Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Сумафикс 100мг №20табл Ауробиндо Фарма Лимитед

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 20
Белсенді зат:
Суматриптан
Фармакологиялық топ:
Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар
Элемент коды::
8901175051403
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
21 850 ₸
Бонустарды сатып алу: 218.50
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

 

аурамен және онсыз бас сақинасы ұстамаларын басуға

 

 

- суматриптанға немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия, Принцметал стенокардиясы, бастан өткерген инфарктіден кейінгі жай-күй), сондай-ақ оны білдіретін симтомдардың болуы

- ми қан айналымының бұзылуы (ми инсульті, мидың транзиторлы ишемиясы)

- шеткері қан айналымының бұзылуы

- бақыланбайтын гипертензия, орташа және ауыр дәрежелі артериялық гипертензия

- II–III ауырлық дәрежесіндегі артериялық гипертензия және бақыланбайтын артериялық гипертензия

- моноаминооксидаза тежегіштерімен бір мезгілде қолдану (Сумафиксті моноаминооксидаза тежегіштерімен емдегеннен кейін 14 күннен соң қолдануға болады)

- эрготаминмен немесе оның туындыларымен (метизергидті қоса) бір мезгілде қабылдау

- басқа триптандармен/ 5-HT1 рецепторлардың агонистерімен бір мезгілде қабылдау

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- жүктілік және лактация кезеңі

- 65 жастан асқандар

 

 

Жиі (1/10)

- бас айналуы, ұйқышылдық, сезімталдықтың бұзылуы, парестезияны және гипестезияны қоса

- препаратты қабылдағаннан кейін дереу артериялық қысымның транзиторлы жоғарылауы, «қан кернеулері»

- тұншығуды сезіну

- жүрек айнуы, құсу (препаратты қабылдаумен байланысы анықталмаған)

- кеуде қуысында, шүйдеде, көмекейде қысылу сезімі

- миалгиялар

- ауыру, ысынуды, суынуды, жүктемені немесе қысылуды сезіну

- әлсіздік, шаршағыштық

Өте сирек (<1/10 000)

- бауырдың функционалдық көрсеткіштерінің елеусіз өзгеруі

Жиілігі белгісіз

- аса жоғары сезімталдық симптомдары, тері реакцияларынан (есекжем) анафилаксиялық шоктың сирек жағ-дайларына дейін

- құрысулар, тремор, дистония, нистагм, скотома

- диплопия, көру аймағының өзгеруі, көру жітілігінің төмендеуі, көру жітілігінің қайтымсыз төмендеуін қоса

- брадикардия, тахикардия, жүректің қатты соғуы, аритмия, ишемиялық типтегі ЭКГ өтпелі өзгерістері, коронар-лық артерияның түйілуі, стенокардия, миокард инфарктісі

 

- гипотензия, Рейно синдромы

- ишемиялық колит, диарея

- шүйде бұлшықетінің сіресуі, артралгиялар

- қорқыныш

- гипергидроз

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

 

 

Ересектерге

 

Препаратты бас сақинасының ұстамалары басталғаннан кейін және ұстаманың жоғары шегінде мүмкіндігінше тез арада қолдану керек. Сумафикс дәрілік затын профилактикалық мақсаттарда қолдануға болмайды. Суматриптан ұсынылған дозасынан асырылмауға тиіс. Сумафиксті бас сақинасы ұстамасы пайда болғаннан кейін мүмкіндігінше ертерек қолдану ұсынылады, бірақ бас сақинасының кез келген сатысында препараттың тиімділігі бірдей.

Ұсынылатын доза 50мг құрайдыКейбір пациенттерге жоғарырақ доза — 100мг қажет болуы мүмкінЕгер пациент бірінші дозадан кейін жақсаруды сезінсеал содан соң симптомдары қайта білінсеқабылдау арасындағы үзіліс 2 сағаттан кем болмау шартымен келесі 24 сағаттың ішінде екінші дозаны қабылдауға болады. Суматриптанның тәуліктік ең жоғары дозасы 300 мг-ден аспауға тиіс.

Егер бас сақинасының симптомдары бірінші дозаны қабылдағаннан кейін жойылмаса және азаймасаонда дәл осы ұстаманы басу үшін препаратты қайталап қабылдау керек емесАлайда препаратты бас сақинасының келесі ұстамаларын басу үшін қолдануға болады.

Сумафиксті бас сақинасының ұстамаларын емдеуге монотерапия ретінде қолдану ұсынылады және бұл препаратты бас сақинасын емдеуге арналған басқа дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындамау керек.

Пациенттердің ерекше топтары

Бауыр жеткіліксіздігі. Ұсынылған доза — 50 мг.

Балалар мен жасөспірімдер (18 жасқа дейін). Сумафикс балалар мен жасөспірімдерге қолдану үшін ұсынылмайды.

Егде жас (65 жастан асқан). Сумафикс 65 жастан асқан пациенттерге қолдану үшін ұсынылмайды.

Енгізу әдісі және жолы

 

Сумафикс препаратын ішкесумен іше отырып тұтастай жұту арқылы қолданады.

 

Әзірге Сумафикс 100мг №20табл Ауробиндо Фарма Лимитед пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
3
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
21850 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады