Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Мезакар SR 400мг №50табл Кусум Хелткер (карбамазепин)

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар
Белсенді зат:
Карбамазепин
Фармакологиялық топ:
Эпилепсияға қарсы препараттар
Элемент коды::
8906002059751
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

  • эпилепсия: қарапайым парциальді ұстамалар (фокальді ұстамалар); күрделі парциальді ұстамалар (психомоторлық ұстамалар); негізінен фокальді тектегі жайылған ұстамалар (ұйқы кезіндегі жайыл-ған ұстамалар, диффузиялық жайылған ұстамалар); эпилепсияның аралас түрлері

  • үшкіл жүйке невралгиясы

  • тіл-жұтқыншақ жүйкесінің идиопатиялық невралгиясы

  • алкогольді абстинентті синдром кезіндегі құрысу ұстамаларының дамуын болдырмау (сақтандыру: алкогольді абстинентті синдром кезіндегі құрысу ұстамаларының дамуын болдырмау үшін МЕЗАКАР стационар жағдайларында ғана қолданылады)

 

 

- 1 жасқа дейінгі балалар

- сүйек кемігінің зақымдануында

- жүрекке қозу өткізудің бұзылуларында (атриовентрикулярлық бөгеліс)

- әсер етуші затқа, депрессияға қарсы үш циклды дәрілерге немесе препараттың құрамдас бөліктерінің біреуіне жоғары сезімталдықта

- жедел ауыспалы порфирияда (белгілі бір тұқым қуалаған порфириндер алмасудағы ақау)

- литий препараттарымен бір мезгілде қолдануға болмайды

МЕЗАКАР® жаңа ұстамаларға түрткі болуы немесе олардың бұрыннан бар арнаулы түрлерін (абсанстар деп аталатын) күшейтуі мүмкін екендіктен, оны ұстамалардың осы түрлерінен зардап шегетін науқастарға тағайындау ұсынылмайды

- МАО тежегіштерімен бір мезгілде қолдануға болмайды. МАО тежегіштерімен жүргізілетін емді МЕЗАКАР® препаратымен емдеу басталғанша 14 күннен кешікпей тоқтатады.

Емнің қатері мен күтілетін оңды әсерін мұқият салыстырғаннан кейін ғана, сондай-ақ тиісті сақтандыру шаралары қадағаланғанда МЕЗАКАРДЫ® қан түзу ағзаларының ауруларында (гематологиялық аурулар), жүрек, бауыр мен бүйрек қызметінің ауыр бұзылуларында («Жағымсыз әсерін» және «Қолдану тәсілі жә-не дозаларын» қараңыз), натрий алмасу бұзылғанда қолдануға болады.

 

Егде жастағы науқастарға МЕЗАКАР® аз дозаларда тағайындалады.

 

 

Байқалған жағымсыз әсерлері біріктіріп емдеу кезінде монотерапия кезіндегіден жиірек пайда болды. Дозасына қарай және негізінен емдеудің басында белгілі бір жағымсыз әсерлер туындауы мүмкін.

- ОЖЖ жағынан

Жиі:

- ұйқышылдық, бас айналу, жалпы әлсіздік, жүріс-тұрыстың және қимыл-қозғалыстың бұзылуы (мишық атаксиясы) және бас ауырулар. Егде жастағы науқастарда сананың шатасуы және мазасыздық дамуы мүмкін

Бірлі-жарым жағдайларда:

- депрессиялық нашар көңіл-күй, озбыр мінез-құлық, ойлау тежелісі, құштарлықтың сарқылуы, сондай-ақ қабылдау бұзылыстары (елестеулер) және құлақтың шуылдауы. МЕЗАКАР® препаратымен емдел-генде латентті психоздар белсенділенуі мүмкін

- суицидтік ойлар мен әрекеттер

Сирек:

- мысалы, ірі ауқымдағы діріл, бұлшықеттердің жиырылуы немесе көз алмасының тартуы (нистагм) си-яқты еріктен тыс қимылдар. Одан басқа, егде жастағы және ми зақымданулары бар науқастарда жақ-сүйек-бет аумағында тыржыңдау (жақсүйек-бет дискинезиялары) түрінде болатын еріктен тыс қимыл-дар, айналмалы қозғалыстар (хореоатетоз) болуы мүмкін. Сөйлеудің бұзылуы, жалған түйсіктер, бұл-шықеттер әлсіздігі, жүйкелердің қабынуы (шеткергі неврит), сондай-ақ аяқтардың салдану көріністері (парездер) және дәм сезіну бұзылыстарының жекелеген жағдайлары жөнінде хабарланған.

Осы құбылыстардың көпшілігі 8-14 күннен соң немесе дозаны уақытша азайтудан кейін өздігінен жоға-лып кетеді. Сондықтан емдеуді төмен дозалардан бастап, сосын оларды біртіндеп арттырумен МЕЗАКАР дозасын абайлап іріктейді.

- Көру мүшелері тарапынан

Жекелеген жағдайларда:

- кейде көз аккомодациясының бұзылуларына ұласатын конъюнктивиттер, көздегі қосарлану, көрудің бұлдырауы. Көз бұршағының тұмандану жағдайлары жөнінде хабарланды.

Глаукомамен науқастарға көзішілік қысымды ұдайы өлшеу қажет.

- Тірек-қимыл жүйесі жағынан

Бірлі-жарым жағдайларда:

- буындар мен бұлшықеттердің ауыруы (артралгиялар, миалгиялар), сондай-ақ бұлшықеттердің түйілуі. Бұл құбылыстар дәрі-дәрмек қабылдауды тоқтатқаннан кейін жоғалды.

Тері және шырышты қабық тарапынан

- мысалы, есекжем (уртикария), терінің қышынуы, кейде ірі жалпақтанған немесе қабыршақтанған тері қабынулары (эксфолиативті дерматит, эритродермия), көпіршіктер түзілуімен терінің үстіңгі бөліктерінің некрозы (Лайелл синдромы), жарыққа сезімталдық (фотосенсибилизация), дақтар түріндегі және түйіндер түзілетін полиморфтық бөртулері, геморрагиялары (экссудаттық көп түрлі эритема, түйінді эритема, Стивенс-Джонсон синдромы) бар терінің қызаруы, теріге петехия тәрізді қан құйылу және қызыл жегі (диссеминацияланған қызыл жегі) сияқты қызбамен немесе онсыз аллергиялық тері реакциялары

Сирек жағдайларда:

- алопеция

- диафорез

- Қан және лимфа жүйесі жағынан

МЕЗАКАР® препаратымен емделгенде болатын жоғары сезімталдық реакцияларына орай, одан басқа, мынадай қан көрінісінің бұзылулары болуы мүмкін: шеткергі қанда лейкоциттер (лейкопения) немесе тромбоциттер (тромбоцитопения) санының азаюы немесе көбеюі (лейкоцитоз, эозинофилия). Әдебиет деректері бойынша, лейкопенияның қатерсіз түрі бәрінен жиірек пайда болады (шамамен 10% жағдайда  уақытша, ал 2% жағдайда  тұрақты).

Өте сирек:

- агранулоцитоз, анемияның басқа түрлерімен (гемолитикалық, мегалобласттық) қатар болатын апластикалық анемия, көкбауыр мен лимфа түйіндерінің ұлғаюы.

Лейкопения (бәрінен жиі нейтропения), тромбоцитопения, терідегі аллергиялық бөртулер (экзантемалар) және қызба пайда болғанда МЕЗАКАР® тоқтатылады.

- Асқазан-ішек жолы тарапынан

- тәбеттің төмендеуі

- ауыздың кеберсуі

- жүрек айну және құсу

Сирек:

- іш өту

- іш қату

Бірлі-жарым жағдайларда:

- іштің ауыруы

- стоматит, гингивит, глоссит, панкреатит. Бұл құбылыстар 8-14 күн емделгеннен кейін немесе препарат дозасын азайтқан соң өздігінен өтеді. Олардан біртіндеп арттырылатын препараттың төмен дозаларын бастапқы тағайындаумен сақтануға болады.

- Бауыр және өт шығару жолдары жағынан

Кейде:

- бауырдың функционалдық сынамалары көрсеткіштерінің өзгерістері

Кейбір жағдайларда:

- сарғаю

Бірлі-жарым жағдайларда:

- гепатиттің әр алуан түрлері (холестатикалық, гепатоцеллюлярлы, гранулёматозды, аралас).

- Гормон, су және тұз алмасу тарапынан

Жекелеген жағдайларда:

- гинекомастия, галакторея

МЕЗАКАР®, әсіресе, оны эпилепсияға қарсы өзге дәрілермен біріктіргенде қалқанша без қызметінің параметрлеріне (трийодтиронин, тироксин, тиреотропты гормон және бос тироксин) әсер ете алады.

МЕЗАКАРДЫҢ® организмнен несептің шығарылуын азайтатын әсеріне (диурезге қарсы әсері) орай, бірлі-жарым жағдайларда құсумен, бас ауырумен және сананың шатасуымен қатар жүретін қан сарысуындағы натрий мөлшерінің төмендеуі (гипонатриемия) білінеді.

Денеге салмақ қосу мен ісінулер пайда болған жекелеген жағдайлар байқалды.

МЕЗАКАР® қан сарысуында кальций деңгейін төмендетуі мүмкін. Бірлі-жарым жағдайларда бұл сүйектердің жұмсарып кетуіне әкеледі (остеомаляция).

- Тыныс алу ағзалары тарапынан

Жекелеген жағдайларда:

- қызбамен, ентігумен (диспноэ), өкпе қабынуымен және өкпе фиброздарымен қатар жүретін өкпенің препаратқа жоғары сезімталдық реакциялары.

- Несеп-жыныс жолы жағынан

Сирек:

- несепте ақуыз мөлшерінің көбеюімен көрініс беретін бүйрек қызметінің бұзылуы (протеинурия)

- гематурия

- олигурия

Бірлі-жарым жағдайларда:

- бүйрек жеткіліксіздігі, жыныстық бұзылыстар

- Жүрек-қантамыр жүйесі жағынан

Өте сирек:

- негізінен егде жастағы адамдарда немесе жүрек қызметі бұзылған науқастарда жүректің жиырылу жиілігінің төмендеуі (брадикардия), жүрек ырғағының бұзылуы, сондай-ақ жүректің коронарлық ауруының нашарлауы болуы ықтимал.

Сирек:

- жүрекке қозу өткізудің бұзылуы (атриовентрикулярлық бөгеліс)

Бірлі-жарым жағдайларда:

- естен тану

Жекелеген жағдайларда:

- қан қысымы қатты төмендейді немесе көтеріледі. Артериялық қысым негізінен препаратты жоғары дозаларда қолданған кезде түсіп кетеді.

- васкулит, тромбофлебит және тромбоэмболия.

- Жоғары сезімталдық реакциялары

Сирек:

- әртүрлі біріктірілімдерде пайда болатын, сондай-ақ үдеріске басқа ағзаларды, мысалы өкпе, бүйрек, ұйқы безі және миокардты тартатын қызбамен, тері бөртпесімен, тамырлардың қабынуымен, лимфа түйіндерінің үлкеюімен, буындардың ауыруымен, шеткергі қандағы лейкоциттер санының өзгеруімен, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюымен, бауырдың функционалдық сынамасы көрсеткіштерінің өзгеруімен қатар жүретін препаратқа жоғары сезімталдықтың баяулаған реакциялары.

Бірлі-жарым жағдайларда:

- жедел жайылған реакция және миоклониялары мен эозинофилиясы бар ми қабығының асептикалық қабынуы.

Ауыр аллергиялық реакциялар дамығанда МЕЗАКАР® бірден тоқтатылады.

Қан көрінісінің белгілі бір өзгерістері (лейкопения, көбіне нейтропения, тромбоцитопения), терідегі аллергиялық бөртулер (экзантемалар) және қызба пайда болғанда МЕЗАКАР® тоқтатылады.

 

Егде жастағы науқастарға МЕЗАКАР® едәуір төмен дозаларда тағайындалады.

 

 

МЕЗАКАР® препаратымен емдеуді абайлап бастайды, аурудың сипаты мен ауырлығына қарай, оны әр науқас үшін жекеше төмен дозаларда тағайындайды. Сонан соң дозаны ең тиімді демеуші дозаға жет-кенше баяу арттырады. Науқас үшін препараттың оңтайлы дозасы, әсіресе, біріктірілген ем кезінде оның қан плазмасындағы деңгейі бойынша анықталады. Қан плазмасындағы карбамазепиннің емдік концентрациясы, жинақталған тәжірибе айғақтағандай, 4-12 мкг/мл құрайды.

Бір эпилепсияға қарсы дәріні МЕЗАКАРҒА® ауыстыруды бұрын қолданылған препарат дозасын азай-тумен біртіндеп жүргізу қажет. Егер мүмкін болса, эпилепсияға қарсы дәріні тек монотерапия үшін қолданады. Емдеу ағымына дәрігер-маманның бақылауы орнатылады.

Дозалардың жалпыға ортақ ауқымы тәулігіне 400-1200 мг МЕЗАКАР® құрайды, олар күніне 1-2 бір рет-тік дозаға бөлінеді. 1200 мг құрайтын жалпы тәуліктік дозасынан асырудың мәні жоқ. Ең жоғары тәу-ліктік доза 1600 мг-ден аспауы тиіс, өйткені жоғары дозалары жағымсыз әсерлер санының көбеюіне ықпалын тигізеді.

Жекелеген жағдайларда емдеуге қажетті доза ұсынылған бастапқы және демеуші дозалардан едәуір ауытқуы мүмкін (мысалы, бауырдың микросомалық ферменттерінің индукциясына немесе біріктірілген ем кезінде дәрілік заттардың өзара әрекеттесуіне орай жеделдетілген метаболизмі нәтижесінде).

Дәрігердің арнаулы нұсқауларынсыз препарат қолданудың мынадай бағдарлы сызбасы басшылыққа алынады.

Құрысуға қарсы емдеу.

Ересектерде тәулігіне 200-400 мг (1-2 таблетка) құрайтын бастапқы дозаны тәулігіне 800-1200 мг-ге (4-6 таблетка) теңесетін демеуші дозаға дейін баяу арттырады.

Мынадай дозалау сызбасы ұсынылады:

Бастапқы доза Демеуші доза

Ересектерге тағайындалады

тәулігіне 1 рет тәулігіне 3 рет

1 таблеткадан. 1-2 таблеткадан.

Стационар жағдайларында алкогольді абстинентті синдром кезіндегі құрысу ұстамаларының дамуынан сақтандыру.

Орташа тәуліктік доза 600 мг құрайды, ол күніне 3 бір реттік дозаға бөлінеді. Ауыр жағдайларда бұл дозаны алғашқы күндері 1200 мг-ге дейін (тәулігіне 3 рет 2 таблеткадан) арттыруға болады.

МЕЗАКАРДЫ® маскүнемдік елес ауруында седативті-гипноздық дәрілермен біріктіруге болмайды. Клиникалық талаптарға сәйкес, бірақ қажет болса, МЕЗАКАРДЫ® алкогольді абстиненцияны емдеу үшін қолданылатын өзге заттармен біріктіруге болады.

Емдеу кезінде қан плазмасындағы МЕЗАКАР® мөлшерін ұдайы бақылау қажет.

Үшкіл жүйке невралгиясы, тіл-жұтқыншақ жүйкесінің идиопатиялық невралгиясы.

Бастапқы доза тәулігіне 200-400 мг құрайды, ол күніне 1-2 бір реттік дозаға бөлінеді. Бұл дозаны, ауы-ру толық жоғалып кеткенше, тәуліктік орташа 400-800 мг-ге дейін жеткізе арттырады, ол күніне 2-4 бір реттік дозаға бөлінеді. Бұдан кейін науқастардың белгілі бір бөлігінде емдеуді едәуір төмен демеуші до-зада жалғастыруға болады, ол ауыру ұстамаларының алдын ала тұрады және күніне 2 бір реттік дозаға бөлінетін 400 мг құрайды.

Егде жастағы және сезімтал науқастарға МЕЗАКАР® тәулігіне 200 мг құрайтын бастапқы дозада таға-йындалады (тәулігіне 2 рет ½ таблеткадан).

Диабеттік невропатия кезіндегі ауырулар.

Орташа тәуліктік доза 600 мг құрайды, ол күніне 3 бір реттік дозаға бөлінеді. Айрықша жағдайларда МЕЗАКАРДЫ® күніне 3 бір реттік дозаға бөлінетін 1200 мг дозада тағайындауға болады.

Жайылған склероз кезіндегі эпилепсия түріндегі құрысулар.

Орташа тәуліктік доза 400-800 мг құрайды (күніне 2-4 рет 1-2 таблеткадан).

Орталық шығу тегіндегі қантты емес диабет.

Ересектерге арналған орташа доза күніне 2-3 рет 200 мг құрайды. Балаларда препарат дозасы сәбидің жасы мен дене салмағына сәйкес азайтылуы тиіс.

Нұсқау. Ауыр жүрек-қантамыр аурулары, бауыр мен бүйрек зақымданулары бар емделушілерге, сон-дай-ақ егде жастағы тұлғаларға препараттың аз дозалары тағайындалады.

Таблеткалар жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішумен тамақтану кезінде немесе одан кейін қабылданады.

Кейбір жағдайларда тәуліктік дозаны күніне 4-5 бір реттік дозаға бөлу ерекше тиімді болып шықты.

Қолдану ұзақтығы көрсетілімге және науқастың препаратқа жеке реакциясына байланысты.

Эпилепсияны емдеу ұзақ уақыт жүргізіледі. Науқасты МЕЗАКАРҒА® көшіру, қолдану ұзақтығы және оны тоқтату мәселесін әрбір жеке жағдайда дәрігер-маман шешуі тиіс. Жалпы алғанда, дәрі-дәрмек дозасын азайтып көруге және ұстамалар болмаған 2-3 жылдан кейін барып мүлде тоқтатуға болады.

Емдеуді препарат дозасын 1-2 жыл бойы біртіндеп төмендетумен тоқтатады. Бұл орайда балаларда де-не салмағының өсуін есепке алу қажет. ЭЭГ көрсеткіштері осы тұста нашарлап кетпеуі тиіс.

Невралгияны емдегенде бірнеше апта бойы ауыруды басу үшiн жеткілікті демеуші дозада МЕЗАКАР® тағайындау пайдалы болып шықты. Дозаны абайлап азайта отырып, ауру белгілерінің күрт ремиссия-сының басталуын айқындап алу қажет.

Ауырсындыратын шабуылдар жаңарғанда емдеуді алдыңғы демеуші дозамен жалғастырады.

Диабеттік невропатия және эпилепсия түріндегі құрысулар кезіндегі, жайылған склероз кезіндегі ауы-руды емдеу ұзақтығы невралгиялар тұсындағы тәрізді белгіленген.

Алкогольді абстинентті синдромды МЕЗАКАР® препаратымен емдеуді дозаны 7-10 күн бойы біртіндеп азайтумен тоқтатады.

Педиатрияда қолданылуы. Балаларға* тағайындалады (нұсқауды қара):

Бастапқы доза Демеуші доза

1-ден 5 жасқа дейін ½ таблеткадан 1 таблеткадан

тәулігіне 1-2 рет. тәулігіне 1 рет.

6-дан 10 жасқа дейін ½ таблеткадан 1 таблеткадан

тәулігіне 2 рет. тәулігіне 3 рет.

11-ден 15 жасқа дейін ½ таблеткадан 1 таблеткадан

тәулігіне 2 рет. тәулігіне 3 рет.

*Нұсқау. 4 жасқа дейінгі балаларда емдеуді негізінен 20-60 мг құрайтын МЕЗАКАР® дозасынан бастай-ды. Оңтайлы дозасына жету үшін бұл тәуліктік дозаны күнара тәулігіне 20-60 мг арттыруға болады.

Балаларға арналған демеуші доза, орта есеппен, тәулігіне дене салмағына 10-20 мг/кг құрайды.

 

4 жастан асқан балалар үшін бастапқы доза тәулігіне 100 мг құрайды. Осы тәуліктік дозаны оңтайлы дозасына дейін жеткізілгенше күнара 100 мг арттыруға болады. Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген дозалар ауқымынан асыруға болмайды.

 

Әзірге Мезакар SR 400мг №50табл Кусум Хелткер (карбамазепин) пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады