Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Промедол 2% 1мл №5амп

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№5 ампула
Белсенді зат:
Тримеперидин
Фармакологиялық топ:
Анальгетики
Элемент коды::
0546526123461?
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
740 ₸
Бонустарды сатып алу: 29.60
Қоймада жоқ

- жарақаттар, қатерлі жаңа түзілімдер, күйіктер кезіндегі қарқындылығы күшті және орташа ауыру син-дромында

- тегіс бұлшықеттің түйілулерімен байланысты, соның ішінде ішек, өт және бүйрек шаншулары, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралары кезіндегі ауыру синдромында

- тұрақсыз стенокардия, миокард инфарктісі кезіндегі,

кардиогендік шоктағы ауыру синдромында

- босану кезіндегі ауыруды басуда

- операциядан кейінгі кезеңде ауыруларды басу үшін

- нейролептанальгезияда (нейролептиктермен біріктіріп)

 

- операцияға дайындауда (премедикацияда)

- промедолға (тримеперидинге) жоғары сезімталдық

- тыныс алу орталығының бәсеңдеуі

- шығу тегі белгісіз іш ауруы

- уытты диспепсия (токсиндердің шығарылуының баяулауы және соған байланысты, диареяның өршуі мен ұзаққа созылуы)

- жедел алкогольдік уыттану

- бір мезгілде моноаминооксидаза тежегіштерімен емдеу (соның ішінде, оларды қолданғаннан кейін 21 күн ішінде)

- антибиотиктерді қабылдаудан болған жалғанжарғақшалы колит аясындағы диарея

- босанудан 3 сағат бұрын

- инфекциялар (инфекцияның ОЖЖ өту қаупі)

- жалпы қажу

- нашақорлық (соның ішінде сыртартқысындағы)

- 65 жастан асқандар

- 2 жасқа дейінгі балалар

 

- жүктілік, лактация кезеңі

Жиі

- жүрек айнуы және/немесе құсу, іштің қатуы

- бас айналуы, әлсіздік, ұйқышылдық

- артериялық қысымның төмендеуі, ортостатикалық гипотензия

Жиі емес

- ауыздың құрғауы, анорексия, өт шығару жолдарының түйілуі ары қарай бауыр энзимдері деңгейінің өзгерістерімен, асқазан-ішек жолының тітіркенуі

- бас ауыруы, көру жітілігінің бұлыңғырлығы, диплопия, тремор, бұлшықеттердің еріксіз тартылуы, жайсыздық, эйфория, ашушаңдық, шаршау, түнгі қорқынышты түстер, әдеттен тыс түс көрулер, маза-сыз ұйқы, сананың шатасуы, көңіл-күйдің өзгеруі

- тыныс алу орталығының бәсеңдеуі

- аритмиялар, брадикардия, тахикардия

- диурездің төмендеуі, несепағардың түйілуі (несеп шығарудың қиындауы және ауырсынуы, кіші дәрет-ке жиі отырғысы келу)

- бронх түйілуі, ларингоспазм, ангионевротикалық ісіну

- антипиретикалық әсер, қатты тершеңдік

Сирек

- ішектің қабыну ауруларында ішектің паралитикалық бітелуі мен уытты мегаколон болуы мүмкін (іштің қатуы, метеоризм, жүрек айнуы, асқазанның түйілуі, гастралгия, құсу)

- елестеулер, депрессия, балаларда – парадоксальді қозу, мазасыздық

- тері бөртпесі, терінің қышуы, беттің ісінуі

- жергілікті реакциялар: гиперемия, ісіну, инъекция орнының күйдіруі

Жиілігі белгісіз

- құрысулар, бұлшықеттердің сіресуі (әсіресе тыныс алу)

- психомоторлық реакциялар жылдамдығының баяулауы, бағдарсыздық

- дағдылану, дәріге тәуелділік

- артериялық қысымның жоғарылауы

- гепатоуыттылық (несептің қараюы, нәжістің бозаруы, аққабық пен тері жабындарының сарғыштығы)

- кейбір пациенттерде бассүйекішілік қысымның жоғарылауы

- либидо төмендеуі

- миоз, құлақтағы шуыл

- апиындардың жоғары дозаларын қолдану тыныс алудың депрессиясына және кома жағдайына алып келуі мүмкін

- препаратты жоғары дозаларда қолданғанда бүйрек жеткіліксіздігі үдеуі мүмкін

 

- қарашықтардың дилатациясы, бұл гипоксияның дамуын көрсетеді

Тері астына, бұлшықет ішіне және көктамыр ішіне тағайындайды.

Ересектерге т/а ерітіндінің 1 мл 1% немесе 2%-ын; қарқынды ауыруда, ең алдымен қатерлі ісіктер мен ауыр жарақаттарда - 2% ерітіндіні 2 мл дейін енгізеді. Онкологиялық ауруларда сәйкесінше дозасын әр 12-24 сағат сайын, ауырудың қарқындылық дәрежесіне байланысты тағайындайды.

Премедикацияның негізгі компоненті ретінде - т/а немесе б/і 0,0005 г (0,5 мг) атропин сульфатымен бірге  0,02-0,03 г дозада (1-1,5 мл 2% ерітінді) операцияға дейін 30-45 минут бұрын (шұғыл премеди-кация үшін к/і қолданады).

Операциядан кейінгі кезеңде тыныс алудың бұзылуы жоқ болса, ауыруды басатын және шокқа қарсы дәрі ретінде т/а 1 мл 1% немесе 2% ерітіндіні енгізеді.

Тегіс бұлшықеттердің түйілуінен болған ауыруларда (өт, бүйрек, ішек шаншуы), промедолды науқастың жағдайын мұқият бақылай отырып, атропин тәрізді және түйілуді басатын дәрілік заттармен біріктіру керек.

Босану кезіндегі ауыруды басуда жатыр аңқасы 3-4 см ашылғанда және ұрықтың жағдайы (ұрықтың жүрек ырғағы мен ЖЖЖ) қанағаттанарлық болса, препаратты 20-40 мг дозаларда тері астына немесе бұлшықет ішіне енгізе отырып жүргізіледі.

Промедол жатыр мойнының ашылуын жеделдете отырып, оған түйілуді басатын әсер береді. Препараттың соңғы дозасын ұрық пен жаңа туған нәрестенің есірткілік депрессиясын болдырмас үшін, босануға 30-60 минут қалғанда енгізеді.

Ересектерге арналған ең жоғарғы дозалары: бір реттік - 40 мг, тәуліктік - 160 мг.

2 жастан асқан балалар

Балаларға арналған дозасы кг дене салмағына 0.1 - 0.5 мг құрайды, қажет болса препаратты қайта енгізуге болады.

 

Егде жастағы және психикалық жағдайының бұзылулары бар пациенттерге, сондай-ақ бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға дозасын төмендету керек.

Әзірге Промедол 2% 1мл №5амп пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады