Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Реланиум 10мг 2мл № 5амп

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№5 ампула
Белсенді зат:
Диазепам
Фармакологиялық топ:
Психолептиктер
Элемент коды::
0
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Диазепам инъекциялары қолданылады

- жедел немесе ауыр үрейлі жай-күйлерде немесе қозуда, delirium tremens;

- эпилепсиялық статусты, эпилепсиялық және фебрильді құрысуларды бақылауға;

- бұлшықеттің жедел спазмдық жай-күйлерін жеңілдетуге, сіреспеде;

- шағын хирургиялық және стоматологиялық емшаралар жүргізгенде тыныштандыратын дәрі ретінде;

- немесе жедел әсер алуды қажет ететін басқа да жағдайларда.

- препараттың белсенді затына, басқа да бензодиазепиндерге немесе қандай да бір қосымша затқа аса жоғары сезімталдық

- ауыр немесе жедел респираторлық жеткіліксіздік, тыныс алу депрессиясы

- түнгі апноэ синдромы

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- 3 жасқа дейінгі балалар

Реланиум препаратын фобияларда немесе ырықсыздық жай-күйлерінде, сондай-ақ депрессияны немесе депрессиямен байланысты үрейлену жай- күйлерін емдеген кезде монотерапия ретінде қолданбау керек, себебі пациенттердің бұл тобында суицид қаупі бар.

Реланиум препаратын психоздық бұзылыстарды бастапқы емдеу үшін қолданбау керек.

Басқа да бензодиазепиндер жағдайындағы сияқты, диазепамды қолдану амнезияның дамуымен қатар жү-руі мүмкін.

Реланиумды қатты стресс жағдайында (жақын адамдарынан айрылу және азалы күнде) қолданбау керек, өйткені бұл психологиялық бейімделуді бұзуы мүмкін.

Реланиумды қолдану кезіндегі жағымсыз әсерлер әдетте орташа және жиі пайда болмайды.

Қан жүйесі және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Тромбоцитопенияны және агранулоцитозды қоса, қан құрамындағы өзгерістер.

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Анафилаксияны қоса, аса жоғары сезімталдықтың сирек реакциялары.

Психика бұзылулары

Эмоцияның бәсеңдеуі. Сезімтал пациенттерде жасырын депрессия пайда болуы мүмкін. Озбырлық, ашулану, өшпенділік, елестеулер, түнгі қорқыныштар, ұшқалақтық, мазасыз қимылдар, эйфория, қозу, ашушаңдық, мазасыздық, үрейдің күшеюі, талапқа сай емес мінез-құлық, ұйқысыздық сияқты парадок-сальді реакциялар диазепамды қолданған кезде өте ауыр болуы мүмкін. Аталған әсерлердің балаларда және егде жастағы пациенттерде даму ықтималдығы жоғары. Мұндай симптомдар пайда болған жағ-дайда препаратты қолдануды тоқтату керек.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Егде жастағы және әлсіреген пациенттер бензодиазепиндермен емдеген кезде ОЖЖ тарапынан әсер-лердің дамуына әсіресе бейім болады. Дозаны тиімді деген ең аз дозамен шектеу және құлауға немесе басқа да бақытсыз оқиғаларға әкеліп соғуы мүмкін атаксияның, бас айналудың және шамадан тыс се-дацияның даму мүмкіндігін азайту мақсатында, қажет болса оны біртіндеп арттыру ұсынылады.

Егде жастағы пациенттерде бензодиазепиндерді ұзақ уақыт қолдану деменцияның даму қаупінің жо-ғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Бас ауыруы, сананың шатасуы, түсініксіз сөйлеу, тремор, зе-йін қоюдың төмендеуі және ұйқышылдық пайда болуы мүмкін. Антероградты амнезия емдік дозаларды пайдаланған кезде дамуы мүмкін, дозаны арттырған сайын қауіп жоғарылай түседі. Амнезияның пайда болуы талапқа сай емес мінез-құлықпен астасуы мүмкін. Диазепамды қолданған кезде экстрапирами-далық әсерлер және құрысулар сирек дамиды.

Көру ағзасы тарапынан бұзылулар

Көрудің бұзылулары.

Есту тарапынан бұзылулар және лабиринттік бұзылулар

Сирек жағдайда вертиго.

Жүрек тарапынан бұзылулар

Гипотензия, әсіресе жоғары дозаларда, брадикардия, кеуденің ауыруы, жүрек қызметінің тоқтауы.

Тамырлар тарапынан бұзылулар

Тромбофлебит, тромбозы.

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар

Тыныс алудың бәсеңдеуі және апноэ сирек, әсіресе жоғары дозаларды қолданғанда.

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Ауыздың құрғауы немесе сілекейдің шамадан тыс бөлінуі сияқты, сілекей бөлінудің сирек өзгерістері. Жүрек айнуын қоса, асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, сарғаю және холестаз.

Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар

Тері реакциялары, мысалы, Стивенс-Джонсон синдромы, есекжем, бөртпе.

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіні тарапынан бұзылулар

Бұлшықет әлсіздігі.

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Несеп іркілісі, несепті ұстай алмау.

Жыныс ағзалары және сүт безі тарапынан бұзылулар

Әйел оргазмының бәсеңдеуі, либидоның өзгеруі, гинекомастия және, сирек, пролактин деңгейінің жо-ғарылауы және галакторея. Еркектерде плазмадағы тестостерон концентрациясының жоғарылауы мүм-кін.

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар

Қажығыштық және «масаңдық әсері». Енгізген жердің ауыруы. Диазепамды абайсызда артерияішілік енгізу ишемияға және тіндердің некрозына әкелуі мүмкін.

Тоқтату симптомдары

Бензодиазепиндерді тіпті емдік дозаларда және аз уақыт бойы қолданған кезде де, әсіресе анамнезінде дәріге немесе алкогольге тәуелділігі немесе елеулі тұлғалық бұзылуы бар пациенттерде жүйелі қолда-нудан кейін тәуелділіктің дамуы жиі кездеседі.

Емдеудің тоқтатылуы тоқтату симптомдарының немесе «рикошет» феноменінің дамуымен қатар жүреді. Бензодиазепиндердің тоқтату симптомдары үрейленуді, депрессияны, зейін қоюдың бұзылуын, ұйқы-сыздықты, бас ауыруын, бас айналуын, құлақтағы шуылды, тәбеттің жоғалуын, треморды, тершеңдікті, ашушаңдықты, физикалық, көру және есту стимулдарына аса жоғары сезімталдық сияқты қабылдау қи-ындықтарын және дәм сезудің бұзылуын, жүрек айнуын, құсуды, іш аумағының спазмдық ауыруларын, бұлшықеттердің ауыруын/түйілуін, жүрек қағысын сезінуді, тахикардияны және ортостатикалық гипо-тензияны қамтиды. Сирек және біршама күрделі тоқтату симптомдары бұлшықет тартылуын, сананың шатасуын немесе параноидальді психозды, құрысуларды, елестеулерді және «маскүнемдік елесті» еске түсіретін жай-күйді қамтиды. Бензодиазепиндерді тоқтатқаннан кейін бірнеше апта бойы түс көрудің үзілуі, анық түстер көру және ұйқының жылдам фазасының ұзаруы сақталуы мүмкін.

Препараттың оңтайлы әсеріне қол жеткізу үшін әр пациент үшін дозаны оның жасына, дене салмағына және жеке реакциясына байланысты мұқият анықтау керек.

Препарат вена ішіне немесе бұлшықет ішіне инъекцияға арналған.

Ересектер:

Жедел немесе ауыр үрейлену және қозу жай-күйлері; бұлшықеттердің жедел спазмдық жай-күйлері: 10 мг вена ішіне немесе бұлшықет ішіне, инъекцияны төрт сағаттан кейін қайталауға болады.

Delirium tremens: 10-20 мг ішіне немесе бұлшықет ішіне.

Симптомдарының қарқындылығына байланысты үлкен дозаларды енгізу қажеттілігі туындауы мүмкін.

Сіреспе: бастапқы ішілік доза дене салмағына 0,1 мг/кг-ден 0,3 мг/кг дейін құрайды, әр 1-4 сағат са-йын қайталанады. Сонымен қатар, 24 сағат бойы дене салмағына 3 мг/кг-ден 10 мг/кг-ге дейінгі дозада ішіне үздіксіз құю арқылы да енгізуге болады. Таңдап алынған доза симптомдардың қарқындылығына байланысты болуы тиіс, өте ауыр жағдайларда үлкен дозаларды қолдануға болады.

Эпилепсиялық статус; эпилепсиялық құрысулар: 0,15-0,25 мг/кг дене салмағына ішілік инъекция түрінде (әдетте 10-20 мг); қажет болса дозаны 30-60 минуттан кейін қайталауға болады. Пациенттің жай-күйі тұрақтанғаннан кейін, құрысудың профилактикасы үшін баяу ішілік инфузияны жүргізуге бо-лады (ең жоғарғы жалпы доза 24 сағат бойы дене салмағына 3 мг/кг).

Шағын хирургиялық және стоматологиялық емшараларды жүргізу: 0,1-0,2 мг/кг дене салмағы-на инъекция түрінде. Әдетте қолданылатын доза ересектерде 10-нан 20 мг-ге дейінгіні құрайды, бірақ клиникалық реакцияға байланысты дозаны ұлғайту қажет болуы мүмкін.

Егде жастағы немесе әлсіреген жағдайдағы пациенттер:

Қолданылатын дозалар әдетте ұсынылатын дозалардың жартысынан көп болмауы тиіс.

Бауыр/бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер:

Дозаны азайту қажет болуы мүмкін.

Балалар:

Эпилепсиялық статус; эпилепсиялық және фебрильді құрысулар: 0,2-0,3 мг/кг дене салмағына (немесе өмірінің әрбір жылына шаққанда 1 мг) ішілік инъекция түрінде. Дозаны қажет болғанда 30-60 минуттан кейін қайталап енгізуге болады.

Сіреспе: дозасы ересектердегідей.

Седация немесе бұлшықеттердің босаңсуы: дене салмағына 0,2 мг/кг дейін парентеральді түрде. Емдеуді қажетінше азайту керек, препаратты дәрігердің бақылауымен ғана енгізу керек. Ұзақ емдеген кезде бензодиазепиндерді қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты деректер шектеулі.

Маңызды: ішіне енгізу тәсілі кезінде жағымсыз әсерлер туындау ықтималдығын азайту үшін препарат-ты баяу (1,0мл ерітіндіні 1минут бойы), пациентте ұйқышылдық пайда болып, қабақтары жабылып жә-не сөзі анық шықпағанға дейін енгізу керек, бұл кезде пациент нұсқауларды орындауға қабілетті бо-луы тиіс. Пациент препаратты енгізгеннен кейін кем дегенде бір сағат бойы «шалқасынан жатуы тиіс». Шұғыл жағдайларды қоспағанда, препаратты ішіне енгізу кезінде үнемі екінші адам және реанимация-лық іс-шаралар жасауға арналған жинақ болуы қажет.

Препаратты ішіне енгізуге қатысты жоғарыда көрсетілген ұсынымдардың барлығын сақтаған кезде ар-териялық гипотония немесе апноэның пайда болу қаупі айтарлықтай азаяды.

Пациенттер препаратты енгізген сәттен бастап кемінде бір сағат бойы дәрігердің бақылауында болғаны жөн.

Пациентті үйіне сол пациенттің жағдайына жауап беретін ересек адам апаруы тиіс. Пациентке препа-ратты қолданған сәттен бастап 24 сағат бойы автокөлік жүргізуге және машиналарға қызмет көрсетуге тыйым салынғанын хабарлау керек.

ішілік инъекция жергілікті реакциялармен қатар жүруі мүмкін.

Тромбофлебит және тромбозы дамуы мүмкін. Осындай әсерлерінің ықтималдығын азайту мақсатында диазепамның ішілік инъекциясын шынтақтың бүгілген тұсындағы үлкен ға жасау керек.

Әдетте Реланиум препаратының ерітіндісін сұйылтуға болмайды. Бірақ сіреспені және эпилепсиялық ұстаманы емдеу кезінде 0,9% NaCl немесе глюкоза ерітіндісін көп мөлшерде ішіне баяу құю бұған жат-пайды. 40 мг-ден көп диазепамды (8 мл ерітінді) 500 мл құюға арналған ерітіндіде сұйылтуға болмай-ды. Ерітіндіні тікелей енгізер алдында дайындау керек және 6 сағаттың ішінде пайдалану қажет.

Препаратты құюға арналған ерітіндіде немесе бір шприцте басқа препараттармен араластыруға бол-майды, себебі бұл ұсынымдарды сақтамаған жағдайда дәрінің тұрақтылығына кепілдік берілмейді.

Ерітіндіні енгізер алдында тікелей дайындау керек және 6 сағаттың ішінде жұмсап бітіру қажет.

Диазепам құюға арналған пластик ыдыстардың қабырғасына сіңірілетіні туралы деректер бар, сондық-тан диазепамның ішілік инфузиясы үшін шыны бөтелкелерді пайдаланған жөн.

Әзірге Реланиум 10мг 2мл № 5амп пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады