Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Сенаде №500 таб Ципла Лтд Доктор Реддис

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 20
Белсенді зат:
Кальций сеннозиді
Фармакологиялық топ:
Іш жүргізетіндер
Элемент коды::
0
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- созылмалы іш қатуларда

- геморрой, проктит, анус сызаты кезінде нәжісті реттеуде

- рентгенологиялық зерттеуге дайындауда.

- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- ішек бітелісі және стеноз, атония, аппендицит, жуан ішектің қабыну аурулары (мысалы Крон ауруы, ойық жаралы колит)

- шығу тегі белгісіз іштің ауыруы, су-электролиттік метаболизмдік бұзылулар болатын ауыр сусыздану

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға

- 6 жасқа дейінгі балалар.

Төменде келтірілген жағымсыз әсерлері жиілігі мен ағзалар жүйесінің класына (АЖК) сәйкес жіктелген. Жиілік санаттары MedDRA (Реттеу қызметі терминдерінің медициналық сөздігі) белгілеріне сәйкес анық-талған: Өте жиі (≥1/10); Жиі (≥1/100 до <1/10); Жиі емес (≥1/1000 до <1/100); Сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін); Өте сирек (<1/10000); Белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).

Жиі

- жоғары сезімталдық реакциялары (қышыну, бөртпе, оқшауланған немесе жайылған экзантема).

Болуы мүмкін

- шаншу типіне қарай іштің ауыруы, сұйық нәжіспен түйілулер, метеоризм, жүрек айну және құсу, атап айтқанда, жуан ішегі тітіркенген пациенттерде.

Алайда бұл симптомдар жекелей артық дозалануға байланысты байқалған.

Мұндай жағдайларда препарат қабылдауды тоқтату немесе оның дозасын төмендету қажет.

- препаратты ұзақ қабылдау сұйықтық пен электролиттер теңгерімінің метаболизмдік бұзылуларын туындатады, бұл екінші сусызданудың, гипотензияның, әсіресе егде жастағы адамадарда, альбумин-урия, гематурия және уремия дамуына әкеледі. Мұнымен қоса, ұзақ қабылдау әдетте пациент препарат қабылдауды тоқтатқаннан кейін төмендейтін ішек шырышты қабығы пигментациясын туындатуы мүм-кін. Емдеу рН мәніне байланысты метаболиттермен несептің сары немесе қызылдау-қоңыр түске боялу-ына әкелуі мүмкін.

Сирек

- препаратты шамадан тыс қабылдау гипокалиемияға әкеледі.

Гипокалиемияның этиологиясы көпфакторлы: электролиттердің ішекте тасымалдануы гипокалиемияны күшейтеді, бұл атап айтқанда жүрек гликозидтерін, диуретиктерді бір мезгілде қолданғанда жүрек жә-не бұлшықет әлсіздігі проблемаларына, ренин плазмалық концентрациясының жоғарылауына, салдар-лы альдостеронизмге және сіңірілудің төмендеуіне алып келеді. Бұл өзгерістер іш жүргізетін дәрілер қолдануды тоқтатқаннан кейін әдетте қайтымды болады.

Күмәнді жағымсыз реакциялар туралы хабарлама

Дәрілік затты тіркегеннен кейінгі кезеңдегі күмәнді жағымсыз реакциялар туралы хабарламаның маңызы зор. Бұл дәрілік заттың пайда/қауіп теңгеріміне үздіксіз мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Медицина қызметкерлерінен кез келген күмәнді жағымсыз реакциялар туралы жергілікті ұлттық хабар-лау жүйесі арқылы хабарлау сұралады.

Ішке әдетте кешкі ұйқыға жатар алдында тәулігіне 1 рет қабылдайды.

Ересектер және 12 жастан асқан балалар: ұйқыға жатар алдында 1 таблеткадан, сумен немесе қандай да болсын сусынмен ішіп қабылдау керек. Ең жоғары тәуліктік доза – 3 таблетка.

6-12 жастағы балалар: ұйқыға жатар алдында ½ таблеткадан. Ең жоғары тәуліктік доза – 2 таблетка.

Емдеу барысында таңдап алынған белгілі бір дозаны бірнеше күн қабылдаған және оны біртіндеп ½ таблеткаға дейін арттырып отырған жөн. Егер ең жоғары дозадан кейін 3 күн ішінде дефекация жүрмесе, дәрігерге қаралу қажет.

Әзірге Сенаде №500 таб Ципла Лтд Доктор Реддис пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады