Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Церрепарин 100мг №56таб Лабораториос Нормон С.А.

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар
Белсенді зат:
Цилостазол
Фармакологиялық топ:
Антикоагулянттар.
Элемент коды::
5060555710118
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- қозғалмаған кезде ауырмайтын және шеткері тіндердің некрозының белгілері (Фонтейн жіктемесі бойынша ІІ сатыдағы шерткері артериялар аурулары) жоқ, мезгіл-мезгіл ақсаңдайтын пациенттерде ең үлкен жүріп өтетін қашықтықты және ауырусыз жүріп өтетін қашықтықты арттыру үшін.

- өмір сүру салтын өзгерту (шылым шегуді тоқтатуды және бақылаумен жүргізілетін физикалық оңалдыру бағдарламасын қоса) және мезгіл-мезгіл ақсақтық симптомдарын жеңілдету үшін басқа да араласымдар жеткіліксіз болып шыққан, мезгіл-мезгіл ақсаңдайтын пациенттерде екінші қатарлы ем ретінде.

- цилостазолға немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі ≤ 25 мл/мин)

- бауыр функциясының орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі

- қан кетулерге бейімділік (мысалы, асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруының өршу сатысы), жуық арада (соңғы 6 ай ішінде) болған геморрагиялық инсульт, пролиферациялық диабеттік ретинопатия, нашар бақыланатын артериялық гипертензия)

- жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі

- анамнезде қарыншалық тахикардияның, қарыншалар фибрилляциясының немесе политопты қарыншалық экстрасистолияның болуы (аритмияға қарсы адекватты емнің болуынан немесе жоқтығынан тыс)

- QT аралығының ұзаруы

- анамнезде ауыр тахиаритмияның болуы

- тұрақсыз стенокардия немесе миокард инфарктісі (соңғы 6 ай ішінде), коронарлы артериялардағы инвазиялық араласым (соңғы 6 ай ішінде)

- екі немесе одан көбірек қосымша антиагреганттық немесе антикоагулянттық дәрілік заттарды (мысалы, ацетилсалицил қышқылын, клопидогрелді, гепаринді, варфаринді, аценокумаролды, дабигатранды, ривароксабанды немесе апиксабанды) бір мезгілде қабылдау

- жүктілік және емшек емізу кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Өте жиі

- бас ауыру

- диарея, нәжістің бұзылуы

Жиі

- экхимоз

ісінулер (шеткері ісінулер, беттің ісінуі), анорексия

бас айналу

жүректің қағуы, тахикардия, стенокардия, аритмия, қарыншалық экстрасистолалар

көзге қан құйылулар, асқазан-ішектің қан кетулер

- ринит, фарингит

- бөртпе, қышыну

- кеуденің ауыруы, астения

- жүректің айнуы, құсу, диспепсия, метеоризм, іштің ауыруы

Жиі емес

- анемия

- аллергиялық реакциялар

- гипергликемия, қант диабеті

- мазасыздық, ұйқысыздық, ұйқының бұзылуы (әдеттен тыс түс көрулер)

- миокард инфарктісі, жүрекшелердің фибрилляциясы, жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі, қарыншаүстілік тахикардия, қарыншалық тахикардия, синкопальді жағдай

 

- ысынулар, артериялық гипертензия, артериялық гипотензия, бассүйекішілік қан құйылу, өкпеден қан кету, бұлшықетішілік гематомалар, тыныс алу жолдарынан қан кету, тері астына қан құйылу

- ентігу (диспноэ), пневмония, жөтел

- гастрит

- экзема, тері бөртпелері, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, есекжем

- миалгия

- қалтырау, дімкәстік

Сирек

- қан кету уақытының артуы, тромбоцитоз

- бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының бұзылуы

Жиілігі белгісіз:

- қан кетулерге бейімділік, тромбоцитопения, гранулоцитопения, агранулоцитоз, лейкопения, панцитопения, апластикалық анемия

- парез, гипестезия

- конъюнктивит

құлақтағы шуыл

- интерстициальді пневмония

- гепатит, бауыр функциясы көрсеткіштерінің қалыпты мәндерден ауытқуы, сарғаю

- гематурия, поллакиурия

- гипертермия, ауыру

- қанда несеп қышқылы мөлшерінің жоғарылауы, қанда мочевина мөлшерінің жоғарылауы, қанда креатинин мөлшерінің жоғарылауы

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Цилостазолдың ұсынылатын дозасы тәулігіне екі рет 100 мг құрайды.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Цилостазолды тамақ ішуден 30 минут бұрын қабылдау керек. Цилостазолды тамақтану кезінде қабылдағанда қан плазмасында препараттың ең жоғары концентрациясының (Cmaxартуы білінеді, бұл жағымсыз құбылыстар санының жоғарылауымен астасуы мүмкін.

 

Емдеу ұзақтығы

Цилостазолмен емдеуді мезгіл-мезгіл ақсақтықты емдеу тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен бастау керек. Дәрігер пациенттің жағдайына 3 ай емдегеннен кейін қайталап баға беруі тиіс. Егер цилостазолмен емдеу адекватты әсер бермесе, немесе мезгіл-мезгіл ақсақтық симптомдары айқындылығының азаюы байқалмаса, цилостазол қолдануды тоқтату және емдеудің басқа әдістерін қарастыру керек.

Цилостазолмен ем қабылдап жүрген пациенттер өмір сүру салтын өзгерту жөніндегі нұсқауларды (шылым шегуден бас тарту, дене жаттығулары) орындауы және жүрек-қантамырлық асқынулар қаупін азайтуға бағытталған дәрі-дәрмектік ем (гиполипидемиялық және антиагреганттық дәрілік заттарды қабылдау) қабылдауды жалғастыруы тиіс. Цилостазол аталған емдеуді алмастырушы болып табылмайды.

Цилостазолды пациенттердің ерекше топтарында қолдану

Егде жас

Егде жастағы пациенттерде цилостазолдың дозасын өзгертуге арнайы талаптар жоқ.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі > 25 мл/мин пациенттерде дозаны өзгерту қажет емес. Цилостазолды креатинин клиренсі < 25 мл/мин пациенттерге қолдануға болмайды.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының жеңіл жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны өзгертудің қажеті жоқ. Бауыр функциясының орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде цилостазолды қолдану жөнінде деректер жоқ. Цилостазол бауырдың микросомальді тотығу ферменттерімен елеулі дәрежеде метаболизденетін болғандықтан, препаратты бауыр функциясының орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдануға болмайды.

CYP3A4 немесе CYP2C19 күшті тежегіштерін бір мезгілде қабылдау

CYP3A4-ке күшті бөгеттеуші әсер ететін препараттарды (мысалы, кейбір макролидтер), немесе CYP2C19-ға күшті бөгеттеуші әсер ететін препараттарды (мысалы, омепразол) қабылдап жүрген пациенттерде цилостазолдың дозасын тәулігіне екі рет 50 мг-ге дейін азайту керек.

Әзірге Церрепарин 100мг №56таб Лабораториос Нормон С.А. пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады