Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Диклосейф 100мг №10супп рект Кусум

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Ректальді суппозиторийлер
Белсенді зат:
Натрий диклофенагы
Фармакологиялық топ:
Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар, стероидты емес.
Элемент коды::
8904220107797
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
1 055 ₸
Бонустарды сатып алу: 31.65
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

Төмендегіні қоса, ауқымы кең ауруларда кез келген дәрежедегі ауыруды және қабынуды жеңілдетеді:     

- артритте: ревматоидты артритте, остеоартритте, шорбуынданатын спондилитте (Бехтерев ауруы), жедел подаграда

- периартрит (мысалы, иық-жауырын периартриті), тендинит, теносиновит, бурсит сияқты сүйек-бұлшықет ауруларында

- сүйектің сынуын, белдің ауыруын, байламдардың созылуын, шығуды, ортопедиялық, стоматологиялық операцияларды және басқа да кіші хирургиялық араласымды қоса, жарақаттану нәтижесінен болған ауыру синдромдарының басқа да түрлерінде.

 

- белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық   

- жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігінің (NYHA II-IV) анықталуы, жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялар аурулары немесе цереброваскулярлық аурулар

- асқыну сатысындағы асқазанның немесе ішектің ойық жаралары, қан кету немесе тесілу, бұдан бұрын ҚҚСП қабылдаумен байланысты асқазан-ішектік қан кетулерді немесе тесілуді бастан кешіру

- жедел немесе қайталанатын ойық жара ауру/қан кету (анамнезде анықталған ойық жаралардың немесе қан кетулердің екі немесе одан көбірек көріністер) 

- бауыр, бүйрек немесе жүрек функцияларының ауыр жеткіліксіздігі

- ибупрофенді, ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да ҚҚСП қабылдау салдарынан бронх демікпесінің ұстамалары, есекжем, ангионевроздық ісіну, жедел ринит өршіген пациенттерге   

- проктит

- жүктіліктің III триместрі

- 15 жасқа дейінгі балалар

 

 

 

Келесі жағымсыз әсерлер  қысқа мерзімдік және ұзақ уақыт қабылдаған жағдайда Диклофенак препараты суппозиторийлерінің ректальді түрлерін және/немесе натрий диклофенагының басқа дәрілік түрлерін енгізумен байланысты құбылыс-тарды қамтиды.   

Жиі (≥ 1/100, <1/10)

-бас ауыру, бас айналу

- жүректің айнуы, құсу, диарея, диспепсия, іштің ауыруы, метеоризм, тәбеттің төмендеуі 

-трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы

-тері бөртпесі

Сирек (≥ 1/10000, <1/1000)

- аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық және анафилактоидтық реакциялар (артериялық гипотензияны және шокты қоса)

- ұйқышылдық, қажығыштық 

- бронх демікпесі (ентігуді қоса)

- гастрит, асқазан-ішектік қан кету, қан құсу, геморрагиялық диарея, мелена, асқазан мен ішектің ойық жаралары (қан кетумен немесе тесілумен қатар жүретін немесе қатар жүрмейтін) 

- гепатит, сарғаю, бауыр функциясының бұзылуы

- есекжем

- енгізген жердің тітіркенуі, ісінулер 

- сүт бездерінің аурушаңдығы, әйелдерде ұрпақ өрбіту функциясының бұзылуы 

Өте сирек (< 1/10000)

- тромбоцитопения, лейкопения, гемолиздік анемия, апластикалық анемия, агранулоцитоз

- ангионевроздық ісіну (беттің ісінуін қоса)

- бағдардан адасу, депрессия, ұйқысыздық, түнгі қорқынышты түстер, ашушаңдық, психикалық бұзылыстар 

- парестезиялар, жадының бұзылыстары, құрысулар

- үрейлену, тремор, дәмнің бұзылуы, асептикалық менингит, инсульт

- көрудің бұзылуы, көрудің жіті болмауы, диплопия

- естудің бұзылулары, құлақтың шуылдауы 

- жүрек қағуының жиілеуі, кеуденің ауыруы, жүрек функциясының жеткіліксіздігі, миокард  инфарктісі 

- артериялық гипертензия, артериялық гипотензия, васкулит

- пневмонит

- колит (геморрагиялық колитті және ойық жаралы колитті немесе Крон ауруын қоса)   

- іш қату, стоматит (соның ішінде ойық жаралы стоматит), глоссит

- өңеш функциясының бұзылуы, ішектің диафрагма тәрізді стенозы

-  панкреатит

- шұғыл дамитын гепатит, бауыр некрозы, бауыр функциясының жеткіліксіздігі 

- тері және теріасты шелінің аурулары

- буллездік  бөртпелер, экзема, эритема, мультиформалы эритема

- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы), эксфолиативті дерматит

- алопеция, фотосезімталдық реакциялары, пурпура, соның ішінде алллергиялық, қышыну

- бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі, гематурия, протеинурия

- нефроздық синдром, интерстициальді нефрит, бүйректік папиллярлы некроз, не-сеп шығару бұзылысы 

- импотенция

Жиілігі белгісіз 

-  сананың шатасуы, елестеулер

- сезімталдықтың бұзылуы, жалпы дімкәстік

- көру жүйкесінің невриті

Клиникалық зерттеулер және эпидемиологиялық зерттеу деректері диклофенакты қолданғанда, әсіресе ұзақ қолданғанда және жоғары дозаларда (тәулігіне 150 мг), тромбоздық асқынулардың (мысалы, миокард инфарктісінің немесе инсульттің) туындау қаупін арттыратындығын көрсетеді.

Дозалары.

Симптомдарды бақылау үшін қажетті қысқа уақыт ішінде тиімді ең төмен дозаны қабылдай отырып, жағымсыз әсерлер барынша азайтылуы мүмкін.   

Ішке қабылдауға болмайды, тек ректальді түрде енгізуге арналған.

Суппозиторийлерді тік ішекке енгізу керек. Суппозиторийді дефекациядан кейін енгізу ұсынылады.    

Ересектер

Тәуліктік доза – 100 мг.

Ересектер және 15 жастан асқан жасөспірімдер үшін ұсынылатын доза –  1 суппозиторийден, оны әдетте ұйқы алдында күніне бір рет енгізеді. Ең жоғары тәуліктік доза 150 мг-ден аспауы тиіс.

Әртүрлі дәрілік түрлер, мысалы, таблеткалар мен суппозиторийлер біріктірілуі мүмкін.

Қажет болған жағдайда 25 мг немесе 50 мг таблеткалармен біріктірілуі мүмкін, сонымен қатар тәуліктік доза 150 мг-ден аспауы тиіс. 

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер:

Егде жастағы пациенттерде ДИКЛОСЕЙФ® препаратының фармакокинетикалық бейінінде клиникалық тұрғыдан маңызды өзгерулер білінбесе де, ҚҚСД-ні жағымсыз әсерлердің дамуына бейім пациенттердің осы тобына сақтықпен тағайындаған жөн. Қартайған жастағы әлсіз немесе дене салмағы аз пациенттерге ҚҚСД ем жүргізген кезде тиімді ең ақ дозалар, сондай-ақ асқазан-ішектік қан кетулерге мониторинг жүргізу ұсынылады.    

Бүйрек функциясының бұзылуы:

Диклофенакты бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер қатыстырылған зерттеулер жүргізілген жоқ. Демек, дозаны түзетуге қатысты нұсқаулар жоқ.   

Диклофенакты бүйрек функциясының жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолданғанда сақтық танытқан жөн.  

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі:

Диклофенакты бауыр функциясының жедел жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер қатыстырылған зерттеулер жүргізілген жоқ. Демек, дозаны түзетуге қатысты нұсқаулар жоқ.   

Диклофенакты бүйрек функциясының жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолданғанда сақтық танытқан жөн.  

 

Әзірге Диклосейф 100мг №10супп рект Кусум пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
3
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
920 ₸  
1
Д.Бедного (АПТЕКА при ГП №6)
+7 (7262) 46-30-32
1055 ₸  
1
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
1055 ₸  
2
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
1055 ₸  
1
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
1055 ₸  
1
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
1055 ₸  
1
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
1055 ₸  
4
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
1055 ₸  
5
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
1055 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады