Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Синокорт спрей наз 0,05% 14,4мл Амман Фармасьютикалс Индастриас

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Мұрынға арналған
Белсенді зат:
Мометазон
Фармакологиялық топ:
Деконгестант
Элемент коды::
6251151001000
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- ересектер мен 3 жастан бастап балалардағы маусымдық немесе жыл бойғы аллергиялық ринит симптомдарын емдеуде

- 18 жастан асқан ересек пациенттерде мұрын полиптерін емдеуде

 

 

- мұрын спрейінің белсенді затына немесе қандай да бір белсенді емес компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- мұрын шырышты қабығының зақымдануы бар емі аяқталмаған жергілікті инфекцияның болуы (мысалы, қарапайым герпес)

- жақында өткерген хирургиялық операциялар немесе мұрын қуысының жарақаттары (кор-тикостероидтар жараның жазылуын баяулатады, сондықтан жаралар толық жазылғанға де-йін кортикостероидтарды жергілікті мұрынішілік қолдануға тағайындамаған жөн)

 

 

Жағымсыз реакциялар жиілігі мынадай түрде анықталған: өте жиі (≥1/10);

жиі (≥ 1/100, <1/10); жиі емес (≥ 1/1 000, <1/100); сирек (≥ 1/10000, <1/1000); өте сирек (<1/10 000), жиілігі анықталмаған (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес).

Жиі

- мұрыннан қан кету, фарингит, күйдіру, мұрын шырышты қабығының тітіркенуі және ойық жаралы өзгерістері

- бас ауыруы

- тамақтың жыбырлауы*

- жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясы †

Мұрын полипозы кезінде

Өте жиі

- мұрыннан қан кету*

Белгісіз

- бронх түйілуі, диспноэ, анафилаксиялар және ангионевроздық ісінуді қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары

- глаукома, көзішілік қысымның жоғарылауы, катаракта

- айқын көрмеу

- мұрын қалқасының тесілуі

- дәм мен иіс сезінудің бұзылуы

*мұрын полипозы кезінде препаратты тәулігіне 2 рет қолданғанда айқындалған

†мұрын полипозы кезінде препаратты тәулігіне 2 рет қолданғанда “белгісіз” жиілігімен айқындалған

Балалар

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары мен көкірек ортасы тарапынан бұзылулар: мұрыннан қан кету (6%), мұрын шырышты қабығының тітікенуі (2%), түшкіру (2%).

 

 

Назонекс ® мұрын спрейін алғаш қолданар алдында дозалағыш құрылғыны (біртекті спрей алғанға дейін) 10 рет басу арқылы оның «калибровкасын» жасау қажет. «Калибровкалаудан» кейін әрбір басқан сайын дәрілік заттың шамамен құрамында 50 мкг мометазон бар 100 мг суспензиясы лықсып шығатын стереотиптік берілісі белгіленеді. Егер мұрын спрейі 14 күн бойы немесе одан да көп уақыт бойы қолданылмаса, спрейдің біркелкі бүркуі байқалғанша, 2 рет басу арқылы қайталап «калибровкалау» қажет.

Әрбір қолданар алдында спрей құтысын қатты сілку қажет. Көрсетілген бүрку шамасынан кейін немесе бірінші пайдаланудан кейін 2 ай өткен соң спрей бар құты жарамсыз болып саналады.

Маусымдық немесе жыл бойғы аллергиялық ринит 12 жастан асқан жасөспірімдер және ересектерге, егде пациенттерді қоса, препараттың ұсынылатын дозасы әрбір мұрын жолына тәулігіне 1 рет (жалпы тәуліктік доза 200 мкг препаратты құрайды) 2 бүркуден (әрқайсысы 50 мкг-ден) тұрады. Оң клиникалық емдік әсерге қол жеткізгеннен кейін демеуші ем ретінде әр мұрын жолына 1 бүркуге дейін азайтқан дұрыс (жалпы тәуліктік доза - 100 мкг).

Ауру симптомдарын азайту мүмкін болмаған жағдайда ең жоғары тәуліктік дозасына дейін арттырылуы мүмкін және тәулігіне 1 рет әрбір мұрын жолына 4 бүркуді құрайды (жалпы тәуліктік доза - 400 мкг). Ауру симптомдары азайғаннан кейін дозасын төмендету ұсыны-лады.

3-тен 11 жасқа дейінгі балаларда ұсынылатын емдік дозасы тәулігіне 1 рет әрбір мұрын жолына 1 бүркуді (әрбіреуі 50 мкг-ден) құрайды (жалпы тәуліктік доза - 100 мкг).

Маусымдық аллергиялық риниті бар кейбір пациенттерде клиникалық әсері емдеуді бас-тағаннан кейінгі алғашқы 12 сағатта-ақ байқалуы мүмкін, бірақ толық әсеріне тек 48 са-ғаттан соң ғана қол жеткізіледі. Сондықтан толық клиникалық әсеріне қол жеткізу үшін дәрілік затты ұдайы пайдалану маңызды.

Анамнезде орташа және ауыр дәрежедегі маусымдық аллергиялық ринит симптомдары бар пациенттерге Назонекс® мұрынға арналған спрейімен емдеуді алдағы гүлдеу мау-сымы басталғанға дейін бірнеше күн бұрын бастау қажет.

Мұрын полипозы

Полипозды емдеу үшін ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 1 рет әрбір мұрын жолына 2 бүркуді (әрбіреуі 50 мкг-ден) құрайды (жалпы тәуліктік доза - 200 мкг). Егер 5-6 апта емдеуден кейін симптомдар төмендеуіне қол жеткізу мүмкін болмаса, дозаны әр танауға тәулігіне 2 рет 2 бүркуге дейін (жалпы тәуліктік доза - 400 мкг) арттыруға болады. Дозаны ауру симптомдарын тиімді бақылауға болатын ең төменгі дозаға дейін азайту ке-рек. Егер тәулігіне 2 рет тағайындалған емнің 5-6 аптасынан кейін жақсару симптомдары байқалмаса, пациенттің жағдайы қайталап бағалануы және емдеу стратегиясы қайта қаралуы керек.

 

 

Әзірге Синокорт спрей наз 0,05% 14,4мл Амман Фармасьютикалс Индастриас пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады