Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Блэдкон таб. 5мг №30 Индия

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Солифенацин
Фармакологиялық топ:
Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар
Элемент коды::
8901175052332
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- несепті ургентті (императивті) ұстай алмауды емдеуге

- қуықтың аса жоғары белсенділік синдромы бар пациенттерге тән жиі несеп шығаруды және несеп шығаруға ургентті (императивті) қысылуды емдеуге

  • несеп шығарудың іркілуі және осы жай-күйдің даму қаупі бар пациенттер

  • асқазан-ішектің ауыр сипатты (уытты мегаколонды қоса) аурулары және осы жай-күйдің даму қаупі бар пациенттер

  • миастения gravis және осы жай-күйдің даму қаупі бар пациенттер

  • жабық бұрышты глаукома және осы жай-күйдің даму қаупі бар пациенттер

  • белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • гемодиализ жүргізу

  • бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

  • СҮР3А4 күшті тежегіштерімен, мысалы кетоконазолмен бір мезгілде емдеген кездегі бүйректің ауыр жеткіліксіздігі немесе бауырдың орташа жеткіліксіздігі

  • сирек тұқым қуалайтын галактоза көтерімділігінің бұзылуы, Lapp-лактаза ферменті жеткіліксіздігі, глюкоза-галактозды мальабсорбциясы бар пациенттер

Солифенацин жеңіл және орташа дәрежедегі антихолинергиялық жағымсыз әсер туындатуы мүмкін. Антимускаринді дәрілерден күтілетін жағымсыз реакциялар ауыздың құрғауы, іш қату, көздің бұлдырауы (аккомодация ауытқулары), несеп іркілісі және көздің құрғауы болып табылады.

Антихолинергиялық жағымсыз әсерлердің туындау жиілігі дозамен байланыстыЕң жиі хабарланатын жағымсыз реакция ауыздың құрғауы болып табыладыАуыз құрғауының ауырлығы жалпы алғанда жеңіл болды және кейде ғана емнің тоқтатылуына әкелді.

Жағымсыз реакциялар анықталу жиілігінің төмендеу тәртібімен төменде тізілген: өте жиі (>1/10); жиі (>1/100 - <1/10 дейін); жиі емес (>1/1000 - <1/100 дейін); сирек (>1/10000 - <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).

Өте жиі

- ауыздың құрғауы

Жиі

- көру арқылы қабылдаудың анық болмауы (аккомодация бұзылуы)

- іш қатуы, жүрек айнуы, диспепсия, іштің ауыруы,

Жиі емес

  • несеп шығару жолдарының инфекциялары, цистит, несеп шығарудың қиындауы

  • ұйқышылдық, шаршау

  • дисгевзия (дәм сезудің бұзылуы)

  • көз, жұтқыншақ, мұрын қуысы шырышты қабығының құрғауы

  • гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы

  • терінің құрғауы

  • қажығыштық

  • шеткері ісінулер

Сирек

- бас айналуы*, бас ауыруы*

- тоқ ішектің обструкциясы, копростаз, құсу

- қышыну, бөртпе

- несеп іркілуі

Өте сирек

- елестеулер, сананың шатасуы

- мультиформалы эритема, есекжем, ангионевроздық ісіну

Белгісіз

- анафилаксиялық реакция

- тәбеттің төмендеуі

- гиперкалиемия

- делирий

- глаукома

- «пируэт» типті қарыншалық тахикардия, электрокардиограммда QT аралығының ұзаруы, жүрекшелер фибрилляциясы, жүрек қағуын сезіну, тахикардия

- дисфония

- ішек бітелісі

- асқазан-ішек жайсыздығы

- бауыр бұзылыстары, бауырдың функционалдық сынамалары көрсеткіштерінің нормадан ауытқуы

 

- эксфолиативті дерматит

- бұлшықет әлсіздігі

- бүйрек функциясының бұзылуы

* - маркетингтен кейінгі кезеңдегі қадағалау

Маркетингтен кейінгі кезеңде солифенацинді қабылдағанда «пируэт» типті тахикардия және QT аралығының ұзаруы дамыған жағдайлары туралы мәлімдемелер түскен. Олардың жиілігін анықтау қиындық туғызады.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Егде жастағы адамдарды қоса алғанда, ересектер

Күніне бір рет 5 мг-ден. Қажет болса дозасы күніне бір рет 10 мг дейін жоғарылатылуы мүмкін.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Дәрежесі жеңілден орташаға (креатинин клиренсі > 30 мл/мин) дейінгі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны түзету талап етілмейді. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатин клиренсі 30 мл/мин) бар пациенттерді емдеу кезінде сақтық таныту қажет. Аталған пациенттерге тәулігіне 5 мг асатын дозаны тағайындамаған жөн.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Бауыр функциясы жеңіл дәрежеде бұзылған пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр функциясы орташа бұзылған (Чайлд-Пью (Child-Pugh) шкаласы бойынша ауырлықты бағалауға сәйкес 7-9 балл) пациенттерді емдеу кезінде сақтық таныту қажетАталған пациенттерге тәулігіне 5 мг асатын дозаны тағайындамаған жөн.

Р4503А4 цитохромының күшті тежегіштері

Солифенацинді кетоконазолмен немесе CYP3A4 басқа әлеуетті тежегіштерінің, мысалы, ритонавирді, нелфинавирді, итраконазолды бір уақытта қолданғанда Блэдкон препаратының ең жоғарғы дозасы шектелуі және 5 мг болуға тиіс.

Енгізу әдісі және жолы

Тамақтану уақытына қарамастан, таблетканы тұтастай жұтып, сұйықтықпен бірге ішу арқылы ішке қабылдайды.

Әзірге Блэдкон таб. 5мг №30 Индия пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады