Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Клексан р-р д/инъек. в шприцах 6000 анти-Ха МЕ/0.6мл №2 Санофи

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Шприцы №2
Белсенді зат:
Натрий эноксапарині
Фармакологиялық топ:
Антикоагулянттар.
Элемент коды::
3582910069850
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Инъекцияға арналған 2000 анти-Ха ХБ/0,2 мл; 4000 анти-Ха ХБ/0,4 мл еккіштегі ерітінді:

- орташа немесе жоғары қауіпті хирургиялық араласулар кезіндегі көктамырлық тромбоэмболия ауруларының алдын алуда

- гемодиализ кезінде экстракорпоральді қан айналу жүйесінде қан ұюының алдын алуда (әдетте, ұзақтығы 4 сағат немесе одан аз емшара)

Инъекцияға арналған 4000 анти-Ха ХБ/0,4 мл еккіштегі ерітінді:

- жедел терапиялық ауру салдарынан төсек режимінде жүрген емделушілерде терең көктамырлар тромбозының алдын алуда, мыналарды қоса:

- жүрек жеткіліксіздігі (NYHA III немесе IV класс)

- жедел тыныс алу жеткіліксіздігі

- көктамыр тромбоэмболиясы қауіп факторларының кем дегенде біреуімен біріккен жедел жұқпалы ауру немесе жедел ревматизм ауруларының көріністері.

Инъекцияға арналған 6000 анти-Ха ХБ/0,6 мл; 8000 анти-Ха ХБ/0,8 мл еккіштегі ерітінді:

- тромболитикалық дәрімен немесе хирургиялық жолмен емдеу қажет болатын өкпе эмболиясын қоспағанда, ауыр клиникалық симптомдарсыз өтетін өкпе артериясының тромбоэмболиясымен біріккен немесе онсыз анықталған тереңдегі көктамырлар тромбозын емдеуде

- тұрақсыз стенокардияны және Q тісінсіз жедел миокард инфарктісін ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп емдеуде

- кейіннен тері арқылы коронарлық араласу (ТКА) ықтималдығына қарамастан емделушілер үшін тромболитикалық дәрімен біріктірілген ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісін емдеуде.

Дозаға байланыссыз (емдік немесе алдын алу) бұл дәрілік препаратты мына жағдайларда қолдануға болмайды:

- басқа да ТМГ қоса, эноксапаринге, гепаринге немесе оның туындыларына аса жоғары сезімталдық

- сыртартқыда фракцияланбаған немесе төмен молекулалы гепарин тудырған II типті ауыр гепарин-индукциялан-ған тромбоцитопенияның (ГИТ) болуы

- қан кету немесе гемостаздың бұзылуына байланысты қан кетуге бейімділік (бұл қарсы көрсетілімдерге, егер ол гепаринмен емдеуге байланысты болмаса, диссеминацияланған тамырішілік қан ұю синдромы қосылмайды) 

- қан кетуге бейімділікпен органикалық зақымдану

- клиникалық мәні бар қатты қан кету

 

КлексанÒ 30 000 анти-Ха ХБ/3 мл: аталған препарат құрамында бензил спиртінің болуына орай 3 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілімді.

Емдік дозада бұл дәрілік препаратты мына жағдайларда қолдануға болмайды:

миішілік қан кету

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі, тиісті деректердің болмауына байланысты (Кокрофт формуласы бойынша бағала-ғанда 30 мл/минутқа жуық креатинин клиренсі негізінде анықталған), диализде жүрген емделушілердегі жекеле-ген жағдайларды қоспағанда. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге фракцияланбаған гепарин қабылдау керек. Кокрофт формуласы бойынша дәл есептеу үшін дене салмағының соңғы өлшеу деректерін пайдалану қа-жет 

- ТМГ емінде жүрген емделушілерге ешқашан жұлын немесе эпидуральді анестезия жасауға болмайды.

Емдік дозаларда осы дәрілік препарат жалпы мына жағдайларда ұсынылмайды:

- есін жоғалтумен немесе жоғалтусыз жедел ауқымды ишемиялық инсульт. Егер инсульт эмболиядан болса, осы оқиғадан кейін алғашқы 72 сағатта эноксапарин қолдануға болмайды. Ми инфарктісінің клиникалық көріністе-рінің себебіне, таралуы немесе ауырлығына қарамастан, ТМГ емдік дозаларының тиімділігі әлі анықталмаған.

- жедел жұқпалы эндокардит (жүректің кейбір эмбологенді жай-күйлерін қоспағанда);

- ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/минуттан көп және 60 мл/минуттан аз)

- келесі препараттармен бір мезгілде қабылдау:

- ацетилсалицил қышқылын ауыруды басатын, қызу түсіретіни және қабынуға қарсы дозаларда

- ҚҚСД (жүйелі қолдану)

- декстран 40 (парентеральді қолдану)

Алдын алу дозаларында осы дәрілік препарат жалпы мына жағдайларда ұсынылмайды:

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (Кокрофт формуласы бойынша бағалағанда креатинин клиренсі 30мл/минутқа жуық 

- алғашқы 24 сағаттағы миішілік қан кетуден кейін

- 65 жастан асқан егде емделушілер үшін келесі препараттармен бір мезгілде қабылдау кезінде :

- ацетилсалицил қышқылын ауыруды басатын, қызу түсіретін және қабынуға қарсы дозаларда

- ҚҚСД (жүйелі қолдану)

- декстран 40 (парентеральді қолдану)

- негізінен қатарлас қауіп факторларының болуымен байланысты геморрагиялық симптомдар: қан кетуге бейім-ділікпен органикалық зақымданулар және кейбір дәрілік біріктірілімдер, жасы, бүйрек жеткіліксіздігі, төмен дене салмағы; әсіресе, емдеу ұзақтығына және дене салмағы негізінде дозаны түзетуге қатысты емдік нұсқаулардың орындалмауына байланысты геморрагиялық симптомдар.

- тері астына енгізгенде инъекция орнында гематома болуы мүмкін. Ондай гематоманың түзілу қаупі енгізу тех-никасы жөніндегі нұсқаулар орындалмаған және инъекция салуға сай келмейтін материал қолданған кезде арта-ды. Бірнеше күн ішінде жоғалып кететін қатты түйіндер қабыну реакциясының нәтижесінде дамуы мүмкін және емнің тоқтатылуын талап етеді.

- 2 типтегі тромбоцитопения:

I тип – ең жиісі, әдетте, орташа сипатта болады (>100 000/мм3), ерте сатыларда пайда болады (5 күнге дейін) және емді тоқтатуды талап етпейді

II тип – сирек ауыр иммуноаллергиялық тромбоцитопения (ИАТ) түрінде болады. Осы құбылыс жиілігі шамалы зерттелген.

- тромбоциттер санының симптомсыз және қайтымды көбеюі

- фракцияланбаған гепарин қабылдау кезіндегі сияқты ұзаққа созылып кететін ем кезінде даму қаупі жоққа шығарылмайтын остеопороз

- трансаминазалар деңгейінің уақытша жоғарылауы

Сирек

- жұлын анестезиясы, ауыруды басу немесе эпидуральді анестезия кезінде ТМГ енгізгеннен кейін болатын жұлын гематомасы. Бұл реакциялар ұзақ уақыт және тұрақты салдануды қоса, ауырлығы әртүрлі дәрежедегі жүйке жү-йесінің зақымдануына алып келді.

- көбінеcе инъекция салған жердегі пурпура немесе инфильтрацияланған, ауырсындыратын эритематозды дақтар түрткі болуы мүмкін тері некрозы. Мұндай жағдайларда емді шұғыл тоқтату керек.

- кейбір жағдайларда емдеуді тоқтатуға апаратын терідегі немесе жүйелік аллергиялық реакциялар

Өте сирек

- терінің жоғары сезімталдығынан болатын васкулит

- оқшау жағдайларда немесе тері реакцияларымен бірге кездесетін және емдеуді тоқтатқанда басылатын гиперэозинофилия.

Жекелеген жағдайларда

- гиперкалиемия

Бұл гепарин төмен молекулалы гепарин болып табылады.

ТЕРІ АСТЫНА ЕНГІЗУ ҮШІН (гемодиализ жасалатын науқастарды қоспағанда – 2000 анти-Ха ХБ/0,2 мл және 4000 анти-Ха ХБ/0,4 мл еккіштегі ерітінді үшін).

ТЕРІ АСТЫНА ЕНГІЗУ ҮШІН (көктамырішілік болюсті енгізу қажет болатын ST сегменті көтерілуімен өтетін жедел миокард инфарктісі бар науқастарды қоспағанда – 6000 анти-Ха ХБ/0,6 мл, 8000 анти-Ха ХБ/0,8 мл еккіштегі ерітінді үшін).

 

Бұл нұсқаулар ересек емделушілерге ғана арналған.

Клексанâ бұлшықет ішіне енгізуге арналмаған. Инъекцияға арналған 1 мл ерітінді шамамен 10 000 антиХа ХБ эноксапаринге баламалы.

Әзірге Клексан р-р д/инъек. в шприцах 6000 анти-Ха МЕ/0.6мл №2 Санофи пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады