Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Кеторолак 30мг/мл 1мл №10амп Ромфарм

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№ 10 ампула
Белсенді зат:
Кеторолак
Фармакологиялық топ:
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар.
Элемент коды::
5944728001749
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- қарқындылығы орташа және қатты ауыру синдромын қысқа уақытқа басуға, негізінен жарақаттарда, операциядан кейінгі кезеңде, түбіршектік синдромда, бұлшықеттің ауыруларында

- кеторолак трометамолына немесе препараттың кез-келген компонентіне жоғары сезімталдық

- аспиринге, басқа қабынуға қарсы препараттарға (ҚҚСП), простагландиндер синтезінің жүйелі теже-гіштеріне, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге жоғары сезімталдық

- бронх демікпесі

- сусыздану, шығу тегі әртүрлі гиповолемия, бауыр жеткіліксіздігі

- өршу сатысындағы асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы аурулары, сыртартқысында ойық жа-раның, тесілудің немесе асқазан-ішектен қан кетудің болуы

- гипокоагуляция (соның ішінде гемофилия)

- ауырлық дәрежесі орташа және ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин >160 мкмоль/л)

- расталған немесе болжамды асқазан ішектен қан кету және/немесе миішілік қан құйылулар

- геморрагиялық диатез

- қан кету қаупі жоғары немесе гемостазы толық емес операцияларды өткерген емделушілер

- пероральді антикоагулянттармен немесе гепариннің төменгі дозаларымен емдеу

- 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

- геморрагиялық инсульт (расталған немесе күдіктенген)

- жүктілік, босану және лактация кезеңі

- қан кету қаупі жоғары болғандықтан, хирургиялық операцияларға дейін және операциялар уақытын-да ауыруды басу

Жиі

- бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық

- диспепсия, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, іштің қатуы, метеоризм, диарея

- терінің қышуы, тері бөртпесі

- ісінулер (беттің, балтырлардың, сирақтардың, саусақтардың, табандардың, дене салмағының жоғары-лауы)

Жиі емес

- бет терісі түсінің өзгеруі, брадикардия, артериялық гипертензия, жүректің қағуы, кеуденің ауыруы

- құлақтағы шуыл, жүйкенің тозуы, шаршағыштық

- кекіру, асқазан-ішектен оккультті немесе айқын қан кету, ойық жаралы ауру, стоматит, эзофагит, ауыздың құрғауы

- бүйректің функциональді параметрлерінің өзгеруі (креатининнің және/немесе қан сарысуындағы мо-чевина концентрацияларының жоғарылауы), нефроуыттылық, гипонатриемия, гиперкалиемия

- енгізген жердің ауыруы

- есекжем

- бауыр қызметі көрсеткіштерінің өзгеруі

Сирек

- үрей, тершеңдік, депрессия, эйфория, қатты шөлдеу, зейін қоюға қабілетсіздік, ұйқысыздық, дімкәс-тану, түнгі қорқыныштар, сананың шатасуы, елестеулер, психотикалық реакциялар

- парестезиялар, конвульсиялар, бұлшықеттердің ауыруы, гиперкинез, асептикалық менингит

- тромбоцитопения, нейтропения, агранулоцитоз, апластикалық анемия және гемолитикалық анемия

- естудің нашарлауы, құлақтағы шуыл, көрудің бұзылуы (соның ішінде көрудің бұлыңғырлануы)

- ентігу, демікпе, өкпенің ісінуі, бронх түйілуі, көмейдің ісінуі (ентігу, тыныстың тарылуы)

- асқазан-ішек жолының тесілулері, гастрит, колит, гепатомегалия, жедел панкреатит, мелена,ректаль-ді қан кету, Крон ауруы;

- гемолитикалық уремиялық синдром, интерстициальді нефрит, несептің кідіруі, нефротикалық синд-ром, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, гематуриямен және/немесе азотемиямен немесе оларсыз белдің ауы-руы

- бедеулік

- фотосезімталдық реакциялары, эксфолиативті дерматит, макулопапулездік бөртпе, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз, есекжем, Лайелл синдромы

- операциядан кейін жаралардан қант кету, гематомалар, мұрыннан қан кету, қан кету уақытының ұл-ғаюы

- анафилаксия немесе анафилактоидтық реакциялар (бет терісі түсінің өзгеруі, тері бөртпесі, есекжем, терінің қышуы, тахипноэ, қабақтардың ісінуі, периорбитальді ісіну, кеуде қуысының ауырлығы, сырыл-дап дем алу)

- гепатит, сары ауру және бауыр жеткіліксіздігі

Өте сирек

- көру жүйкесінің невриті

Кеторолак Ромфарм бұлшықет ішіне (б/і) немесе көктамыр ішіне (к/і) енгізуге арналған.

Көктамыр ішіне препаратты кемінде 15 секунд бойы енгізеді. Эпидуральді немесе интратекальді енгізу-ге болмайды. Дозасын жекелей, ауырудың қарқындылығы мен науқастың реакциясына сәйкес таңдай-ды.

Кеторолак Ромфарм препаратымен емдеу курсының ұзақтығы 2 күннен аспауы тиіс.

Б/і немесе к/і енгізгендегі бір реттік дозалары:

Ересектерге — 10-30 мг (ауыру синдромының ауырлығына байланысты),

Егде жастағылар (65 жастан асқан) немесе бүйрек қызметі бұзылғандарға — 10–15 мг

Б/і бірнеше рет енгізгендегі дозалары:

Ересектерге — 10мг, сосын — әр 4-6 сағат сайын 10-30 мг,

Егде жастағылар (65 жастан асқан) немесе бүйрек қызметі бұзылғандарға - әр 4-6 сағат сайын 10–15 мг.

Ересек емделушілер үшін ең жоғарғы тәуліктік дозасы 90 мг құрайды (Кеторолак Ромфарм препара-тының 3 ампуласы).

Бүйрек қызметі бұзылған және дене салмағы 50 кг-ден аз егде жастағы емделушілер үшін ең жоғарғы тәуліктік дозасы — 60 мг.

Препаратты парентеральді енгізуден пероральді енгізуге көшкенде, екі дәрілік түрдің де тәуліктік жиын-тық дозасы ересек емделушілер үшін 90 мг-нан және 65 жастан асқан немесе бүйрек қызметі бұзылған емделушілер үшін — 60 мг-нан аспауы тиіс.

Әзірге Кеторолак 30мг/мл 1мл №10амп Ромфарм пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады