Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Клофелин-Здоровье таб. 0.15мг №30 Здоровье

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Клонидин
Фармакологиялық топ:
Гипотензиялық препараттар.
Элемент коды::
4820044117177
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

- артериялық гипертензияда

- гипертониялық кризде

- апиындық тәуелділіктің абстинентті синдромында (кешенді ем құрамында)

 

 

 

- артериялық гипотензия

- ми қантамырларының айқын атеросклерозы

- шеткергі артериялардың бітелу аурулары (оның ішінде Рейно синдромы)

- синустық брадикардия

- синустық түйіннің әлсіздік синдромы

- AV-өткізгіштіктің бұзылуы (II және III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада )

- кардиогенді шок

- үшциклді антидепрессанттарды немесе этанолды бір мезгілде қабылдау

- депрессивті жағдайлар (оның ішінде сыртартқысында)

- бүйрек қызметінің бұзылуы

- жақында болған миокард инфарктісі

- жүректің ишемиялық ауруы

- шеткергі қанайналымының ауыр бұзылулары

- балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

- лактация кезеңі, жүктілік

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

 

 

 

- қан және лимфа жүйесі тарапынан: қанда глюкоза деңгейінің жоғарылауы

- орталық жүйке жүйесі тарапынан : сананың уақытша шатасу жағдайы, галлюцинациялар, бас ауыруы, парестезиялар, діріл, қатты шаршағыштық, әлсіздік, ұйқышылдық, психикалық және қимыл-қозғалыс реакциялары жылдамдығының баяулауы, үрейлену, ашушаңдық, депрессия, анық немесе шым-шытырық түс көру, бас айналуы, анорексия

- көру мүшелері тарапынан: көз жасы бездері секрециясының азаюы

- есту мүшелері тарапынан: құлақ маңы безінің ауыруы

- жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: ісінулер, брадикардия, ортостатикалық гипотензия, Рейно синдромы, атриовентрикулярлық блокада

- тыныс алу мүшелері, кеуде қуысы және көкірекортасы тарапынан: тыныс алудың бұзылуы, мұрынның бітелуі

- асқазан-ішек жолы тарапынан: ауыздың кеберсуі, тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы, құсу, іш қатуы, асқазан сөлінісінің төмендеуі

- тері және теріастылық тіндер тарапынан: тері бөртпесі, қышыну, аллопеция; тіл астына қабылдағанда өте сирек (гипертониялық кризде) – шырышты қабықтың ісінуі

- бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан: сұйықтықтың кідіруі, организмде судың және натрийдің кідіруіне байланысты дене салмағының жоғарылауы, несеп шығарудың кідіруі

- сүт бездері және репродуктивті жүйе тарпынан: жыныс қызметінің бұзылуы, либидо және потенцияның төмендеуі, еркектерде гинекомастия

 

 

 

Тамақ ішуге байланыссыз ішке қабылдауға тағайындайды. Дозасын қатаң түрде әр адамға жекелей таңдау керек. Препаратты тоқтатуды әрдайым біртіндеп, 1-2 апта ішінде жүргізеді.

Артериялық гипертензия. Ересектерге бастапқы дозасы 0,075 мг құрайды (клонидин препаратын осындай дозалау мүмкіндігімен қолданады), тәулігіне 2-3 рет. Қажет болса препараттың дозасын әрбір 1-2 күнде 1-2 таблеткаға дейін тәулігіне 3 рет біртіндеп арттырады. 0,3 мг –ден асатын клонидиннің бір реттік дозасы, тек ерекше жағдайларда ғана, егер мүмкін болса, стационар жағдайында тағайындалуы мүмкін.

Әдеттегі тиімді емдік дозасы 0,15 мг (1 таблетка) құрайды, тәулігіне 2-3 рет.

Ең жоғары тәуліктік дозасы 6 таблетканы (0,9 мг) құрайды.

Препараттың тиімділігі жоғары дозасында жеткіліксіз болғанда, емдеуді салуретиктермен немесе басқа да гипотензивті дәрілермен (нифедипиннен басқа) толықтырады.

Егде жастағы емделушілерге, әсіресе цереброваскулярлық аурулары білінгенде, 0,0375 мг бастапқы дозада (клонидин препаратын осындай дозалау мүмкіндігімен қолданады) тәулігіне 2-3 рет тағайындайды.

Гипертониялық криз. 1-2 таблеткадан (0,15-0,3 мг) тіл астына ( ауыз қуысының айқын құрғақтығы жоқ болғанда)тағайындайды. 

Абстинентті синдром. Тек стационар жағдайында ғана артериялық қысымды және жүректің соғу жиілігін бақылай отырып, 1-2 таблеткадан (0,15-0,3 мг) тәулігіне 3 рет, 6-8 сағат аралықпен 5-7 күн бойы тағайындайды. Жағымсыз әсерлері дамығанда дозасын біртіндеп 2-3 күн ішінде төмендетеді, одан кейін қажет болған жағдайда препаратты тоқтатады.

 

 

Әзірге Клофелин-Здоровье таб. 0.15мг №30 Здоровье пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады