Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Престилол 5мг/5мг №30таб Сервье

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Периндоприл, Бисопролол
Фармакологиялық топ:
Ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері.
Элемент коды::
3594454200248
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- бисопрололды және периндоприлді белгілі бір дозаларда бір мезгілде қолдану жәрдемімен ауруды тиі-сінше бақылауға қол жеткізген ересек пациенттерде артериялық гипертензияны және/немесе жүректің ишемиялық ауруын (миокард инфарктісі және/немесе реваскуляризация анамнезінде көрсетілген паци-енттерде), және/немесе сол жақ қарыншалық систолалық функциясы төмендеген, жүрек функциясының тұрақты созылмалы жеткіліксіздігін емдегенде орнын басатын ем ретінде (5мг/5мг және 10мг/5мг дозала-ры үшін)

- бисопрололды және периндоприлді белгілі бір дозаларда бір мезгілде қолдану жәрдемімен ауруды тиі-сінше бақылауға қол жеткізген ересек пациенттерде артериялық гипертензияны және/немесе жүректің тұрақты коронарлық ауруын (миокард инфарктісі және/немесе реваскуляризация анамнезінде көрсетіл-ген пациенттерде) емдегенде орнын басатын ем ретінде (5мг/10мг және 10мг/10мг дозалар үшін)

- белсенді заттарға немесе қосымша заттардың біреуіне аса жоғары сезімталдық

- жүрек функциясының жедел жеткіліксіздігі немесе вена ішіне инотроптық емді қажет ететін жүрек функциясы жеткіліксіздігінің декомпенсация сатысы

- кардиогендік шок

- екінші немесе үшінші дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада (электрокардиостимуляторсыз)

- синустық түйін әлсіздігі синдромы

- синоатриальді блокада

- клиникалық көріністері бар брадикардия

- клиникалық көріністері бар артериялық гипотензия

- ауыр бронх демікпесі немесе өкпенің созылмалы ауыр обструкциялық ауруы

- шеткері артериялардың окклюзиялық зақымдарының ауыр түрлері немесе Рейно ауруының ауыр түр-лері

- феохромоцитома, бұған байланысты ем жүргізілген жоқ

- метаболизмдік ацидоз

- бұдан бұрын АӨФ тежегіштерімен ем жүргізумен байланысты, анамнезде ангионевроздық ісінудің бо-луы

- тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну

- жүктіліктің екінші және үшінші триместрі

- қант диабетінен немесе бүйрек функциясының жеткіліксіздігінен (шумақтық сүзілу жылдамдығы <60 мл/мин/1,73 м²) зардап шегіп жүрген пациенттерге Престилол ® препаратын құрамында алискирен бар препараттарымен біріктіріп қабылдау

- қанның теріс зарядталған беткейлермен жанасуына әкелетін экстракорпоралді емде сакубитрилмен/валсартанмен бір мезгілде қолдану

- бүйрек артерияларының екі жақты маңызды стенозы немесе функциясын атқарып тұрған жалғыз бүйрек артериясының стенозы

Бисопрололға өте кең таралған жағымсыз реакциялар бас ауыру, бас айналу, жүрек функциясы жеткі-ліксіздігінің ауырлауы, артериялық гипотензия, аяқ-қолдың мұздауы, жүректің айнуы, құсу, іштің ауы-руы, диарея, іш қату, астения және қажығыштық болып табылады.

Клиникалық зерттеулерде периндоприлді қабылдаған кездегі өте кең таралған жағымсыз реакциялар бас ауыру, бас айналу, вертиго, парестезия, көрудің бұзылулары, тиннитус, артериялық гипотензия, жөтел, ентігу, жүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея, іш қату, дисгевзия, диспепсия, бөртпе, қы-шыну, құрысу және астения болып табылады.

Өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, <1/10), жиі емес (>1/1000, <1/100), сирек (>1/10000, <1/1000), өте си-рек (>1/10000), жиілігі анықталған жоқ (қолда бар деректер негізінде даму жиілігіне баға беру мүмкін емес).

Өте жиі

- брадикардия

Жиі

- бас ауыру*, бас айналу*, вертиго, дисгевзия, парестезия

- көрудің бұзылулары, тиннитус

- жүрек функциясы жеткіліксіздігінің ауырлауы

- гипотензия (гипотензиямен байланысты әсерлер); аяқ-қолдың ұюы немесе мұздауы

- жөтел, ентігу

- іштің ауыруы, іш қату, диарея, жүректің айнуы, құсу, диспепсия

- бөртпе, қышыну

- құрысу

- астения, қажығыштық

Жиі емес

- эозинофилия

- гипогликемия, гиперкалиемия, емдеуді тоқтатқан кезде қайтымды, гипонатриемия,

- көңіл-күйдің өзгеруі, ұйқының бұзылуы, депрессия

- ұйқышылдық, cинкопе

- жүректің қағуы, тахикардия

- ортостатикалық гипотензия, васкулит

- бронхтың түйілуі

- ауыз ішінің құрғауы

- беттің, аяқ-қолдың, еріннің, шырышты қабықтардың, тілдің, дауыс саңылауының және/немесе көмей-дің ангионевроздық ісінуі; есекжем, жарыққа сезімталдық реакциялары, пемфигоид, гипергидроз

- бұлшықет әлсіздігі, артралгия, миалгия

- бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

- эректильді дисфункция

- кеуде қуысының ауыруы, дімкәстік, шеткері ісіну, гипертермия

- қанда мочевина мөлшерінің жоғарылауы, қандағы креатинин мөлшерінің жоғарылауы

- құлау

Сирек

- ринит

- түнгі қорқынышты түстер, елестеулер

- көзден жас бөлінудің азаюы (егер пациент линза киіп жүрсе, мұны ескеруі керек)

- естудің бұзылулары

- цитолиздік немесе холестаздық гепатит

- аса жоғары сезімталдық реакциялары (қышыну, гиперемия, бөртпе), псориаздың өршуі

- потенцияның бұзылулары

- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, қанда билирубин деңгейінің жоғарылауы, триглицеридтер мөлшерінің жоғарылауы

Өте сирек

- агранулоцитоз, панцитопения, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, туа біткен глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі бар пациенттерде гемолиздік анемия

- сананың шатасуы

- конъюнктивит

- жоғары қауіп тобындағы пациенттерде айқын артериялық гипотензия аясында екінші қайтара туын-дауы мүмкін аритмия, стенокардия, миокард инфарктісі

- жоғары қауіп тобындағы пациенттерде айқын артериялық гипотензия аясында екінші қайтара туын-дауы мүмкін инсульт

- эозинофильді пневмония

- панкреатит

- көп формалы эритема, алопеция, бета-блокаторлар псориаздың дамуын арандатуы немесе барысын нашарлатуы немесе псориаз тәріздес бөртпені индукциялауы мүмкін

- бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі

- гемоглобиннің және гематокриттің төмендеуі

* Осы симптомдар негізінен емнің бас кезінде туындайды. Олар әдетте оңай білінеді және 1–2 апта ішінде жиі басылады.

Антидиурездік Гормонның Адекватты емес Секрециясы Синдромы (АГАЕСС) жағдайлары АӨФ басқа тежегіштерімен біріккенде болды.

АГАЕСС өте сирек, бірақ АӨФ тежегішімен, соның ішінде периндоприлмен емдеумен байланысты болуы мүмкін асқыну ретінде қарау керек.

Қабылдау тәсілі

Престилол ® препаратын тәулігіне бір реттік доза түрінде, таңертеңгі тамақ алдында қабылдау керек.

Дозалау режимі

Әдеттегідей дозалау режимі — тәулігіне бір рет бір таблетка.

Бекітілген біріктірілімге ауысуды бисопрололды және периндоприлді сол дозаларда қолдану аясында ең кемінде 4 апта бойы пациентті тұрақты жағдайға жеткзгеннен кейін жүзеге асыруға болады.

2,5 мг бисопрололды және 2,5 мг периндоприлін қолдану аясында тұрақты жағдайға қол жеткізген па-циенттер тәулігіне бір рет 5 мг/5 мг жарты таблеткадан қабылдауы керек.

Дозаны өзгерту қажеттілігі туындаған жағдайда дозаны жекелеген компоненттерді пайдалана отырып таңдаған жөн.

Пациенттердің ерекше санаттары

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін Престилол ® препаратының ұсынылған 5 мг/5 мг дозасы төменде берілген 1-кестеге сәйкес креатинин клиренсіне байланысты таңдап алынуы тиіс.

1-кесте. Бүйрек функциясы бұзылған кезде дозаны түзету 

          Креатинин клиренсі (КР КЛ ), мл/мин                         Ұсынылатын тәуліктік доза

               КР КЛ ≥ 60                                                        Престилолдың ® 5мг/5мг бір таблетка

              30 <Кл КР <60                                                   Престилолдың ® 5 мг/5 мг жарты таблеткасы

               КР КЛ <30                                                         Жарамсыз. Монопрепараттар түрінде жеке                                                                                             компоненттерді пайдалана отырып, дозаны                                                                                           жекелей таңдау ұсынылады.

 

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Егде жастағы пациенттер

Престилол ® препаратының дозасын бүйрек функциясына сәйкес таңдаған жөн.

Балалар және жасөспірімдер

Престилол ® препаратының қауіпсіздігі және тиімділігі балалар мен жасөспірімдерде анықталған жоқ. Пациенттердің осы тобына қолдану жөнінде деректер жоқ. Сондықтан препаратты балаларға және жа-сөспірімдерге тағайындау ұсынылмайды.

Әзірге Престилол 5мг/5мг №30таб Сервье пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады