Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Эутирокс таб. 150мкг №100 Мерк КГаА

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар №100
Белсенді зат:
Левотироксин
Фармакологиялық топ:
Қалқанша без гормондары
Элемент коды::
4022536876863
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

Эутирокс® 25 - 150 мкг:

  • қатерсіз эутиреоидты зобты емдеуде

  • операциядан кейінгі гормональді статусқа байланысты эутиреоидты зобты хирургиялық емдеуден кейін оның қайталануының профилактикасында

  • гипотиреозда орнын алмастыру емі ретінде

  • қалқанша без обырының емінде

Эутирокс® 25 – 100 мкг:

  • гипертиреозды антитиреоидты препараттармен емдегенде қатар жүргізілетін ем ретінде

Эутирокс® 100/150мкг:

 

  • тиреоидты супрессия тестін жүргізгенде диагностикалық дәрі ретінде

 

 

  • белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық

  • емделмеген бүйрекүсті безі функциясының жеткіліксіздігі

  • емделмеген гипофиз функциясының жеткіліксіздігі

  • емделмеген тиреотоксикоз

  • жүктілік кезеңінде антитиреодты дәрілермен біріктіріп қолдану

  • миокард инфарктісінде, жедел миокардитте және жедел панкардитте Эутирокс® препаратымен емдеуді бастамаған жөн

  • препарат құрамында лактоза бар, сондықтан оны галактозаның жақпауымен, Lapp лактаза ферментінің тапшылығымен немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге қолдануға кеңес берілмейді.

 

 

  • жүрек аритмиясы (мысалы, жыпылықтағыш аритмия және экстрасистолалар), тахикардия, жүректің қағуы, стенокардия

  • бас ауыру

  • бұлшықет әлсіздігі және құрысулар

  • гиперемия, қызу

  • құсу, диарея

  • етеккір оралымының бұзылуы

  • бас сүйекішілік гипертензия, тремор, мазасыздық, ұйқының бұзылуы

  • шамадан тыс терлеу

  • дене салмағының кемуі

  • аса жоғары сезімталдық реакциялары (ангионевроздық ісіну және т.б.)

 

 

Тәуліктік дозалар бір рет қабылдануы мүмкін.

Ішке қабылдау: бір тәуліктік дозаны таңертең ашқарынға таңертеңгі тамақтан 30 минут бұрын судың аздаған мөлшерімен (жарты стакан сумен) ішкен дұрыс.

Сәбилерге тәуліктік дозаны алғашқы таңертеңгі тамақтандырудан 30 минут бұрын бір қабылдауға бере-ді. Таблеткаларды суда ерітеді, алынған суспензия тағы да судың біршама мөлшерімен қабылданады. Әрбір қабылдау үшін суспензия жаңадан дайындалуы тиіс.

Пациенттерді, олардың жекелей қажеттілігінің негізінде емдеу үшін, құрамында натрий левотироксині әртүрлі мөлшерде болатын – 25-тен 150 мкг-ге дейінгі таблеткалары жеткілікті. Сондықтан әдетте па-циенттер тәулігіне не бары бір таблетка қабылдауы керек.

Дозалануы жөніндегі нұсқаулар төменде кестелерде берілген.

Тәуліктік дозасы зертханалық тестілерге және клиникалық тексеруге байланысты жекелей анықтала-ды. Пациенттердің көбісінде T4 және FT4 жоғары концентрациясы байқалатын болғандықтан, сарысу-дағы тиреотропты гормонның (ТТГ) базальді концентрациясы емдеу курсын анықтау үшін сенімдірек негізді қамтамасыз етеді.

Тиреоидты гормондармен емдеуді төмен дозадан бастап, оны орнын толық басатын дозаға жеткізілген-ге дейін әрбір 2-4 апта сайын біртіндеп арттырған жөн.

Жаңа туған нәрестелер мен туа біткен гипотиреозы бар балалар үшін, тез орнын басу емі маңызды бол-ған кезде, бастапқы ұсынылатын доза алғашқы 3 ай ішінде тәулігіне дене салмағының әр кг шаққанда 10-15 мкг құрайды. Содан кейін клиникалық нәтижелерге, ТТГ және тиреоидты гормондар деңгейлері-не байланысты дозаны түзеткен жөн.

Егде жастағы пациенттерге, жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерге, және де ауыр немесе бұ-рыннан гипотиреозы бар пациенттерге емдеуді төмен дозалардан (мысалы, тәулігіне 12,5 мкг) бастау және, тиреоидты гормондарға жиі мониторинг жасай отырып, оларды ұзақ аралықтардан кейін баяу (екі аптада бір рет дозаны тәулігіне 12,5 мкг-ге біртіндеп арттыру) арттыру қажет. Сондықтан мұндай пациенттерде, ТТГ деңгейінің толық түзелуіне әкелмейтін, толық орнын басу емін қамтамасыз етпейтін аз дозадан тағайындау қарастырылуы мүмкін.

Препаратты қолдану тәжірибесі салмағы төмен пациенттер және үлкен түйінді зобы бар пациенттер үшін төменірек дозалардың жеткілікті екендігін көрсетеді.

Көрсетілімі

Ұсынылған доза

(натрий левотироксині мкг /тәулік)

Қатерсіз эутиреоидтық зобты емдеу

75 - 200

Эутиреоидтық зобты хирургиялық емдеуден кейін қайталануының профилактикасы

75 ‑ 200

Ересектердегі гипотериозда орнын басу емі

  • бастапқы доза

  • демеуші доза

Ересектер

25 ‑ 50  100 ‑ 200 

Балалар

12.5 ‑ 50 

Дене бетінің әр м2 шаққанда 100 ‑ 150 мкг

Гипертиреозды антитиреоидтық препараттармен емдеу кезінде қатар жүргізілетін ем

50 - 100

Қалқанша без обырының супрессивті емі

150 - 300

Тиреоидтық супрессия тестін жүргізген кезде диагностикалық мақсатта қолдану

Тестіден 4 апта бұрын

Тесті-ден 3 апта бұрын

Тестіден 2 апта бұрын

Тесті-ден 1 апта бұрын

 

75

75

150 –200

150-200

Туа біткен гипотиреозды емдеуге арналған тироксиннің ұсынылатын дозасы

Жасы

Натрий левотироксинінің тәуліктік дозасы

(мкг)

Дене салмағына шаққандағы натрий левотироксинінің дозасы (мкг/кг)

0-6 айлық

25-50

10-15

6-12 айлық

50-75

6-8

1-5 жас

75-100

5-6

6-12 жас

100-150

4-5

> 12 жас

100-200

2-3

Гипотиреозда, сондай-ақ струмэктомиядан немесе тиреоидэктомиядан кейін орнын басатын демеуші ем жағдайында және эутиреоидтық зобты алып тастағаннан кейін қайталануының профилактикасында препаратты, әдеттегідей, бүкіл өмір бойы қабылдайды. Эутиреоидтық статусқа қол жеткізілгеннен кейін гипотиреозды қатар емдеу антитиреоидтық препарат қолданылатын мерзім ішінде қарастырылған.

 

Қатерсіз эутиреоидтық зобта емдеу ұзақтығы 6 айдан 2 жылға дейінді құрайды. Егер емдеу аталған кезең ішінде жеткіліксіз болса, хирургиялық араласым немесе зобты радиоактивті йодпен емдеу мүмкіндігін қарастырған жөн.

 

Әзірге Эутирокс таб. 150мкг №100 Мерк КГаА пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады