Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Ко-Амлесса 8мг/5мг/2,5мг №30табл KRKA

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Периндоприл, амлодипин, индапамид
Фармакологиялық топ:
Басқа препараттармен біріктірілген АКФ тежегіштері.
Элемент коды::
3838989710675
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- эссенциальді гипертензияда

Периндоприлмен байланысты:

- периндоприлге (немесе кез келген басқа АКФ тежегішіне) жоғары сезімталдық

- сыртартқыдағы АКФ тежегіштерімен алдыңғы емдеумен байланысты ангионевроздық ісіну

- тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну

- жүктілік

Индапамидпен байланысты:

- индапамидке (немесе кез келген басқа сульфонамид туындыларына) жоғары сезімталдық

- ауыр және орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі (КК<60 мл мин)

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- бауыр энцефалопатиясы

- гипокалиемия

- «пируэт» сияқты қарыншалық аритмиялар тудыруы мүмкін аритмияға қарсы препараттарды бір мез-гілде қолдану

- лактация

Амлодипинмен байланысты:

- амлодипинге (немесе кез келген басқа дигидропиридин туындыларына) немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- ауыр артериялық гипотензия

- шок, кардиогенді шокты қоса

- сол жақ қарынша шығу жолының обструкциясы (мысалы, ауыр қолқа стенозы)

- жедел миокард инфарктісінен кейінгі гемодинамикалық тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі

Жеткілікті емдік қолдану тәжірибесінің болмауына байланысты, Ко-Амлесса таблеткаларын:

- диализде жүрген

- емделмейтін декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі бар (негізгі ем болмағанда) пациенттерде

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.

Периндоприл қолдану ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін тежейді және индапамидтен болатын калий жоғалтудың азаюына ықпал етеді.

2 мг периндоприл/0,625 мг индапамид қабылдаған пациенттердің 2 %-да, 4 мг периндоприл/1,25 мг индапамид қабылдаған пациенттердің 4 %-да және 8 мг периндоприл/2,5 мг индапамид қабылдаған пациенттердің 6 %-да гипокалиемия (калий деңгейі <3,4 ммоль/л) білінген.

Амлодипинмен емделу кезінде ең жиі жағымсыз реакциялар ұйқышылдық, бас айналу, бас ауыру, жүрек қағу, қызару, іштің ауыруы, жүрек айну, тобықбуынның ісінуі, ісіну және шаршау болып табылады.

Периндоприл/Индапамид

Жиі (≥1/100- ден <1/10 дейін)

- бас айналу, бас ауыру, парестезия, вертиго

- көрудің нашарлауы (соның ішінде диплопия)

- құлақтың шуылдауы

- гипотензия (және гипотензиямен байланысты әсерлер)

- ентігу, жөтел

- іштің ауыруы, жүрек айну, эпигастрийдегі ауыру, құсу, диспепсия, ауыздың кеберсуі, дисгевзия, диарея, іш қату

- анорексия

- қышыну, бөртпе, макулопапулезді бөрту

- бұлшықеттердің құрысуы

- астения

Жиі емес (≥1/1,000-нан <1/100 дейін)

- аллергиялық реакция: есекжем

- көңіл-күйдің өзгеруі

- ұйқының бұзылуы

- бронх түйілуі

- бет, аяқ-қол, ерін, шырышты қабықтар, тіл, дауыс саңылауы және/немесе көмейдің ангионевроздық ісінуі

- тершеңдік

- бұрыннан бар жедел диссеминацияланған қызыл жегінің болжамды өршуі

- бүйрек функциясының бұзылуы

- импотенция

Сирек (≥1/10,000-нан <1/1,000 дейін)

- сарысуда билирубин мөлшерінің және бауыр ферменттерінің жоғарылауы

Өте сирек (<1/10,000)

- лейкопения/нейтропения, агранулоцитоз немесе панцитопения, тромбоцитопения, апластикалық анемия, гемолиздік анемия

- сананың шатасуы

- жоғары қауіп тобындағы пациенттерде шектен тыс гипотензиядан болуы мүмкін стенокардия

- жоғары қауіп тобындағы пациенттерде шектен тыс гипотензиядан болуы мүмкін миокард инфарктісі

- аритмия (брадикардия, қарыншалық тахикардия және жүрекшелер фибрилляциясын қоса)

- васкулит

- ринит

- эозинофильді пневмония

- панкреатит

- гепатит, цитолиздік немесе холестаздық гепатит

- эритема

- Стивенс-Джонсон синдромы (қатерлі экссудаттық эритема)

- уытты эпидермалық некролиз

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі

Белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес)

- дірілдеу-жыпылықтау (өліммен аяқталуы мүмкін)

- бауыр жеткіліксіздігі жағдайында бауыр энцефалопатиясының басталу мүмкіндігі

- көздің қарығуы

- гипокалиемия

- ортостатикалық гипотензия мен сусыздануды тудыратын гиповолемиясы бар гипонатриемия

- васкулит

- қандағы мочевина мен плазмадағы креатининнің жоғары деңгейі гиперкалиемия

Амлодипин

Жиі (≥1/100- ден <1/10 дейін)

- ұйқышылдық, бас айналу, бас ауыру

- іштің ауыруы, жүрек айну

- тобықбуынның ісінуі

- ісіну, шеткергі ісіну

- шаршау

Жиі емес (≥1/1,000-нан <1/100 дейін)

- салмақ қосылуы немесе кемуі

- ұйқысыздық, көңіл-күйдің өзгеруі

- тремор, гипестезия, парестезия

- көрудің нашарлауы (соның ішінде диплопия)

- құлақтың шуылдауы

- жүректің жиі соғуы

- синкопе

- гипотензия (және гипотензиямен байланысты әсерлер)

- ентігу, ринит

- құсу, диспепсия, ішек перистальтикасындағы өзгерістер, ауыздың кеберсуі

- алопеция, пурпура, терінің түссізденуі, тершеңдік, қышыну, бөртпе

- артралгия, миалгия, бұлшықеттердің құрысуы, арқаның ауыруы,

- несеп шығарудың бұзылуы, түнгі полиурия, несеп шығарудың жиілеуі

- импотенция, гинекомастия

- кеуденің ауыруы, астения, ауыру, дімкәстану

- салмақтың кемуі немесе артуы

Сирек (≥1/10,000-нан <1/1,000 дейін)

- сананың шатасуы

Өте сирек (<1/10,000)

- лейкопения/нейтропения, тромбоцитопения

- Квинке ісінуі, аллергиялық реакция: есекжем

- гипергликемия

- гипертония

- шеткергі нейропатия

- жоғары қауіп тобының пациенттерінде шектен тыс гипотензиядан туындауы мүмкін миокард инфарктісі

- аритмия (брадикардия, қарыншалық тахикардия мен жүрекшелер фибрилляциясын қоса)

- жөтел

- гипертрофиялық гингивит

- панкреатит, гастрит

- гепатит, холестаздық сарғаю

- эритема (әр алуан түрлері)

- бет, аяқ-қол, ерін, шырышты қабықтар, тіл, дауыс саңылауы және/немесе көмейдің ангионевроздық ісінуі

- эритема

- эксфолиативті дерматит

- Стивенс-Джонсон синдромы (қатерлі экссудаттық эритема)

- көздің қарығуы

- бауыр ферменттері деңгейінің: АCТ, АCT жоғарылауы (негізінен,

холестазға сәйкес келеді)

Кальций өзектерінің блокаторлары қабылданғанда экстрапирамидалық

синдромның бірлі-жарым жағдайлары хабарланған.

Ішке қабылдауға арналған.

Ко-Aмлeссаның ең жоғары ұсынылатын дозасы күніне 8 мг/10 мг/2,5 мг құрайды.

Бір реттік доза түріндегі күніне бір таблетканы таңертеңгілік ас ішу алдында қабылдаған дұрыс. Қажет болса, 4 мг/10 мг/1,25 мг және 8 мг/10 мг/2,5 мг дозаланған Ко-Aмлeсса таблеткаларын тең дозаларға бөлуге болады.

Пациенттің 4 мг/10 мг/1,25 мг немесе 8 мг/10 мг/2,5 мг дозаланған таблетканы, оны жоғарыға бағыт-талған сызығымен тегіс беткейге қойып және екі саусақпен таблетканың екі жағынан басып, бөлуіне болады.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер және егде жастағы пациенттер Периндоприлат шығарылуы егде жастағы пациенттерде, сондай-ақ бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде баяулайды. Сондықтан, әдеттегі медициналық бақылауда креатинин мен калий деңгейіне жиі мониторинг жасау қамтылуы тиіс.

Бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түріне (КК 30 мл/мин төмен) шалдыққан пациенттерде Ко-Aмлeсса препаратымен емдеу қарсы көрсетілімді.

8 мг/5 мг/2,5 мг және 8 мг/10 мг/2,5 мг дозалар ауырлығы ауыр және орташа бүйрек жеткіліксіздігінде (КК 60 мл/мин төмен) қарсы көрсетілімді.

Ко-Aмлeсса препаратын КК  60 мл/мин пациенттерге тағайындауға болады.

Бұл пациенттерге жекелеген компоненттер дозаларын жекеше титрлеу ұсынылады.

Плазмадағы амлодипин концентрациясының өзгерістері бүйректің зақымдану дәрежесімен өзара байланысты емес.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр жеткіліксіздігінің ауыр түріне шалдыққан пациенттерде Ко-Aмлeсса препаратымен емдеу қарсы көрсетілімді.

Бауыр жеткіліксіздігінің ауырлығы орташа пациенттер үшін дозалау режимі белгіленбеген. Сондықтан, ондай пациенттерге Ко-Aмлeссаны сақтықпен тағайындау керек.

Педиатрияда қолдану

Қазіргі уақытқа дейін Ко-Aмлeссаны балалар мен жасөспірімдерде қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Әзірге Ко-Амлесса 8мг/5мг/2,5мг №30табл KRKA пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады