Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Андрогель 16,2мг/г 88г гель наруж.Безен Мэньюфекчуринг Белджиум СА

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Гель
Белсенді зат:
Тестостерон
Фармакологиялық топ:
Жыныстық гормондар
Элемент коды::
5414789001441
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
22 325 ₸
Бонустарды сатып алу: 223.25
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

 

- еркек гипогонадизмінде, тестостеронның тапшылығы клиникалық симптомдарымен және биохимиялық тесттермен айғақталғанда, тестостеронның орнын басатын ем ретінде

 

 

 

- кеуде безінің обыры немесе оның бар екендігіне күдіктену - қуықасты безінің обыры немесе оның бар екендігіне күдіктену

- тестостеронға немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық - әйел адамдарға қолданылмайды.

 

 

Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000)

Клиникалық зерттеулердегі жағымсыз реакциялар

MedRA ағзалар жүйесінің класы

Жиілігі

Жиі

> 1/100-ден <1/10 дейін

Сирек

1/1000-нан <1/100 дейін

Психиканың бұзылулары

Көңіл-күйдің күрт түсіп кетуі, эмоциональді бұзылыстар, ашу, озбырлық, ашушаңдық, ұйқысыздық, әдеттен тыс түс көрулер, либидоның жоғарылауы

 

Қантамырлар тарапынан бұзылулар

 

Артериялық гипертензия, қан кернеулер, флебит

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

 

Диарея, іштің кебуі, ауыз ішінің ауыруы

Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар

Акне, алопеция, терінің құрғауы, терінің зақымдануы, жанаспалы дерматит, шаш түсінің өзгеруі, бөрпе, аса жоғары сезімталдық, жағылған жердің қышуы

 

Жыныс ағзалары және сүт безі тарапынан бұзылулар

 

Гинекомастия, емізікшенің ауыруы, аталық бездің ауыруы, эрекцияның жоғарлауы

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар

 

Жағылған жерде сарғыш қабықшалар түзіп, ісіну

Зертханалық зерттеу нәтижелеріне ықпалы

Простатаның жоғары спецификалық антигенінің, гематокриттің және гемоглобиннің артуы

 

Постмаркетингтік жағымсыз реакциялар

 

MedRA ағзалар жүйесінің класы

Жағымсыз реакциялар

Қан және лимфалық жүйе тарапынан бұзылулар

Полицитемия, анемия

Психиканың бұзылулары

Ұйқысыздық, депрессия, үрейлену, озбырлық

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Бас ауыру, бас айналу, парестезиялар

Қантамырлар тарапынан бұзылулар

Вазодилатация (қан кернеулер), тереңдегі веналар тромбозы

Тыныс алу ағзалары тарапынан бұзылулар

Ентігу

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Жүректің айнуы

Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар

Жағылған жерде реакцииялар, акне, алопеция, тершеңдік, гипертрихоз, салмақтың артуы

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіні тарапынан бұзылулар

Қаңқа-бұлшықеттің ауыруы

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Несеп шығарудың қиындауы

Жыныс ағзалары, сүт бездері тарапынан бұзылулар

Гинекомастия, тестикулярлы бұзылыстар, простатаның ұлғаюы, олигоспермия, қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар

Астения, ісінулер, дімкәстік

Зертханалық зерттеулер нәтижелеріне ықпалы

Простатаның спецификалық антигені, гематокрит және гемоглобин деңгейлерінің артуы

 

 

Ересек және егде жастағы еркектер

Ұсынылатын доза – 2,5 г, бұл күніне бір рет, шамамен белгілі бір уақытта, дұрысы таңертең, тетікті екі рет басуға (немесе 40,5 мг тестостеронға) сәйкес келеді. Тәуліктік дозаны, нақты пациенттің клиника-лық немесе биологиялық реакциясына байланысты, дәрігер түзетеді, алайда күніне 5 г гельден (81 мг тестостерон) аспауы тиіс. Дозаны түзету дозаторды біркелкі басу жолымен жүргізіледі.

Доза қандағы тестостерон деңгейін өлшеу негізінде белгіленеді, ол препаратты қолданар алдында таң-ертеңгі уақытта жүргізілуі тиіс. Андрогельмен емделудің шамамен 2-ші күнінен бастап тестостерон плазмада тұрақты концентрацияға жетеді. Дозаны түзету препаратты таңертең енгізер алдында, тепе-тең жағдайға жеткеннен кейін өлшенген тестостерон деңгейінің негізінде жүргізіледі. Қандағы тесто-стерон деңгейіне мезгіл-мезгіл баға беріп отыру қажет. Дозасы, егер тестостерон деңгейін қажет етіле-тін деңгейден асып кетсе, азайтылуы мүмкін. Егер қан плазмасындағы тестостерон концентрациясы тө-мен болса, доза біртіндеп арттырылуы мүмкін, бірақ 81 мг тестостероннан (дозаторды төрт рет басу) аспауы тиіс.

Басу саны

Гель мөлшері (г)

Теріге жағылатын тестостерон мөлшері (мг)

1

1,25

20,25

2

2,5

40,5

3

3,75

60,75

4

5,0

81,0

Емдеу, егер тестостеронның тәуліктік дозасы 20,25 мг (1,25 г гель немесе дозаторды бір рет басу) болса, қандағы тестостерон деңгейі үнемі қалыпты ауқымнан жоғары болса, сондай-ақ тестостеронның қалыпты деңгейі ең жоғары 81 мг дозаға (5 г гель, немесе дозаторды 4 рет басу) жетпесе, емдеу тоқтатылуы тиіс.

Гель пациенттің таза, құрғақ, зақымданбаған иық және иықүсті терісіне жағылады. Гель терінің бетіне жұқа етіп жағылады және сылап-сипалауды қажет етпейді.

Киінбестен бұрын гельдің кебуіне 3-5 минут уақыт беріңіз. Гельді қолданғаннан кейін қолды сумен сабындап жуыңыз.

Препаратты қолданғаннан кейін басқа адамның терісіне жанасады деп күтілетін жағдайларда, гель жағылған жерді алдын ала жуып-шаю қажет.

Гельді гениталий аймағына жақпау керек, өйткені препараттағы этил спиртінің көп мөлшері жергілікті тітіркенуді туындатуы мүмкін.

Алғашқы толық дозаны алу алдында дозаторды шайқау қажет. Құтыны тігінен ұстап, дозаторды ақырын және толық басыңыз, содан кейін дозатордан шыққан гельді жойыңыз. Дозаторды тек алғаш пайдаланар алдында ғана шайқау керек.

Шайқағаннан кей ін 1,25 г гельдің алақанға түсуін қамтамасыз ету үшін дозаторды басыңыз; оны иықтың және иық үстінің терісіне жағыңыз және гель кепкеннен кейін киініңіз.

Балалар:

Андрогельді балаларға және 18 жастан кіші еркектерге қолданбайды, препараттың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ. Деректер жоқ.

 

Әзірге Андрогель 16,2мг/г 88г гель наруж.Безен Мэньюфекчуринг Белджиум СА пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
25630 ₸  
1
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
25630 ₸  
1
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
23055 ₸  
1
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
22325 ₸  
3
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
22325 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады