Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Ритазум таб. 10мг №6 Лабораториос Лесви, С.Л.

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Дисперленетiн таблеткалар
Белсенді зат:
Ризатриптан
Фармакологиялық топ:
Шығу тегі әртүрлі неврологиялық ауруларда
Элемент коды::
8460006957241
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- бас сақинасы ұстамалары (ауралы немесе аурасыз) кезінде ересектердегі қатты бас ауыруында.

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- антидепрессанттармен (МАО тежегіштеріменбір мезгілде қолдану немесе оларды қабылдауды тоқтатқаннан ке-йін екі апта бойы қолдану

- бауыр аурулары, бүйрек жеткіліксіздігі

алдыңғы транзиторлы ишемиялық шабуыл немесе ми қан айналымының бұзылуы

қан қысымының жоғарылауы

- жүрек қантамырлары жолының тарылуы, анамнездегі стенокардияны, миокард инфарктісін немесе диагностика-ланған симптомсыз ишемияны қоса, ишемиялық жүрек ауруының белгілері мен симптомдары болуы, жүрек тамырларының түйілуіне (Принцметалл стенокардиясы) байланысты өздігінен болатын стенокардия

- шеткері тамырлар аурулары

қастауыш алкалоидтары туындыларымен (эрготамин, метисергид) немесе әсер ету механизмі осыған ұқсас басқа да препараттармен бір мезгілде қолдану

тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галакто-за мальабсорбциясы, фенилкетонурия (фенилаланин амин қышқылы алмасуының бұзылуы)

балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.

Жиі (1%-дан артық, бірақ 10%-дан кем пациентте кездеседі):

- бетке қан тебу, тіндердің жергілікті тығыздалуы, ұйқысыздық

- бас айналу, ұйқышылдық, күйдіру, шаншу, жыбырлату сезімдерімен сезімталдық бұзылыстары, тері сезімталдығының төмендеуі, бас ауыруы, көру жітілігінің төмендеуі

жүректің соғуы, тамақтағы жайсыздық

жүрек айнуыауыздың құрғап кетуі, құсу, диарея, диспепсия (іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы немесе жайсыздығы)

қажу/шаршауіштің, кеуденің ауыруы.

Жиі емес ( 0,1%-дан артық, бірақ 1%-дан кем пациентте кездеседі):

бағдардан жаңылу, күйгелектіккөрудің нашарлауы

-түрлі бұлшықет қозғалысы үйлесімділігінің бұзылуы, бас айналуыестен танужағымсыз дәм, тремор (өздігінен болмайтын діріл)

-артериялық қысымның жоғарылауыжүрек ырғағының бұзылуыжүрек соғуының жиілеуі

ентігу, шөлдеу

- қышыну, есекжем (терідегі кенеттен шыққан бөртпелер), беттің, тілдің, жұтқыншақтың ісінуі (Квинке ісінуі), бөртпетершеңдікәртүрлі дене бөліктері қимылының шектелуібұлшықет әлсіздігібеттің ауыруыбұлшықет ауыруықан кернеулер.

Сирек (0,01%- дан артық, бірақ 0,1% -дан кем пациентте кездеседі)

кенеттен болатын, ауыр аллергиялық реакциялар (кейде өмірге қауіпті)

- ми қан айналымының бұзылуы (осы жағымсыз реакциялардың көпшілігі ишемиялық жүрек ауруының даму қаупі факторлары бар пациенттерде тіркелген), жүректің сирек соғуы

 

- шулы тыныс алу (қырыл).

Жиілігі белгісіз

- кейбір дәрілік препараттардың салыстырмалы үлкен дозаларын қабылдауға организмнің өлімге әкеп соқтыратын қауіпті реакциясы (серотонинді синдром), құрысулар

-жүрек бұлшықетінің қанмен қамтылуының бұзылуы (миокард инфарктісін қоса)

- шеткері тамырлардағы қалыпты қан ағымының бұзылуы

- ішектегі қан айналымының бұзылуына байланысты жуан ішектің қабынуы (артериялардың тарылуына байланысты)

- терінің жоғарғы қабатының қабылданбай ажырауымен терінің тез үдемелі ауыр зақымдануы (уытты эпидермальді некролиз).

Болжамды дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтке жүгіну немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (іс-қимылдар) бойынша ақпараттық деректер базасына хабарлама жіберу қажет.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

18 жастан асқан ересектер: ұсынылатын доза 10 мг.

Қайта қолдану: екі дозаны қабылдау арасындағы аралық 2 сағаттан кем болмауы тиіс; 24 сағат ішінде 2 доза-дан (10 мг-ден 2 таблетка) артық қабылдауға болмайды.

 Келесі 24 сағат ішінде қайталанатын бас ауыруында

Егер бас сақинасының бірінші ұстамасын басқаннан кейін бас ауыруы қайта білінсе, қайталанатын дозаны қабыл-дауға болады. Қолданған кезде көрсетілген шектеулерді қадағалау қажет.

  • Емдеуге жауап болмағанда

Бірінші дозаны қабылдауға жауап болмағанда дәл сол ұстаманы емдеу үшін препараттың екінші дозасын қабыл-дауға болмайды.

 

Кейбір пациенттерге Ритазум препаратының аз дозасын - 5 мг қабылдау ұсынылады, атап айтқанда

 пропранолол қабылдайтын пациенттерге ризатриптан қабылдауды пропранолол қабылдаудан кейін кемінде 2 сағатқа шегеру қажет;

• бүйрек жеткіліксіздігінің жеңіл немесе орташа дәрежесіндегі пациенттерге;

• бауыр жеткіліксіздігінің жеңіл немесе орташа дәрежесінде.

Айрықша топтағы пациенттер

Балалар: ризатриптанның қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған және Ритазум препаратын балалар мен 18 жас-қа толмаған жасөспірімдерге қолдануға ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттер: 65 жастан асқан пациенттерде ризатриптан қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.

Енгізу әдісі мен жолы

Ритазум таблеткаларын тілге қойып, артынан ол толық еріген соң жұту қажет. Ауызда ұсақталатын таблеткаларды сұйықтықсыз, соның ішінде ас ішумен немесе таблеткаларды сұйықтықпен қабылдаумен қатар жүретін жүрек айну мен құсу профилактикасында қолдануға болады.

Әзірге Ритазум таб. 10мг №6 Лабораториос Лесви, С.Л. пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады