Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Монидерм мазь 1мг/г 15г Балканфарма-Разград

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Жақпа майы
Белсенді зат:
Бетаметазон
Фармакологиялық топ:
Тері ауруларын емдеуге арналған препараттар.
Элемент коды::
3800942101943
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Препаратты ересектерде және бір жастан асқан балаларда кортикостероидтарды қолдану көрсетілген дерматоздарды жергілікті емдеу үшін қолданады:

атопиялық дерматит (балалардағы атопиялық дерматитті қоса)

-нуммулярлық дерматит (дискоидты экзема)

-псориаз (кеңінен таралған түйіндақты псориазды қоспағанда)

-нейродерматоздар (оның ішінде, созылмалы қарапайым нейродермит және қызыл жалпақ теміреткі)

  • себореялық дерматит

  • жанаспалы дерматиттер (қарапайым немесе аллергиялық)

  • дискоидты қызыл жегі

  • жайылған эритродермия (жүйелі әсер ететін кортикостероидтармен кешенді ем құрамында)

  • жәндіктердің шағуына реакция.

Препарат қалың құрғақ теріге немесе қабыршақтар жапқан теріге қолданылады.

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • бастапқы вирустық, бактериялық және зеңдік аурулар (қарапайым герпес, белдемелі теміреткі, желшешек, тері мерезі және тері туберкулезі, кәдімгі безеу, қызғылт безеу - розацеа)

  • беттегі, астыңғы қабақтағы және ауыз маңындағы терінің созылмалы қабыну аурулары

  • артқы өтіс пен жыныс мүшелері аумағының қышынуы

  • қабыну белгілерінсіз қышыну

  • тері беткейлерінде қызыл, құрғақ, көтеріңкі дақтардың (түйіндақтар) түзілуімен жайылған псориаз

  • 1 жасқа толмаған балалар

  • жүктіліктің бірінші триместрі.

Жиі (1%-дан артық, бірақ 10%-дан аз пациенттерде кездеседі):

  • қолданған жердегі жергілікті күйдіру, тітіркену және қышыну, терідегі ауыру сезімдері.

Өте сирек (0,001%-дан артық, бірақ 0,01%-дан аз пациенттерде кездеседі)

  • иммунитеті қалыпты адамда ауру туғызбайтын, бірақ иммунитеті күрт төмендеген науқастар үшін өте қауіпті қоздырғыш туындатқан инфекциялар

  • жоғары сезімталдық, жайылған бөртпе

  • түрлі гормональді бұзылулар, Кушинг синдромы (ай тәрізді бетденедегі майлы қыртыстар), балаларда салмақтың артуының баяулауы/өсудің баяулауы, сүйектер тығыздығының/беріктігінің төмендеуі, глаукома, қандағы глюкозаның жоғарылауы/ несепте глюкозаның пайда болуыкөзбұршағының ішінара немесе толық бұлыңғырлануы (катаракта), қан қысымының жоғарылауысалмақтың артуы/семіздікқандағы кортизол деңгейінің төмендеуібастың немесе дененің белгілі бір аумақтарында ішінара немесе толықтай жоғалуына әкелетін шаштың патологиялық түсуі, шаштың патологиялық сынғыштығы

  • терінің атрофиялық өзгерістері, созылуы, жұқаруы, терінің әжімденуі, терінің құрғауы, терінің созылуы (стрия), әсіресе герметикалық таңғыштарды қолданғанда немесе тері қатпарларына жаққанда

  • пигментацияның бұзылуытерінің аталған бөлігіне тән емес, жынысына және/немесе жасына сәйкес келмейтін шаштың қалың өсуі, беткейлік қантамырлардың кеңеюі, аллергиялық жанаспалы дерматит, капиллярларға қан кернеуден туындаған терінің қызаруыбөртпеесекжемкөпіршіктер немесе күлдіреуіктер түрінде бөртпемен бірге псориаздың терідегі ауыр түрі, клиникалық симптоматиканың өршуі

  • қолданған жердің тітіркенуі /ауыруы.

Өте сирек/бірлі-жарым жағдайларда және т.б. (0,001%-дан аз пациентте кездеседі)

  • анық көрмеу.

Дәрілік заттың жағымсыз реакциясы туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық деректер базасына жүгіну керек (жағымсыз реакциялар бойынша ақпараттық деректер базасын көрсету)

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Монидерм жақпамайын жұқа қабатпен терінің зақымданған аймағына күніне 1-2 рет (таңертең және кешке) сәл ысқылай отырып күнделікті жағады. Оны жай-күйі жақсарғанға дейін қолдану қажет. Ең ұзақ емдеу уақыты – 4 аптадан аспайды (балаларда 5 күннен артық емес).

Жақпамайды жұмсартқыш дәрілерді күн сайын қолданумен біріктіруге болады, бірақ жұмсартқыш дәріні жағар алдында кортикостероидты гормонның теріге енуіне жеткілікті уақыт (30 минуттан кем емес) күту қажет.

Демеуші ем ретінде Монидерм жақпамайы тәулігіне бір рет немесе жай-күйге байланысты одан сирек қолданылуы тиіс. Әрі қарай, дәрігер емге түзету енгізуі мүмкін, мысалы, егер 2-4 апта емдегеннен кейін жақсармаса.

Айрықша топтағы пациенттер

Жиі қайталануы бар пациенттер

Жедел кезең аяқталғаннан кейін қол жеткізілген әсердің сақталуын қамтамасыз ету және қайталанудың алдын алу үшін дәрігер үзілісті емдеу курсын тағайындауы мүмкін (герметикалық таңғыштарды қолданбай, тәулігіне бір рет немесе аптасына екі рет). Дәрілік препарат терінің бұдан бұрын зақымдану болған барлық аймақтарына немесе қайталану жиі пайда болатын тұстарына жағылады. Әдетте Монидерм жақпамайын жұмсартқыш дәрілермен бірге қолданады.

Балалар

Балаларда жергілікті және жүйелі жағымсыз реакциялар қаупі жоғары, сондықтан да емдеу курсы 5 күннен аспауы тиіс, ең төменгі тиімді доза қолданылады және герметикалық таңғыштар қолданылмауы тиіс. Монидерм жақпамайын (бетаметазон валераты) бір жастан кіші сәбилерге қолдануға болмайды.

Егде жастағы пациенттер

Жасырақ пациенттермен салыстырғанда, егде жастағы адамдарда емге клиникалық жауапта айырмашылықтар анықталған жоқ. Бауыр және/немесе бүйрек функциясының жасқа байланысты өзгерістері болуы мүмкін, олар препараттың жүйелі сіңуі жағдайларында (терінің үлкен аймақтарына жаққанда, терінің тұтастығы бұзылғанда немесе препаратты ұзақ уақыт қолданған кезде) бетаметазон валератының шығарылуының азаюына әкелуі мүмкін. Қажетті клиникалық әсерге жету үшін, препараттың ең аз мөлшерін ең қысқа уақыт кезеңінде қолдану қажет.

Бауыр/бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Терінің ауқымды бөліктеріне ұзақ уақыт жаққан кезде препараттың уытты әсері дамуы мүмкін, сондықтан бұл жағдайда дәрігер Монидерм препаратының ең аз мөлшерін және ең қысқа қолдану мерзімін тағайындайды.

Енгізу әдісі мен жолы

Тек сыртқа қолдануға арналған (теріге).

Терінің зақымданған аймағының барлығына жақпамайды жұқа қабаттап, жеңіл ысқылай отырып жағады. Тұрақты және айқын зақымдануларда (мысалы, шынтақ пен тізе аймақтарында псориаздық түйіндақтардың қалыңдауында), әсерін күшейту үшін дәрігер бұл аумақтарға герметикалық таңғыштар салуды ұсынуы мүмкін, бірақ бір түннен аспауы тиіс. Бұдан әрі, ем жалпы нұсқаулар бойынша жалғасатын болады және жақсара бастаған кезде біртіндеп тоқтатылады. Демеуші ем ретінде әдетте жұмсартқыш дәріні қолдану ұсынылады.

 

Әзірге Монидерм мазь 1мг/г 15г Балканфарма-Разград пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады