Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Валмак (Валсартан) 40мг №30 табл.Маклеодс

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Валсартан
Фармакологиялық топ:
Ангиотензин ІІ антагонисттерi.
Элемент коды::
8901463120729
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- ересек пациенттерде артериялық гипертензияны және 6-дан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірім-дерде артериялық гипертензияны емдеуде

- ересек пациенттердегі жүрек жеткіліксіздігін емдеуде

- сол жақ қарынша жеткіліксіздігі және/немесе сол жақ қарыншалық систолалық дисфункциясының белгі-лері бар клиникалық тұрақты ересек пациенттердегі инфарктен кейінгі жай-күйді емдеуде

-препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

- бауыр функциясының айқын бұзылуы, бауырдың биллиарлық циррозы,   холестаз

- 2 типті қант диабеті немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар (ШСЖ<60 мл/мин/1,73 м2) пациент-терге валсартанды немесе АӨФ тежегіштерін қоса, ангиотензин рецепторларының антагонистерін алиски-ренмен бір мезгілде пайдалану

- жүктілік және лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балалар

6-дан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- креатинин клиренсі <30 мл/мин бүйрек функциясының бұзылуымен, сондай-ақ диализ қабылдайтын ба-ла жасындағы пациенттер

- бауыр функциясының ауыр бұзылуымен, бауырдың билиарлық циррозымен және холестазбен

Жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігі былай бағаланады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 - <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 - <1/100 дейін), сирек (≥1/10000 - <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000).

Артериялық гипертензиясы бар пациенттерде

Жиі

- гиперкалиемия

Жиі емес

- бас айналуы, шаршағыштық

- жөтел

- іштің ауыруы

Белгісіз (қолда бар деректермен жиілікті анықтау мүмкін емес)

- гемоглобин деңгейінің төмендеуі, гематокриттің төмендеуі, тромбоцитопения, нейтропения

- сарысу құю ауруын қоса, аса жоғары сезімталдық

- қан сарысуындағы калий деңгейінің артуы, гипонатриемия

- васкулит

- қан сарысуындағы билирубин құрамының жоғарылауын қоса, бауырдың функционалдық сынамалары мәнінің жоғарылауы

- миалгия

-бүйрек функциясының бұзылуы, бүйрек жеткіліксіздігі, қан сарысуындағы креатинин деңгейінің жоғарылауы

- ангионевроздық ісіну, Квинке ісінуі, бөртпе, қышыну, буллезді дерматит

Миокард инфарктісін өткерген және/немесе жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде

Жиі

- бас айналуы, вертиго

- артериялық гипотензия, ортостаздық гипотензия

- бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының бұзылуы

Жиі емес

- гиперкалиемия

- естен тану, бас ауыруы, бас айналуы

- әлсіздік, астения, шаршағыштық

- жүрек жеткіліксіздігі

- жөтел

- жүрек айнуы, диарея

- ангионевроздық ісіну

- жедел бүйрек жеткілкісіздігі, қан сарысуындағы креатинин концентрациясының жоғарылауы

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде жиілікті анықтау мүмкін емес)

- тромбоцитопения

- сарысу құюға реакцияны қоса аса жоғары сезімталдық

- васкулит

- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы

- бөртпе, қышыну, буллезді дерматит

- миалгия

- қандағы мочевина азоты деңгейінің жоғарылауы

- қан плазмасында калийдің жоғарылауы, гипонатриемия.

Валмак тамақ ішуге байланыссыз, сумен жұту арқылы ішке қабылданады.

Взрослые

Артериялық гипертензия

Валмак препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы күніне бір рет 80 мг құрайды. Гипертензияға қарсы әсері 2 апта бойы қабылдағанда бақыланды, препарат қабылдаудың ең жоғары әсеріне 4 апта ішінде жетеді. Артериялық қысымы тиісті түрде бақыланбайтын пациенттерде дозаны 160 мг дейін не-месе ең жоғары - 320 мг дейін ұлғайтуға болады.

Валмакты артериялық қысымды төмендететін басқа препараттармен қабылдауға болады. Бір мезгілде диуретиктер қабылдау (гидрохлоротиазид сияқты) артериялқ қысымның көп төмендеуіне ықпал етеді.

Жүрек жеткіліксіздігі

Валмак препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы күніне екі рет 40 мг құрайды. Дозаны 80 мг және 160 мг дейін күніне екі рет ұлғайтуды ең жоғары дозаға дейін кемінде 2 апта аралығымен препараттың пациентке жағымдылығын ескере отырып, біртіндеп жүргізу керек. Валмакпен бірге қабылданатын ди-уретиктердің дозасын төмендету қажет. Ең жоғары күнделікті дозасы бірнеше қабылдауға бөлінген, 320 мг құрайды. Жүрек жеткіліксіздігін емдеу үшін Валмакты басқа препараттармен бір мезгілде қабылдау-ға болады. Алайда, АӨФ тежегіші, валсартан және бета-блокатор немесе калий сақтаушы диуретиктің үшкомпонентті біріктірілімін қолдану ұсынылмайды. Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді тексеру ке-зінде бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет.

Жуырда өткерген миокард инфаркті

Клиникалық тұрақты пациенттерге Валмак препаратымен емді миокард инфарктісінен кейін 12 сағаттан соң бастауға болады. Күніне екі рет 20 мг бастапқы дозаны қолданудан кейін дозаны келесі бірнеше апта бойына күніне екі рет 40 мг, 80 мг және 160 мг дейін ұлғайтуға болады. Бастапқы дозаны ортасы-нан бөлінген 40 мг Валмак препаратының бір таблеткасын қабылдаумен қамтамасыз етуге болады.

Негізгі ең жоғары дозасы күніне екі рет 160 мг құрайды. Пациенттер бастапқыда емді бастаған сәттен екі апта бойына күніне екі рет 80 мг дозада және пациентке препараттың жағымдылығына қарай 3 ай бойына күніне екі рет негізгі ең жоғары 160 мг дозада қабылдау ұсынылады.

Гипотензия симптомдары немесе бүйрек жеткіліксіздігі туындаған жағдайда препарат дозасын төмен-дету керек.

Валмак препаратымен емді миокард инфарктісінен кейін емнің басқа түрлерімен қатарлас, мысалы, тромболитиктермен, ацетилсалицил қышқылымен, бета-блокаторлармен, статиндермен және диуретик-термен жүргізуге болады.

Препаратты АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Миокард инфарктісін өткерген пациенттерді зерттегенде әркез бүйрек функциясын бағалау жүргізу керек.

Емнің ұзақтығын дәрігер белгілейді.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерді емдеу кезінде дозаны түзету талап етілмейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі >10 мл/мин ересек пациенттерді емдеу кезінде дозаны түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Холестазбен қатар жүрмейтін, бауыр функциясының әлсіз немесе орташа бұзылуы бар пациенттерді емдеу кезінде валсартан дозасы 80 мг-ден аспауы тиіс. Валсартанды бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды.

Балалардың артериялық гипертензиясы

6-дан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Бастапқы доза дене салмағы 35 кг дейінгі балалар үшін тәулігіне 1 рет 40 мг және дене салмағы 35 кг немесе одан астам балалар үшін тәулігіне 1 рет 80 мг құрайды. Доза артериялық қысым нәтижелерінің негізінде түзетілуі тиіс. Балалар үшін ең жоғары дозалар төменде көрсетілген:

Дене салмағы Ең жоғары доза

≥ 18 кг - <35 кг дейін 80 мг

≥ 35 кг - <80 кг дейін 160 мг

≥ 80 кг - ≤ 160 кг дейін 320 мг

Аса жоғары доза қолдану ұсынылмайды.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар 6-дан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер КК <30 мл/мин балаларда және диазизбен ем өткеріп жүрген балаларда

Валмак қолдану ұсынылмайды. Креатинин клиренсі >30 мл/мин балаларды емдеу кезінде дозаны түзе-ту талап етілмейді. Бүйрек функциясын және қан сарысуындағы калий құрамын мұқият бақылау қажет.

Бауыр функциясының бұзылуы бар 6-дан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Бауыр функциясының әлсіз немесе орташа айқын бұзылуы бар балаларды емдеу үшін валсартанды клиникалық қолданудың шектеулі тәжірибесі бар.

Бұл жағдайда валсартан дозасы 80 мг-ден аспауы тиіс. Валмак бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, бауыр-дың билиарлы циррозы және холестазы бар балаларға қарсы көрсетілімде. Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Әзірге Валмак (Валсартан) 40мг №30 табл.Маклеодс пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады