸  
5
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
1700 ₸  
3
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
1700 ₸  
10
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
1700 ₸  
2
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
1700 ₸  
5
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
1700 ₸  
4
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
1700 ₸  
5
Сыпатай батыра 2 (Кожкомбинат)
+7 775 007-2828
1700 ₸  
5
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
1700 ₸  
5
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
1700 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады