Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Надропарин Кальция, раствор для инъекций 2850 ЕД-0.3 мл №10 Гланд Фарма Лимитед

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№10 шприцтер
Белсенді зат:
Кальций надропарині
Фармакологиялық топ:
Антикоагулянттар.
Элемент коды::
8903703009931
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алуда (жалпы немесе ортопедиялық  хирургиямен байланысты, хирургиялық емес науқастарда - қарқынды емдеу бөлімі жағдайларында жедел тыныс алу жеткіліксіздігі, респираторлық жұқпа және/немесе жедел жүрек жеткіліксіздігі кезінде)

- тромбоэмболияны емдеуде

- гемодиализ кезінде қан ұюының алдын алуда

- тұрақсыз стенокардияны және Q тісінсіз миокард инфарктісін емдеуде

- надропаринге немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық

- надропарин қолдану аясында тромбоцитопения дамитын белгілі жағдайлар

- белсенді қан кету белгілері немесе гемостаз бұзылуымен байланысты қан кету қаупінің жоғарылауы, гепариннен болмаған диссеминацияланған  тамырішілік құюды (ДТҰ-синдром) қоспағанда

- қан кетудің даму мүмкіндігі зор органикалық аурулар (мысалы, асқазанның немесе он екі ішектің ойық жарасы)

- геморрагиялық инсульт

- жедел жұқпалы эндокардит

- тромбоэмболиялық асқынулар, тұрақсыз стенокардия және Q тісінсіз миокард инфарктісінде ем алып жүрген емделушілердегі ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз)

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Кездесу жиілігі былайша анықталады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 және <1/10), жиі емес (≥1/1 000 және <1/100), сирек (≥1/10 000 және <1/1 000), өте сирек (<1/10 000, жекелеген жағдайларды қоса), белгісіз (жиілігін бағалау мүмкін емес)

Өте жиі

- қатарлас қауіп факторлары бар емделушілерде жиі кездесетін түрлі бөліктердегі жоғары қанағыштық

- инъекция орнындағы болымсыз гематомалар (инъекция енгізген жерде бірнеше күннен соң басылатын қатты түйіндер пайда болуы мүмкін)

Жиі

бауыр ферменттері деңгейінің уақытша жоғарылауы

-  инъекция салған жердегі реакциялар

Сирек

- тромбоцитопения (гепарин-индукцияланған тромбоцитопенияны қоса), тромбоцитоз

-  есекжем, бөртпе, эритема, қышыну

- инъекция орнындағы кальциноз (созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі жағдайларында кальций алмасуы бұзылған емделушілерде жиірек)

Өте жиі

- тері некрозы (әдетте инъекция орнындағы)

- қайтымды эозинофилия

- альдостеронның гепарин-индукцияланған бәсеңдеу қаупі бар емделушілердегі қайтымды гиперкалиемия

- анафилактикалық реакциялар, аса жоғары сезімталдық реакциялары, ангионевротикалық ісіну мен тері реакцияларын қоса

- приапизм

 

Жекелеген төмен молекулалы гепариндерді дозалау туралы нұсқауларды қатаң қадағалау қажет, өйткені оларды өлшеу үшін әртүрлі дозалау бірліктерін (ХБ немесе мг) пайдалануға болады. Фраксипарин емдеу курсы кезінде басқа төмен молекулалы гепариндермен өзара алмастырылатын препарат түрінде қолданылмауы тиіс. Фраксипариннің сол немесе басқа дозасын тағайындау кезінде қосымша сақтық шарасын қадағалау қажет, өйткені бұл жалпы дозалау режиміне ықпал етеді. Фраксипарин енгізу үшін аса ұқыпты дозалауға арналған градуирленген еккіштер пайдаланылуы тиіс.

Фраксипарин бұлшықет ішіне енгізуге арналмаған.

Емделушідегі тромбоциттер саны бүкіл емдеу курсы бойына бақылануы тиіс.

Жұлын/эпидуральді анестезиясын немесе люмбальді пункция жасағанда, Фраксипарин енгізу уақытына қатысты айрықша нұсқауларды қадағалаңыз 

Әзірге Надропарин Кальция, раствор для инъекций 2850 ЕД-0.3 мл №10 Гланд Фарма Лимитед пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады