Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Трамадол Ланнахер ретард таб. 150мг №10 G.L.Pharma

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 10
Белсенді зат:
Трамадол
Фармакологиялық топ:
Анальгетики
Элемент коды::
9008732006445
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

- орташа және қатты қарқындылықтағы ауыру синдромында

 

 

- трамадол гидрохлоридіне немесе басқа да апиындарға, препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жедел алкогольді уыттану

- ұйықтататын дәрілермен, анальгетиктермен, апиындармен немесе психотроптық препараттармен жедел уыттану

- жүктілік, лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- моноаминооксидаза тежегіштерін қабылдау (тағайындалған сәтте және оларды қабылдауды тоқтатқан-нан кейін екі апта бойына)

- ауыр сипатты бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10 мл/мин аз)

- бақыланбайтын эпилепсия

- есірткіні тоқтату синдромы

 

 

Өте жиі (>1/10)

- бас айналуы

- жүрек айнуы

Жиі (>1/100 - <1/10)

- бас ауыруы

- сананың тұмандануы

- ауыз құрғауы, құсу, іш қатуы

- тершеңдік

- аса қатты шаршау

Жиі емес (>1/1000 - <1/100)

-жүрек қағуы, тахикардия, ортостатикалық гипотензия, жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі

- құсқысы келу, гастроинтестинальді тітіркену (мысалы, асқазанда ауырлық сезіну, метеоризм), диарея

- тері қышынуы, бөртпе, есекжем, уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы

Сирек (>1/10 000 - <1/1000)

- депрессия, елестеулер, сананың шатасуы

- ұйқы бұзылуы, түнгі шым-шытырықтар

- эйфория, кейде дисфория, депрессия, тоқтату симптомдары

- белсенділік өзгеруі (әдетте төмендеуі, кейде жоғарылауы)

- когнитивті және сенсорлық қабылдау өзгерістері (мысалы, шешім қабылдау үдерісі,қабылдау бұзы-лыстары)

- дәріге тәуелділік

- тәбет өзгеруі

- парестезия, тремор

- тыныстың тарылуы

- эпилепсиялық сипаттағы құрысулар (нейролептиктер бір уақытқа тағайындалған барлық жағдайлар-дың бәрінде дерлік байқалған)

- бұлшықеттің еріксіз тартылуы, қозғалыс координациясының бұзылуы

- естен тану, брадикардия, артериялық гипертензия

- эпилепсия түріндегі ұстама

- көру өткірлігінің төмендеуі

- ентігу

- бұлшықет әлсіздігі

- несеп шығарудың бұзылуы (несеп шығарудағы қиналыс, дизурия және несеп іркілісі)

- аллергиялық реакциялар (диспноэ, бронх түйілуі, сырыл, ангионевротикалық ісіну), анафилаксия

Өте сирек (<1/10 000)

- бауыр ферменттерінің белсенділігі жоғарылауы

- гиперемия

Бірен-саран жағдайларда

- сұйықты жұту кезінде қиналу

Белгісіз

- гепатит

- гипернатриемия

Ұсынылатын дозаны елеулі жоғарылатқан жағдайда немесе орталық жүйке жүйесіне әсер ететін басқа да препараттарды бір уақытта қолданғанда тыныс алудың бәсеңсуі байқалуы мүмкін ( «Дәрілермен өзара әрекеттесуі» тарауын қараңыз).

Эпилепсия түріндегі ұстама, негізінен Трамадолдың жоғарырақ дозаларын қолданудан кейін немесе құ-рысуға дайындық шегін төмендететін препараттарды бір мезгілде пайдалануда орын алады («Дәрілер-мен өзара әрекеттесуі» тарауын қараңыз).

Бронх демікпесімен ауыратын науқастардың жай-күйі нашарлауы мүмкін.

Алайда оның Трамадол қолданумен себепті байланысы анықталмаған.

Апиындарды пайдалануда осыған ұқсас тоқтату симптомдары болуы мүмкін. Бұл симптомдарға мына-лар жатады: ажитация, үрейлену, ашушаңдық, ұйқы бұзылуы, гиперкинезия, тремор және асқазан-ішек симптоматикалары. Трамадолды тоқтатудағы өте сирек орын алған басқа да симптомдарға мына-лар жатады: үрейлі шабуылдар, ауыр мазасыздану, елестеулер, парестезия, құлақтағы шуыл.

 

 

Таблеткаларды ішке тұтас, дозалар арасында 12 сағаттық аралықпен, судың үлкен мөлшерімен іше отырып және шайнамай қабылдайды.

Ас ішу препараттың сіңірілуіне ықпал етпейді.

Дозалау режимі ауыру синдромының қарқындылығы мен әрбір емделушінің емге клиникалық жауабы ескерілуімен әркімге жеке белгіленеді.

Емделуші үшін сәйкес келетін доза, жағымсыз әсерсіз немесе ең кемі көтере алатын жағымсыз әсерлері бар, 12 сағатқа ауыруды болдырмау үшін жеткілікті доза болып табылады. Белсенді заттары жылдам босап шығатын трамадолдан ауысатын емделушілер трамадол гидрохлоридінің белсенді заттары жыл-дам босап шығатын препараттың тәуліктік дозасына өте жақын дозасынан бастауы тиіс. Уақытша жа-ғымсыз әсерлердің пайда болу дәрежесін азайту мақсатында дозаны баяу жоғарылату ұсынылады.

Трамадолды ешқашан ауыруды бақылау үшін талап еткеннен ұзақ қолдануға болмайды. Егер аурудың сипаты мен қарқындылығы ауыруды ұзақ емдеуді талап етсе, трамадолмен емдеудің қажеттілігін (яғни емде үзілістер болуы) ретті аралықтармен және мұқият бағалау керек.

Трамадолмен емдегенде тәуелділік пайда болуы мүмкін. Емнің пайдасының тәуелділіктің пайда болу қаупінен асып түсуін қамтамасыз ету үшін ұзақ уақыт емдеудің пайдасын қайта қарау керек.

Бастапқы доза – күніне 2 рет 100 мг-ден, таңертең және кешке. Әсері жеткіліксіз болғанда, дозалау біртіндеп тәулігіне екі рет 150 немесе 200 мг дейін, ауырғанды басуға қол жеткенше жоғарылайды.

Доза қабылдау арасындағы аралық ең кемі 8 сағатты құрауы тиіс.

Айрықша клиникалық жағдайларды қоспағанда, ең жоғары тәуліктік дозасы - 400 мг.

Егде жастағылар:

Клиникалық айқындығы жоқ бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар 75 жасқа дейінгі егде жастағы ем-делушілерге ересектер үшін қарастырылған доза тағайындалуы мүмкін. 75 жастан асқан емделушілер-ге дозалар аралығының үлкендігі талап етілуі мүмкін, өйткені препараттың организмнен шығарылу ке-зеңі артуы мүмкін. Дозасын арттырғанда емделуші мұқият бақылауда болуы тиіс.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер:

Бұндай емделушілерде организмнен трамадол шығарылу кезеңі артуы мүмкіндігіне орай, емделушінің қажеттілігін ескере отырып, дозалау аралығын ұзарту туралы шешім қабылдауға мұқият болу керек.

Трамадолды ауыр дәрежелі күрделі бүйрек жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі ˂ 10 мл/мин) емде-лушілердің қолдануына болмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер:

Бұндай емделушілерде организмнен трамадол шығарылу кезеңі артуы мүмкіндігіне орай, емделушінің қажеттілігін ескере отырып, дозалау аралығын ұзарту туралы шешім қабылдауға мұқият болу керек.

Трамадолды ауыр дәрежелі күрделі бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілердің қолдануына болмайды.

 

Әзірге Трамадол Ланнахер ретард таб. 150мг №10 G.L.Pharma пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады