Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Симбикорт Рапихалер аэр 160/45мкг/доза №1 Астра Зенека

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
аэрозоль
Белсенді зат:
Будесонид, формотерол фумарат дигидрат
Фармакологиялық топ:
Тыныс жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар
Элемент коды::
2000994084978
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

- бронх демікпесінде демеуші ем ретінде және ұстамаларды басу үшін

- ұзақ әсер ететін бронходилататорлармен емдеуге қарамастан, қайталамалы өршулері бар ауыр дәрежелі өкпенің созылмалы обструкциялық ауруында симптоматикалық ем ретінде

 

 

 

- будесонидке, формотеролға немесе лактозаға жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балаларға

 

 

 

Симбикорт® Турбухалер® құрамында будесонид те, формотерол да бар болғандықтан аталған заттардың әрқай-сысына тән хабарланған жағымсыз құбылыстардың дәл сол ау-қымы байқалуы мүмкін. Препарат қабылдаумен байланысты ең жиі жағымсыз реакциялар тремор және жүректің жиі соғуы сияқты 2-адреномиметиктерге тән фармакологиялық күтілімді қолайсыз құбылыстар болып табылады. Симптомдар, әдетте, орташа айқынды-лық дәрежесінде болып, емдеу басталғаннан кейін бірнеше күн өткенде басылады.

Жиі

- бас ауыру

- жүрек қағу

- тремор

- ауыз қуысы мен жұтқыншақ шырышты қабығының кандидоздары

- жөтел, сырыл, тамақтың сәл тітіркенуі

Жиілігі аз

- тахикардия

- жүрек айну

- бұлшықет құрысулары

- психомоторлық қозу, үрейлену, мазасыздық, бас айналу, ұйқының бұзылуы

- қанталаулар

Сирек

- экзантема, есекжем, қышыну, дерматиттер, ангиоэдема, анафилактикалық реакция, ангионевротикалық ісіну

- парадоксты бронх түйілу

- гипокалиемия

- жүрекшелер фибрилляциясы, суправентрикулярлы тахикардия, экстрасистолиялар

Өте сирек

- гипергликемия

- Кушинг синдромы, бүйрек үсті бездері қызметінің бәсеңдеуі, бой өсуінің баяулауы, сүйек тіні минералдық тығыздығының төмендеуі

- катаракта, глаукома

- депрессия, мінез-құлықтың бұзылуы (ең алдымен, балаларда)

- дәм сезудің нашарлауы

- стенокардия, QTс аралығының ұзаруы, артериялық қысымның ауытқулары

 

 

 

Бронх демікпесі

Симбикорт® Турбухалер® емін тағайындаудың екі жолы бар:

А. Симбикорт® Турбухалер® ұстамаларды басу үшін қысқа әсер ететін бөлек 2-адрено-стимулятормен біріктіріліп, тұрақты демеуші ем ретінде тағайындалады.

В. Симбикорт® Турбухалер® тұрақты демеуші ем ретінде де, симптомдары білінгенде ұстамаларды басу үшін де тағайындалады.

А. Демеуші емге арналған Симбикорт® Турбухалер®

Ұстамаларды басу үшін емделуші қысқа әсер ететін 2-адреностимулятор бар бөлек инга-ляторды үнемі өзінде ұстауы қажет.

Ересектер (18 жас және одан үлкен): 80/4,5 мкг/доза және 160/4,5 мкг/доза Симбикорт® Турбухалер®: тәулігіне екі рет 1-2 ингаляция. Қажет болса, дозаны тәулігіне екі рет 4 ин-галяцияға дейін көбейтуге болады.

Жасөспірімдер (12-17 жас): 80/4,5 мкг/доза және 160/4,5 мкг/доза Симбикорт® Турбуха-лер®: тәулігіне екі рет 1-2 ингаляция.

6 жастан асқан балалар: 80/4,5 мкг/доза Симбикорт® Турбухалер®: тәулігіне екі рет 1-2 ингаляция.

Препаратты тәулігіне екі рет қабылдағанда бронх демікпесі симптомдарының оңтайлы ба-қылануына жеткеннен кейін, дәрігер пікірі бойынша, емделушіге ұзақ әсер ететін бронхо-дилятатормен біріктірілген демеуші ем қажет болатын жағдайларда препаратты күніне бір рет қабылданатын ең аз тиімді дозаға дейін азайту ұсынылады. Қысқа әсер ететін 2-адре-ностимуляторлар пайдалану жиілігін көбейту аурудың жалпы бақылануының нашарлау көрсеткіші болып табылады және демікпеге қарсы емді қайта қарауды талап етеді.

В. Демеуші емге және ұстамаларды басуға арналған Симбикорт® Турбухалер®

Симбикорт® Турбухалерді® тұрақты демеуші ем ретінде де, ұстамалардың пайда болуына қарай қажет болатын ем ретінде де тағайындауға болады. Емделуші ұстамаларды басу үшін Симбикорт® Турбухалерді® үнемі өзінде ұстау қажет.

Симбикорт® Турбухалер® демеуші ем ретінде және ұстамаларды басу үшін, әсіресе:

- бронх демікпесінің бақылануы жеткіліксіз және ұстамаларды басуға арналған препарат-тарды жиі пайдалануы қажет;

- сыртартқысында медициналық араласуды талап ететін бронх демікпесінің өршулері бар емделушілерге көрсетілген.

Ұстамаларды басу үшін ингаляциялардың көп мөлшерін пайдаланатын емделушілердегі дозаға тәуелді жағымсыз әсерлерді мұқият бақылау қажет болады.

Ересектер (18 жас және одан асқан): 80/4,5 мкг/доза және 160/4,5 мкг/доза Симбикорт® Турбухалер® демеуші ем ретінде тәулігіне 2 ингаляциядан ұсынылады: таңертең және кешке 1 ингаляциядан немесе тек таңертең немесе тек кешкілік 2 ингаляциядан. Кейбір емделушілер үшін 160/4,5 мкг/доза Симбикорт® Турбухалер® препаратының 2 ингаляциясын тәулігіне екі рет демеуші ем ретінде тағайындауға болады. Симптомдар білінгенде 1 қосымша ингаляция тағайындалу қажет. Симптомдар бірнеше минут ішінде әріқарай ұл-ғайғанда тағы 1 қосымша ингаляция тағайындалады, бірақ 1 ұстаманы басу үшін 6 инга-ляциядан көп емес.

Әдетте тәулігіне 8 ингаляциядан артық тағайындау қажет емес, дегенмен онша ұзақ емес уақытқа ингаляциялар санын тәулігіне 12-ге дейін көбейтуге болады. Тәулігіне 8 ингаля-циядан артық алатын емделушілерге емді қайта қарау үшін медициналық жәрдемге жүгінуге кеңес берілген.

Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы

Ересектер: тәулігіне екі рет 160/4,5 мкг/доза Симбикорт® Турбухалердің® 2 ингаляциясы.

Емделушілердің ерекше топтары: егде жастағы емделушілер үшін препарат дозасын ар-найы таңдау қажеттілігі жоқ. Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде Сим-бикорт® қабылдау жөнінде деректер жоқ. Будесонид пен формотерол, ең алдымен, бауыр метаболизмінің қатысуымен шығарылатындықтан, ауыр сипатты бауыр циррозы бар емде-лушілерде препараттың шығарылу жылдамдығының баяулауын күтуге болады.

6 жасқа дейінгі балалар:

Симбикорт® Турбухалер® 6 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмаған.

Симбикорт® Турбухалерді® дұрыс қолдану үшін қажетті шаралар:

- Турбухалер® қолдану жөніндегі нұсқаулықты ұқыпты меңгеру

- препараттың ұтымды дозасының өкпеге түсуі кепілді болу үшін мүштек арқылы мықтап әрі терең демалу

- мүштек арқылы ешқашан дем шығармау

- ауыз қуысы мен жұтқыншақтың шырышты қабығы кандидозының даму қаупін кеміту үшін әрі демеуші дозалар ингаляциясынан, әрі белгілерді басуға арналған ингаляциядан кейін ауызды сумен шаю.

Емделуші Симбикорт® Турбухалер® пайдаланғаннан кейін препаратты сезінбеуі немесе дәмін сезбеуі мүмкін, оны жеткізілетін заттың аз мөлшерінен-ақ білуге болады.

 

 

Әзірге Симбикорт Рапихалер аэр 160/45мкг/доза №1 Астра Зенека пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады