Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Круровит 100мг №56 табл.Эгис

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар
Белсенді зат:
Цилостазол
Фармакологиялық топ:
Антикоагулянттар.
Элемент коды::
5995327155395
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

- тыныштық жағдайында ауыруды сезбейтін және шеткергі тіндер некрозының белгілері жоқ (Фонтейн бо-йынша шеткергі артериялардың II сатыдағы аурулары) мезгіл-мезгіл ақсақтықпен пациенттерде макси-мальді жүру қашықтығы және ауырусыз жүру қашықтығын арттыру (АЖҚ) үшін

- өмір салтын өзгерту (темекі шегуден бас тартуды және [бақыланатын] дене жаттығуларының бағдарла-масын қоса) және басқа да сәйкес араласымдар мезгіл-мезгіл ақсақтық симптомдарының жеткілікті жақ-саруына әкелмеген пациенттерде екінші желі емі ретінде

 

 

- белсенді затына немесе қосымша заттарының кез-келгеніне жоғары сезімталдық

- бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі ≤ 25 мл/мин)

- бауыр функциясының орташа немесе ауыр бұзылуы

- іркілген жүрек жеткіліксіздігі

- қан кетулерге кез келген белгілі бейімділік (мысалы, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауру-ының белсенді түрі, жуық арада өткерген (6 ай ішінде) геморрагиялық инсульт, пролиферативті диа-беттік ретинопатия, нашар бақыланатын гипертензия)

- қарыншалық тахикардия, қарыншалық фибрилляция немесе сыртартқысында QT аралығының ұзару-ымен тиімді немесе тиімсіз бақыланатын қарыншалық мультифокальді эктопия

- сыртартқысында ауыр тахиаритмия

- екі немесе одан да көп қосымша антитромбоцитарлық дәрілерді немесе антикоагулянтты (мысалы, ацетилсалицил қышқылы, клопидогрел, гепарин, варфарин, аценокумарол, дабигатран, ривароксабан немесе апиксабан) бір мезгілде қолдану

- тұрақсыз стенокардия, миокард инфарктісі немесе сыртартқысында коронарлық араласым (соңғы 6 ай ішінде)

- жүктілік және лактация кезеңі

- тиімділігі және қауіпсіздігі зерттелмегендіктен балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

 

 

Төменде келтірілген жағымсыз әсерлер кездесу жиілігіне сәйкес жіктелген.

Жиілігінің санаты MedDRA (Медициналық терминдер сөздігін реттеу қызметі) белгілемесіне сәйкес анықталған: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 -<1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000 - <1/100 дейін); сирек (≥1/10000 - <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000); белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).

Өте жиі (≥ 1/10)

-бас ауыруы

-диарея, нәжістің бұзылуы

Жиі (&gt; 1/100-ден <1/10 дейін)

-экхимоз

-ісінулер (шеткергі, беттің), анорексия

-бас айналуы

-жүректің қатты қағуы, тахикардия, стенокардия, аритмия, қарыншалық экстрасистолия

-ринит, фарингит

-жүрек айнуы, құсу, диспепсия, метеоризм, іштің ауыруы

-бөрту, қышыну

-кеуде қуысының ауыруы, астения

Жиі емес (>1/1 000-ден <1/100дейін)

-анемия

-аллергиялық реакция

-гипергликемия, қант диабеті

-үрейлі мазасыздық, ұйқысыздық, әдеттегіден тыс түстер көру

- миокард инфарктісі, жүрекше фибрилляциясы, іркілген жүрек жеткіліксіздігі, қарынша үстілік тахи-кардия, қарыншалық тахикардия, естен тану

-көзге қан құйылуы, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектік қан кету, этиологиясы анықталмаған қан кету, ортостатикалық гипотензия

-ентігу, пневмония, жөтел

-гастрит

-миалгия

-қалтырау, дімкәстану

Сирек (>1/10 000 <1/1 000 дейін)

- ұзақ уақыт қан кету, тромбоцитемия

-бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының бұзылуы

Белгісіз (жиілігін бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес)

  - қан кетулерге бейімдік, тромбоцитопения, гранулоцитопения, агранулоцитоз, лейкопения, панцито-пения, апластикалық анемия

-парез, гипоэстезия

-конъюнктивит

-құлақтағы шуыл

- ысыну, гипертензия, гипотензия, миға қан құйылу, өкпеден қан кету, бұлшықеттен қан кету, тыныс жолдарынан қан кету, тері астында қанталау

- интерстициальді пневмония

- гепатит, бауыр функциясының бұзылуы, сарғаю

- экзема, тері бөртпесі, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, есекжем

- гематурия, поллакиурия

- қызба, ауыру

- несеп қышқылының жоғары деңгейі, қандағы мочевина деңгейінің жоғары деңгейі, қандағы креати-нин деңгейінің жоғары деңгейі

 

 

Круровитті ас қабылдағанға дейін 30 минут бұрын ертеңгісін және кешке қарай қабылдау керек. Цилостазолды аспен бірге қабылдау цилостазолдың қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясын (C max ) жоғарылатуы мүмкін, ол өз кезегінде жағымсыз әсерлер қаупін жоғарылатуы мүмкін.

Цилостазолдың ұсынылған дозасы тәулігіне 2 рет 100 мг құрайды.

Круровитпен емді мезгіл-мезгіл ақсақтықты емдеуде тәжірибесі бар дәрігерлер тағайындауы керек.

Дәрігер Круровитті тоқтату мақсатында 3 ай емдегенннен кейін қажет әсер немесе симптомдарының жақсаруы болмаған жағдайда пациентті қайта қарап тексеруі керек.

Круровит қабылдайтын пациенттерге жүрек-қантамырлық құбылыстардың даму қаупін азайту үшін өмір салтын өзгерту (темекі шегуден бас тарту және дене жаттығулары) және фармакологиялық араласым-ды жалғастыру керек (мысалы, липидті төмендететін антитромбоцитарлық дәрілерді қабылдау). Цилостазол емнің аталған түрлерін алмастырмайды.

Тәулігіне екі рет 50 мг дейін дозаны төмендету CYP3A4 күшті тежегіштері болып табылатын дәрілік заттарды мысалы, кейбір макролидті препараттар, азолдар тобынан зеңге қарсы дәрілері, протеаза тежегіштері немесе CYP2C19 күшті тежегіштері болып табылатын дәрілік заттар, мысалы, омепразолды қабылдайтын пациенттерге тағайындалған.

Егде жастағы пациенттер

Пациенттердің осы категориясы үшін дозаны түзетуде қажеттілік жоқ

Балалар мен жасөспірімдер

Препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты деректердің болмауына байланысты балаларға тағайындауға болмайды 

Бүйрек функциясының бұзылуы

Креатинин клиренсі >25мл/минут пациенттерде дозасын түзету талап етілмейді. Креатинин клиренсі ≤ 25 мл/минут пациенттерге препарат қарсы көрсетілімде.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр ауруларының жеңіл түрлерімен пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр функциясы-ның орташа және ауыр бұзылуымен пациенттерге қатысты деректер жоқ. Цилостазол бауыр фермент-терімен белсенді метаболизденетіндіктен ол бауыр функциясының орташа және ауыр бұзылуымен па-циенттерге қарсы көрсетілімде.

 

Әзірге Круровит 100мг №56 табл.Эгис пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады