Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Цетримак 5мг №30 табл. (левоцетиризин) Маклеодс

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Левоцетиризин
Фармакологиялық топ:
Жүйелік әсер ететін басқа да антигистаминдік препараттар.
Элемент коды::
8901463127155
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- аллергиялық ринитті (оған қоса тұрақты аллергиялық ринит) және есекжемді симптоматикалық емдеу

- препараттың кез келген компоненттеріне, цетиризинге, гидроксизинге немесе пиперазин туындыларына жоғары сезімталдық

- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі (креатинин клиренсі 10 мл/мин кем)

- 6 жасқа дейінгі балалар

- галактоземия, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы

Левоцетиризинмен бір реттік 5 мг дозада жағымсыз әсерлер тіркелген

(жиі: ≥1/100 <1/10 дейін):

6-12 жас аралығындағы балаларда:

-      бас ауыруы, ұйқышылдық.

12 жастан асқан жасөспірімдер мен ересектерде:

-      бас ауыруы, ұйқышылдық, ауыздың құрғауы, шаршау

Төменде көрсетілген жағымсыз әсерлер жүйе-ағза кластары және төмендегі жиілік бойынша анықта-лады: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін); сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалануы мүмкін емес).

Иммундық жүйе тарапынан:

белгісізаса жоғары сезімталдық реакциялары, оның ішінде анафилаксия.

Метаболизм тарапынан:

белгісізтәбеттің жоғарылауы.

Психикалық бұзылыстар:

белгісіз – агрессия, қобалжу, елестеулер, депрессия, ұйқысыздық, суицидтік ойлар.

Орталық жүйке жүйесі тарапынан:

белгісізқұрысулар, парестезия, бас айналуы, тремор, дисгевзия.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан:

белгісіз – жиі жүрек қағуы, тахикардия.

Сезім ағзалары тарапынан:

белгісіз нашар көру, бас айналуы.

Жүрек тарапынан:

белгісіз – жиі жүрек қағуы, тахикардия.

Тыныс алу ағзалары тарапынан:

белгісіз - диспноэ.

Зат алмасу тарапынан:

белгісізтәбеттің жоғарылауы.

Асқазан-ішек жолы тарапынан:

белгісіз жүрек айнуы, құсу, диарея.

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан:

белгісіз – дизурия, несептің кідіруі.

Гепатобилиарлы жүйе тарапынан:

белгісіз - гепатит.

Тері және тері асты-шелмайы тарапынан:

белгісіз – ангионевроздық ісіну, дәрілік бөртпе, терінің қышуы, бөртпе, есекжем.

Сүйек-бұлшықет жүйесі тарапынан:

белгісіз – миалгия, артралгия.

Зертханалық көрсеткіштер тарапынан:

белгісіз дене салмағының өсуі, функционалдық бауыр сынымаларының өзгеруі.

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылыстар:

белгісізісіну.

Левоцетиризин қабылдауды тоқтатқаннан кейін қышу туындауы мүмкін.

Кез келген, оның ішінде нұсқаулықта көрсетілмеген жағымсыз әсерлер пайда болғанда дәрігерге қаралу қажет.

Препаратты шайнамай, аздаған мөлшердегі сумен ішіп, ас қабылдауға байланыссыз ішке қабылдайды. Тәуліктік дозаны бір қабылдаумен ішке қабылдау ұсынылады.

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: ұсынылған тәуліктік доза 5 мг құрайды.

6-12 жас аралығындағы балалар: ұсынылған тәуліктік доза 5 мг құрайды.

Егде пациенттерге (бүйрек функциясы қалыпты болғанда) дозаны төмендету керек емес.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге енгізу кезеңділігін бүйрек функциясына сәйкес жеке белгілеген жөн. Төменде көрсетілген кестеде дозаның қажетті өзгерістері көрсетілген. Осы кестені пайдалану үшін пациентте креатинин клиренсін мл/мин (CLcr) бағалаған жөн. Қан сарысуының креатинин деңгейін (мг/дл) анықтағаннан кейін CLcr (мл/мин) мәнін келесі формуламен бағалауға болады:

 

Ерлер үшін:              [140 – жасы (жылдар)] ´ салмағы (кг)

                       Clcr = ———————————————          

              72 ´ сарысу креатинині (мг/дл)

Әйелдер үшін: алынған мән ´ 0,85

 Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету:

 

Топ

Креатинин клиренсі

 (мл/мин)

Дозасы және қабылдау жиілігі

Бүйрек функциясы қалыпты

 80

  тәулігіне 5 мг

Бүйрек функциясының жеңіл бұзылуы

50 – 79

  тәулігіне 5 мг

Бүйрек функциясының орташа бұзылуы

30 – 49

 күнара 5 мг

Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы

< 30

 5 мг 3 күнде 1 рет

Бүйрек ауруының соңғы сатысы – диализдегі пациенттер

< 10

  Қарсы көрсетілген

Бүйрек жеткіліксіздігі  бар балаларға  креатинин клиренсі мен дене салмағын ескере отырып, дозаны жекелей түзету талап етіледі.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозалау режимін түзету керек емес.

Бауыр және бүйрек функциясының аралас бұзылуы бар пациенттерге дозаны түзету ұсынылады.

Кезеңдік аллергиялық ринитті емдеудің ұзақтығы (симптомдардың ұзақтығы 4 аптадан кем) аурудың түріне, ұзақтығына, симптомдарының барысына және аурудың анамнезіне тәуелді. Емдеуді симптомдар жойылғаннан кейін ғана тоқтатуға болады және симптомдар пайда болғанда қайта жаңғыруы мүмкін.

Персистирленетін аллергиялық ринитті емдеу үшін (симптомдардың ұзақтығы 4 аптадан астам) үздіксіз емдеу пациентке аллергендермен экспозициясы кезеңінде ұсынылуы мүмкін. Қабықпен қапталған таблеткалардағы 5 мг левоцетиризинді 6 ай бойы қолданудың клиникалық тәжірибесі бар. Созылмалы есекжем және созымалы аллергиялық ринит үшін 1 жылға дейін рацематты қолданудың тәжірибесі бар.

Әзірге Цетримак 5мг №30 табл. (левоцетиризин) Маклеодс пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады