Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Дукресса кап глаз 5мг/мл+1мг/мл 5мл №1 Тубилюкс Фарма

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Көз тамшысы
Белсенді зат:
Дексаметазон, левофлоксацин
Фармакологиялық топ:
Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар
Элемент коды::
4987084314550
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Дукресса™ көзге тамызатын дәрісі қабыну профилактикасы мен емдеуге, сондай-ақ ересектердегі катарактаны жою үшін хирургиялық операциялар кезінде инфекцияның алдын алуға арналған.

  • левофлоксацинге немесе басқа хинолондарға, дексаметазонға немесе басқа стероидтарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
  • қарапайым герпес, кератит, желшешек және нұрлы қабық пен көздің шырышты қабығының басқа вирустық аурулары;
  • туберкулез микобактериясы, лепра микобактериясы немесе Mycobacterium avium кешені сияқты қышқылға төзімді микобактериялардан туындаған көздің микобактериялық инфекциялары;
  • көздің зең аурулары;
  • көздің емделмеген іріңді инфекциясы.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі емес:

бас ауыруы, дисгевзия

Көру ағзасы тарапынан бұзылулар

Жиі емес:

көздің тітіркенуі, көздегі атиптік сезінулер, көзішілік қысымның жоғарылауы

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Жиі емес:

жүрек айнуы, тіл тарапынан бұзылулар

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Жиі емес:

қышыну

Зертханалық және аспаптық деректер

Жиі емес:

көзішілік қысымның жоғарылауы (*)

( * ) > 6 мм с.б, көзішілік қысымның елеулі жоғарылауын білдіреді

Осы дәрілік препараттың әсер етуші заттарын бөлек қолданған кезде байқалған, демек Дукресса™ препаратын қолданғанда да туындауы мүмкін жағымсыз реакциялар төменде келтірілген:

Левофлоксацин:

Иммундық жүйенің бұзылуы

Сирек:

Экстраокулярлық аллергиялық реакциялар, оның ішінде тері бөртпесі

Өте сирек:

Анафилаксия

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі емес:

Бас ауыруы

Көру ағзасы тарапынан бұзылулар

 

Жиі:

Көзді күйдіру сезімі, көру қабілетінің нашарлауы және көзден шырышты бөліністер

Жиі емес:

Қабақтың күңгірттенуі, химоз, папилярлы конъюнктивалық реакция, қабақтың ісінуі, көздегі жайсыздық, көздің қышуы, көздің ауыруы, конъюнктивалық инъекция, конъюнктивалық фолликулалар, көздің құрғауы, қабақтың қызаруы және көздің қарығуы.

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар

Жиі емес:

Ринит

Өте сирек:

Көмейдің ісінуі

 

Сонымен қатар, левофлоксацинді жүйелі пайдаланумен байланысты жағымсыз реакциялар Дукресса™ қабылдаған кезде де туындауы мүмкін:

Жүйелі фторхинолондарды қабылдаған пациенттерде хирургиялық араласуды талап еткен немесе еңбекке қабілеттілігін ұзақ уақытқа жоғалтуға әкеп соққан иық, қол, ахилла немесе басқа сіңірлердің үзілуі туралы хабарланды. Маркетингтен кейінгі зерттеулер және жүйелік хинолондарды қолдану тәжірибесі кортикостероидтарды қабылдайтын пациенттерде сіңірлердің үзілу қаупі, әсіресе ахилла сіңірін қоса, сіңірлері ауыр жүктемеде болатын пациенттерде артуы мүмкін екенін көрсетіп отыр.

Дексаметазон:

Өте жиі:

Көзішілік қысымның жоғарылауы*

Жиі:

Жайсыздық*, тітіркену*, ашыту*, жедел ауырсыну*, қышыну * және бұлыңғыр көру*

Жиі емес:

Аллергиялық реакциялар, жаралар жазылуының кешеуілдеуі, артқы-капсулярлы катаракта*, оппортунистік инфекция, глаукома*

Өте сирек:

Конъюнктивит, қарашықтың кеңеюі, жоғарғы қабақтың түсуі, кортикостероидтарды қолданудан туындаған увеит, мөлдір қабықтың кальцификациясы кристалдық кератопатия, мөлдір қабық қалыңдығының өзгеруі*, мөлдір қабықтың ісінуі, мөлдір қабықтың ойық жаралануы және мөлдір қабықтың перфорациясы

Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар

Жиі емес:

Бүйрек үсті безі функциясының бәсеңдеуі*

Жиілігі белгісіз:

Кушинг синдромы, адренальді супрессия

Жалпы сипаттағы асқынулар және жергілікті реакциялар

Жиі емес:

Беттің ісінуі

* Көзішілік қысымның (КІҚ) жоғарылауы және глаукоманың дамуы мүмкін. Кортикостероидтарды ұзақ уақыт қолдану көзішілік қысымның/глаукоманың жоғарылауына әкелуі ықтимал (әсіресе, стероидтарды қолдану кезінде КІҚ жоғарылаған немесе бұрын КІҚ жоғарылауы немесе глаукома тіркелген пациенттерде). Балалар мен егде жастағы пациенттер стероидтарды қолданудан туындаған КІҚ жоғарылауын ерекше сезінуі мүмкін. Қант диабетімен ауыратын пациенттер жергілікті стероидтарды ұзақ уақыт қолданудың салдарынан субкапсулярлық катаракта дамуына бейім болады.

Кортикостероидтардан туындаған көзішілік қысымның жоғарылауы емдеу басталғаннан кейін 2 апта ішінде байқалды.

Инстилляциядан кейін бірден жайсыздық, тітіркену, ашыту, жедел ауырсыну, қышыну және көрудің бұлдырауын сезіну пайда болуы мүмкін. Мұндай сезімдер, әдетте, жеңіл көтерімді, тез өтеді және ешқандай әсер етпейді.

Кейбір жағдайларда мөлдір қабықтың жұқаруына әкелетін ауруларда жергілікті стероидтарды қолдану перфорацияға әкелуі мүмкін.

 

Дәрілік препаратты жиі қолданғанда Дукресса™препаратының жүйелі сіңуіне байланысты бүйрек үсті безі функцияларының бәсеңдеуі орын алады.

Құрамында фтор бар көзге тамызатын дәріні пайдаланумен байланысты мөлдір қабықтың кальцификация жағдайлары туралы оқта-текте хабарланған, бірақ ол тек мөлдір қабықтың едәуір зақымдануы бар кейбір пациенттерге қатысты.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтке  немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

«Cантен» АҚ Қазақстандағы өкілдігі

Панфилов к-сі 98, 713 кеңсе, 050000 Алматы, Қазақстан

Телефон нөмірі – 250-39-17

Электронды пошта: santen.kaz@santen.com

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Жергілікті қолдануға арналған.

Офтальмологиялық операциядан кейін конъюнктивалық қалтаға әр 6 сағат сайын бір тамшыдан. Емдеу ұзақтығы - 7 күн. Емдеу курсын үзуге болмайды.

Бір дозаны өткізіп алған кезде емдеу әдеттегі сызба бойынша жалғастырылады.

Дәрілік препараттың көз жасы жолдарына түсуін болдырмау үшін көздің ішкі бұрышын басып тұрып, көздің сыртқы бұрышына бір тамшыдан тамызады.

 

Пациенттер қолданар алдында қолдарын жуып, құтының ұштығын көзге немесе оның айналасындағы тіндерге тигізіп алмағандары жөн, өйткені бұл көздің жарақатына әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ, пациенттерге офтальмологиялық ерітінділер дұрыс қолданылмаса, көз инфекциясын тудыруы қабілетті қарапайым бактериялармен ластануы мүмкін екендігі жайында айтылуы керек. Ластанған ерітінділерді қолдану көздің ауыр зақымдалуына және кейіннен көру қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін.

Мұрын-лакримальді окклюзия көз жасы арналары арқылы жүйелік сіңірілуін төмендетуі мүмкін.

Көзге тамызатын басқа дәрілерді бір мезгілде қолданған кезде инстилляциялар арасындағы аралық кемінде 5 минуттан кем болмауы тиіс.

Пациенттерге Дукресса™ қолданар алдында жанаспалы линзаларды алып тастау және оларды 15 минут өткеннен соң ғана қайта тағу қажет екендігі туралы айтылуы тиіс.

Әзірге Дукресса кап глаз 5мг/мл+1мг/мл 5мл №1 Тубилюкс Фарма пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады