Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Денигма 10мг №140табл Кусум

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблетки №140
Белсенді зат:
Мемантин
Фармакологиялық топ:
Деменцияны емдеуге арналған препараттар.
Элемент коды::
0
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

 

- Альцгеймер ауруының орташа және ауыр түрінде.

 

 

 

 

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

- бауыр және бүйрек функциясының айқын бұзылулары

 

 

 

 

Жиі

- бас айналу, бас ауыру, ұйқышылдық

- артериялық гипертензия

- ентігу

- іш қатулар

Жиі емес

- зеңді жұқпалар

- сананың шатасуы, мазасыздық, қатты қозу, ұйқысыздық, қажу, елестеулер (елестеулер, негізінен, Альцгеймер ауруының ағымы ауыр өтетін емделушілерде байқалды)

- жүріс-тұрыстың бұзылуы

- көзішілік қысымның көтерілуі

- жүрек жеткіліксіздігі, көктамыр тромбоздары, тромбоэмболиялар

- тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары функциясының бұзылуы

Өте сирек

- құрысу ұстамалары

Жиілігі белгісіз

- Альцгеймер психоздық реакциялары

- панкреатит

Постмаркетингтік кезеңде депрессияның бірлі-жарым жағдайлары, суицидтік және өзін-өзі өлтіру ойлары жөнінде хабарланды, бұл оқиғалар мемантин алған емделушілерде тіркелген.

 

 

 

 

Емдеуді дәрігердің қадағалауымен бастап, жүргізген жөн. Емді емделушінің препаратты қабылдауын бақылап отыратын қамқоршысы болғанда ғана бастау керек.

Таблеткаларды тәулігіне 1 рет күнделікті және белгілі бір уақытта қабылдау керек. Таблеткаларды тамақпен бірге немесе ас ішуге байланыссыз қолдануға болады.

Ересектер.

Ең жоғары тәуліктік дозасы 20 мг құрайды. Теріс реакциялардың пайда болу қаупін төмендету мақса-тындағы демеуші доза алғашқы 3 апта ішінде дозаны біртіндеп аптасына 5 мг арттыру арқылы былай-ша белгіленеді:

1-ші апта (1-7 күн): апта бойы тәулігіне 5 мг қабылдау;

2-ші апта (8-14 күн): апта бойы тәулігіне 10 мг қабылдау;

3-ші апта (15-21 күн): апта бойы тәулігіне 15 мг қабылдау;

4-ші аптадан бастап: күн сайын тәулігіне 20 мг қабылдау.

Ұсынылатын демеуші дозасы тәулігіне 20 мг құрайды.

Емдеу ұзақтығын Альцгеймер ауруын диагностикалау және емдеу тәжірибесі бар дәрігер әркімге жеке белгілейді.

Егде жастағы емделушілер.

Жоғарыда көрсетілгендей, 65 жастан асқан емделушілерге ұсынылатын дозасы тәулігіне 20мг (тәулігіне 1 рет 10 мг-ден 2 таблетка) құрайды.

Бүйрек функциясының төмендеуі.

Ауырлығы жеңіл дәрежедегі бүйрек функциясының бұзылуы бар емделушілерге (креатинин клиренсі 50-80 мл/мин) препарат дозасын азайту қажет емес. Ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек функциясы-ның бұзылуы бар емделушілерге (креатинин клиренсі 30-49 мл/мин) тәуліктік дозасын 10 мг дейін азайту керек. Егер теріс реакциялары жоқ болса, кем дегенде, 7 күн емделген соң стандартты сызба бойынша дозаны тәулігіне 20 мг дейін арттыруға болады. Бүйрек функциясы ауыр дәрежеде бұзылған емделушілерге (креатинин клиренсі 5-29 мл/мин) тәуліктік дозаны 10мг дейін азайту керек.

Бауыр функциясының төмендеуі.

Ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі бауыр функциясының бұзылуы бар емделушілерге (Child Pugh A, B) дозаны түзету қажет емес.

Бауыр функциясы ауыр бұзылған емделушілерге мемантин қолдану ұсынылмайды.

 

 

Әзірге Денигма 10мг №140табл Кусум пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады