Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Силует таб. 2 мг/0,03 мг №21 Гедеон Рихтер

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар
Белсенді зат:
Диеногест, этинилэстрадиол
Фармакологиялық топ:
Жүйелі қолдануға арналған гормональді контрацептивтер
Элемент коды::
5997001362723
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- Гормональді контрацепцияда

Силует ® препаратын тағайындар алдында әйелдердегі, әсіресе веналық тромбоэмболияға қатысты, жекелей қауіп факторларына баға берген, сондай-ақ Силует ® препаратын біріктірілген гормональді басқа контрацептивтермен қабылдаған кездегі веналық тромбоэмболия қаупімен салыстырған жөн.

Біріктірілген гормональді контрацептивтер (БГК) келесі жағдайларда қолданбаған жөн. Егер осы жағ-дайлардың қандай да болсын біреуі препаратты қабылдау аясында алғаш дамыса, оны қабылдау дереу тоқтатылуы тиіс.

- веналық тромбоэмболияның болуы немесе туындау қаупі

- веналық тромбоэмболия – веналық тромбоэмболияның қазіргі таңда болуы (антикоагулянттар аясын-да) немесе анамнезде болуы (мысалы, тереңдегі веналар тромбозы немесе өкпе артериясының тромбо-эмболиясы)

- веналық тромбоэмболияның анықталған, ауырлық түсіретін тұқым қуалаушылығы немесе жүре пайда болатын бейімділігі, мысалы, белсенділенген протеинге (V Лейден факторын қоса) резистенттілігі, ІІІ антитромбин жеткіліксіздігі, С протеин немесе S протеин жеткіліксіздігі

- иммобилизациясы ұзаққа созылатын ауқымды хирургиялық араласымдар

- көптеген қауіп факторларына байланысты веналық тромбоэмболияның жоғары қаупі

- артериялық тромбоэмболияның даму қаупінің болуы

- артериялық тромбоэмболия - артериялық тромбоэмболияның қазіргі таңда немесе анамнезде (мыса-лы, миокард инфарктісі) немесе оның алдындағы жағдайларда (мысалы, стенокардия) болуы

- ми қан айналымының бұзылуы - инсульттің қазіргі таңда немесе анамнезде немесе осының алдын-дағы жағдайда (мысалы, транзиторлық ишемиялық шабуыл) болуы

- артериялық тромбоэмболияның анықталған ауырлық түсіретін тұқым қуалаушылығы немесе жүре пайда болатын бейімділігі, мысалы, гипергомоцистеинемия және антифосфолипидтік антиденелер (ан-тикардиолипиндік антиденелер, жегілік антикоагулянт)

- анамнезде ошақтық неврологиялық симптоматикасы бар бас сақинасының болуы

- көптеген қауіп факторларының болуы немесе төменде берілгендердің күрделі бір қауіп факторлары-ның болуы салдарынан артериялық тромбоэмболияның пайда болуының жоғары қаупінің болуы:

- қантамырлық көріністері бар қант диабеті

- ауыр артериялық гипертензия

- ауыр дислипопротеинемия

- қазіргі таңда немесе анамнезде айқын гипертриглицеридемиясы бар панкреатит

- қазіргі таңда немесе анамнезде, функциональді «бауырлық» тестілердің қалыпты мәндеріне оралма-ған жағдайда, бауырдың ауыр сырқаттарының болуы

- қазіргі таңда немесе анамнезде бауыр ісіктерінің (қатерсіз немесе қатерлі) болуы

- гормонға тәуелді қатерлі белгілі немесе күдікті аурулар (мысалы, жыныс ағзаларының немесе сүт бездерінің)

- қынаптан генезі айқын емес қан кету

- жүктілік және лактация кезеңі

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза–галакто-за мальабсорбциясы

- «Құрамы» бөлімінде берілген әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- Силует ® препаратын және құрамында омбитасвир /паритапревир/ ритонавир және дасабувир бар дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану

Жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін)

- бас ауыру

- сүт бездерінің ауыруы

Жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін)

- тәбеттің жоғарылауы

- көңіл-күйдің түсіп кетуі, бас айналу, бас сақинасы

- артериялық қысымның жоғарылауы және төмендеуі, веналардың варикоздық кеңеюі

- іштің ауыруы (іштің жоғарғы және төменгі бөлімдеріндегі ауыруды, іштің жайсыздығын, іштің кебуін қоса), жүректің айнуы, құсу, диарея

- акне, алопеция, тері бөртпесі, қышыну

- вагинит/вульвовагинит, қынаптық кандидоз немесе вульвоқынаптық зеңдік инфекциялар

- қолдануды тоқтатудан жүйесіз қан кетулер, «лақылдап» қан кетулер, дисменорея, сүт бездері ауқы-мыынң ұлғаюы, сүт бездерінің ісінуі, дисменорея, қынаптан бөлінділердің бөлініп шығуы, аналық без-дер кистасы, кіші жамбас аймағының ауыруы

- қажығыштық

- дене салмағының артуы

Сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін)

- аса жоғары сезімталдық

- анорексия

- депрессия, психикалық бұзылулар, ұйқысыздық, ұйқының бұзылуы, озбырлық

- ишемиялық инсульт, цереброваскулярлық бұзылыстар, дистония

- көздің шырышты қабығының құрғауы, көздің шырышты қабығының тітіркенуі, осциллопсия, көрудің бұзылулары

- естуден кенеттен айырылу, құлақтың шуылдауы, бас айналу, естудің бұзылуы

- жүрек-қантамырлық бұзылыстар, тахикардия

- веналық тромбоэмболия, артериялық тромбоэмболия, өкпе артерияларының тромбоэмболиясы, тром-бофлебит, диастолалық гипертензия, ортостаздық циркуляторлы дистония, «қан кернеулер», веналар-дың варикоздық кеңеюі, веналар аймағындағы жайсыздық, веналар аймағының ауыруы

- бронх демікпесі, гипервентиляция

- гастрит, энтерит, диарея

- аллергиялық дерматит, атопиялық дерматит/нейродермит, экзема, псориаз, гипергидроз, хлоазма, пигментацияның бұзылуы/ гиперпигментация, себорея, қайызғақ, гирсутизм, тері патологиясы, тері реакциялары, «апельсинді қабық», қантамырлық жұлдызшалар

- жатыр мойнының дисплазиясы, жатыр қосалқыларының кистасы, жатыр қосалқылары аймағының ауыруы, сүт бездерінің кистасы, фиброзды-кистоздық мастопатия, диспареуния, галакторея, етеккір айналымының бұзылулары

- вирильді синдром

- жатыр миомасы, сүт бездерінің липомасы

- сальпингоофорит, несеп шығару жолдарының инфекциялары, цистит, мастит, цервицит, зеңдік инфекциялар, кандидоз, еріннің герпеспен зақымдануы, тұмау, бронхит, синусит, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары, вирустық инфекциялар

- кеуденің ауыруы, шеткері ісінулер, тұмауға ұқсас симптомдар, қабыну, температураның жоғарылауы, ашушаңдық

- анемия

- арқаның ауыруы, тірек-қимл аппаратының патологиясы, аяқ-қолдың ауыруы

Жиілігі белгісіз

- көңіл-күйдің өзгерулері, либидоның төмендеуі, либидоның жоғарылауы

- жанаспалы линзалардың жақпаушылығы

- есекжем, түйіндік эритема, көпформалы эритема

- сүт бездерінен бөлінділердің бөлінуі

- сұйықтықтың іркілуі

БОК қолданып жүрген әйелдерде келесі жағымсыз құбылыстар білінді:

- артериялық гипертензия

- бауыр ісіктері

- бауыр функциясының бұзылуы

- жатыр мойнының обыры

- гипертриглицеридемия (БОК қолданғанда панкреатит қаупінің жоғарылауы)

- глюкозаға төзімділіктің бұзылуы немесе шеткері инсулинрезистенттілік әсерлері

- БОК-ті қабылдаумен байланысы айғақталмаған жағдайлардың: Крон ауруы, ойық жаралы колит, пор-фирия, жүйелік қызыл жегі, жүкті әйелдердің герпесі, Сиденгам хореясы, гемолиздік-уремиялық син-дром, холестаздық сарғаю, өт қалтасында тастың түзілуі, отосклерозбен байланысты естуден айыры-лудың пайда болуы немесе өршуі

- хлоазма

- тұқым қуалайтын ангионевроздық ісінуі бар әйелдерде экзогендік эстрогендер ангионевроздық ісіну симптомдарын туындатуы немесе күшейтуі мүмкін.

БОК қабылдап жүрген әйелдерде сүт бездері обырының туындау жиілігі өте мардымсыз жоғарылайды. Сүт бездерінің обыры 40 жастан кіші әйелдерде сирек туындайтын болғандықтан, бұл жоғарылау сүт бездері обырының пайда болуының жалпы қаупіне қатысты өте аз. БОК-ті қолданумен себеп-салдар-лық байланысы белгісіз.

«Лақылдап» қан кетулер және/немесе контрацепцияның тиімді болмауы пероральді контрацептивтер-дің басқа дәрілік заттармен (ферменттің индукторларымен) өзара әрекеттесуінің салдары болуы мүм-кін.

Болжамды жағымсыз дәрілік реакциялар жөніндегі мәлімдемелер

Дәрілік препаратты тіркегеннен кейін күмәнді жағымсыз реакциялар жөнінде мәлімдеп отыру маңызды. Олар дәрілік затты қолданудың пайдасы мен қаупінің арақатынасына үздіксіз бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау қызметкерлерінен, есеп беруді ұлттық жүйесін пайдалана отырып, болжамды кез келген жағымсыз реакцияларды мәлімдеп отыру сұралады.

Балаларда қолдану

Силует ® препаратын менархе басталғаннан кейін ғана қолданады.

Егде жастағы пациенттер

Қолдануға келмейді. Силует ® препараты менопауза басталғаннан кейін қолданылмайды.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Силует ® препаратын бауырдың ауыр сырқаттары бар әйелдерге қолдануға болмайды.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Силует ® препаратын бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдану зерттелген жоқ. Қолда бар деректер мұндай пациенттерде емдеуді өзгертудің керек еместігін шамалайды.

Әзірге Силует таб. 2 мг/0,03 мг №21 Гедеон Рихтер пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады