Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Клабел 250мг №14табл Нобел

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 14
Белсенді зат:
Кларитромицин
Фармакологиялық топ:
Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар.
Элемент коды::
4870004332638
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
2 485 ₸
Бонустарды сатып алу: 49.70
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- тыныс алу жолдарының төменгі бөлігінің инфекцияларында (бронхит, пневмония және т.б.);

- тыныс алу жолдарының жоғарғы бөлігінің инфекцияларында (синусит, фарингит және т.б.);

- терінің және жұмсақ тіндердің инфекцияларында (фолликулиттер, целлюлиттер, эризипелоид және  т.б.);

- Mycobacterium avium немесе Mycobacterium intracellulare әсерінен туындаған диссеминацияланған неме-се орныққан микобактериялық инфекцияларда, Mycobacterium chelonae, Mycobacterium fortuitum, Myco-bacterium kansasii әсерінен туындаған орныққан инфекцияларда;

- CD 4 -лимфоциттер саны ≤ 100/мм 3 , АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде Mycobacterium avi-um кешені (МАК) әсерінен туындаған диссеминацияланған инфекцияларға профилактика жүргізу үшін;

- омепразол немесе ланзопразол әсер ететін тұз қышқылының секрециясы бәсеңдегенде, он екі елі ішек-тің ойық жарасы бар пациенттерде H. рylori-ді эрадикациялау үшін (бейтарап рН-та, қышқыл рН-қа қара-ғанда, кларитромициннің H. pylori қарсы белсенділігі жоғары).

- макролидтер тобының антибиотиктеріне немесе қосымша заттардың біреуіне аса жоғары сезімалдық

- мына препараттармен: астемизолмен, цизапридпен, пимозидпен, терфенадинмен (өйткені бұл QT аралығының ұзаруына және, қарыншалық тахикардияны, қарыншалардың фибрилляциясын және пируэтті қарыншалық тахикардияны (torsade de pointes) қоса, жүрек аритмияларының дамуына әкелуі мүмкін), эрготаминмен немесе дигидроэрготаминмен (өйткені бұл қастауыш алкалоидтарымен улануға әкелуі мүмкін), CYP3A4-пен едәуір дәрежеде метаболизденетін ГМГ- КоА-редуктаза тежегіштерімен (статиндермен), ловастатинмен, симвастатинмен (рабдомиолизді қоса, миопатия қаупінің жоғарылауымен байланысты); пероральді түрде қолданылатын мидазоламмен; тикагрелормен немесе ранолазинмен бірге тағайындау

- CYP3A4 күшті тежегіштерімен, колхицинмен бір мезгілде қолдану

- бүйрек функциясының жеткіліксіздігімен қатар жүретін бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пацинеттерге

- анамнезде QT аралығы ұзарған (QT аралығының туа біткен немесе жүре пайда болғаны анықталған ұза-руы), қарыншалық жүрек аритмиясы (қарыншалық тахикардияның «пируэт» типін (torsades de pointes) қоса)

- гипокалиемия (QT аралығының ұзару қаупі)

- 12 жасқа дейінгі балаларға

- жүктілік, лактация кезеңі

Ересектерді және балаларды емдегенде ең жиі және таралған жағымсыз реакциялар іштің ауыруы, диарея, жүректің айнуы, құсу және дәмнің бұзылуы болып табылады. Осы жағымсыз реакциялар орташа айқын сипатта болады және макролидтік антибиотиктердің белгілі қауіпсіздік бейініне сәйкес келеді. Кларитромицинмен байланысты немесе байланысты болуы мүмкін жағымсыз реакциялар туындау жиілігі бойынша бөлінген.

Жиі (≥ 1/100-ден <1/10 дейін)

- ұйқысыздық, бас ауыру

- дисгевзия (дәм сезімінің бұзылуы), дәмнің бұзылуы

- вазодилатация

- жүректің айнуы, іштің ауыруы, құсу, диспепсия, диарея

- бауырдың функциональді тестілерінің қалыптан ауытқуы

- бөртпе, гипергидроз

Жиі емес (≥ 1/1000-нан <1/100 дейін)

- целлюлит, кандидоз, гастроэнтерит

- инфекция, қынаптық инфекциялар

- лейкопения, нейтропения, тромбоцитемия, эозинофилия

- анафилактоидтық реакциялар, аса жоғары сезімталдық

- анорексия, тәбеттің төмендеуі

- үрейлену, күйгелектік

- есінен айырылу, дискинезия, бас айналу, ұйқышылдық, тремор

- бас айналу, естудің нашарлауы, құлақтың шуылдауы

- жүректің тоқтап қалуы, жүрекшелер фибрилляциясы, ЭКГ-де QT аралығының ұзаруы, экстрасистолия, пальпитация

- демікпе, мұрыннан қан кету, өкпе қантамырларының эмболиясы

- эзофагит, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, гастрит, прокталгия, стоматит, глоссит, іштің кебуі, іш қату, ауыз ішінің құрғауы, кекіру, метеоризм

- холестаз, гепатит, АЛТ, АСТ, ГГТ дегейлерінің жоғарылауы

- буллезді дерматит, қышыну, есекжем, макулопапулёзді бөртпе

- бұлшықет спазмдары, қаңқа-бұлшықеттің сіресуі, миалгия

- қан креатининінің жоғарылауы, қан мочевинасының жоғарылауы

- дімкәстік, қызба, астения, кеуденің ауыруы, қалтырау, шаршау

- альбумин-глобулин арақатнасының өзгеруі, қан сарысуында сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарыла-уы, қан сарысуында лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы

Жекелеген мәлімдемелер

- жалған жарғақшалы колит, тілме қабыну

- агранулоцитоз, тромбоцитопения

- анафилаксиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну

- психоздар, сананың шатасуы, деперсонализация, депрессия, бағдардан адасу, галлюцинациялар, қорқынышты шым-шытырық түстер көру, мания

- бұлшықет түйілуі, агевзия, паросмия, аносмия, парестезия

- естімей қалу

- пируэтті қарыншалық тахикардия (torsades de pointes), қарыншалық тахикардия, геморрагиялар

- жедел панкреатит, тіл түсінің өзгеруі, тіс түстерінің өзгеруі

- бауыр функциясының жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлық сарғаю

- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, эозинофилиямен және жүйелік көрініс-термен (DRESS) қатар жүретін дәрі- дәрмектік тері реакциясы, акне

- рабдомиолиз (кейбір мәлімдемелерде кларитромицинді рабдомиолизбен астасатыны белгілі басқа да дәрілік препараттармен (статиндер, фибраттар, колхицин немесе алопуринол сияқты) бір мезгілде қол-данғанда рабдомиолиздің туындағаны мәлімделген), миопатия

- бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит

- халықаралық қалыптасқан қатынастың жоғарылауы, протромбин уақытының артуы, несеп түсінің өз-геруі.

Кларитромицинді тәуліктік 1000 мг дозада қабылдаған, ЖИТС бар науқастарда және иммунитетін тө-мендеген басқа да жағдайлары бар пациенттерде өте жиі жағымсыз әсерлер жүректің айнуы, құсу, дәмнің бұзылуы, іштің ауыруы, диарея, бөртпе, іштің кебуі, бас ауыру, іш қату, естудің нашарлауы, қан сарысуында АСТ және АЛТ мөлшерінің жоғарылауы болды. Жиі емес: диспноэ, ұйқысыздық және ауыз ішінің құрғауы. Иммунитетінің төмендеу жағдайлары орын алған пациенттерде қалыптағы шамадан едәуір айырмашылықтары бар аталған зертханалық көрсеткіштердің маңызына талдау жасалды, мына-дай деректер алынды:

күніне 1000 мг кларитромицин қабылдаған пациенттердің 2–3%-да, АСТ және АЛТ деңгейлерінің едәуір жоғарылағаны және қандағы лейкоциттер мен тромбоциттер санының едәуір төмендегені байқалды. Пациенттердің аздаған бөлігінде сондай-ақ қандағы мочевина мөлшерінің жоғарылағаны байқалды.

Ересектер және 12 жастан асқан балалар үшін тыныс алу жолдарының төменгі бөлімінің, тыныс алу жолдарының жоғарғы бөлімінің инфекцияларында, терінің және жұмсақ тіннің инфекцияларында КЛАБЕЛ ® 250 препаратының ұсынылатын дозасы күніне екі реттік 250 мг құрайды, өте ауыр инфекци-яларда дозаны күніне екі рет қабылданатын 500 мг-ге дейін арттырады. Ересектер үшін әдеттегі емдеу ұзақтығы 5-14 күнді құрайды (ауруханадан тыс пневмонияда және синуситтерде курсы 6 – 14 күнді құ-райды). КЛАБЕЛ ® 250 препаратын тамақ ішуге қарамай қолдана беруге болады.

Микобактериялық инфекциялар

Микобактериялық инфекциясы бар ересектер үшін ұсынылатын доза тәулігіне 2 рет 500 мг құрайды. ЖИТС-пен ауыратын науқастарда диссеминацияланған MAC-инфекцияларды емдеу клиникалық және микробиологиялық әсер көрсетілгенге дейін жалғастырылуы тиіс.

Кларитромицинді микобактерияларға қарсы басқа препараттармен біріктіріп қолданған жөн. Туберкулездік емес микобактериялық басқа инфекцияларды емдеуді емдеуші дәрігердің шешімімен жалғастырған жөн.

MAC профилактикасына арналған доза: кларитромициннің ұсынылатын дозасы ересектерде тәулігіне 2 рет 500 мг құрайды.

Он екі ел ішектің ойық жарасы бар пациенттерде (ересектер) H. pylori эрадикациялау үшін: H. рylori-инфекциясы әсерінен туындаған пептикалық ойық жарасы бар пациенттерде, H. рylori эрадикациялау жөніндегі ұлттық немесе халықаралық нұсқауларға сәйкес, 7-14 күн бойы кларитромициннің тәулігіне 2 рет 500 мг дозасы микробтарға қарсы қажетті басқа препараттармен және протонды помпа тежегіш-терімен біріктіріп тағайындалуы мүмкін.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдану: бүйрек функциясының ауыр жеткілік-сіздігі бар (креатинин клиренсі <30 мл/мин.) пациенттерде дозаны түзету қажет болады. Дозаны екі есеге, яғни күніне бір реттік 250 мг-ге немесе өте ауыр инфекцияларда күніне екі реттік 250 мг-ге азайту керек. Емдеу ұзақтығы 14 күннен аспауы тиіс.

Балалар

Клабел ® 250 препаратын 12 жасқа дейінгі балаларға қолдану зерттелген жоқ.

Әзірге Клабел 250мг №14табл Нобел пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
2765 ₸  
3
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
2765 ₸  
1
Аккозиева 187А
+7 775 007-2828
2765 ₸  
1
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
2485 ₸  
1
Ауезова 5Г (АПТЕКА Сахарный)
+7 (7262) 51-20-80
2485 ₸  
1
Желтоксан 237 (АПТЕКА)
+7 (7262) 46-00-22
2765 ₸  
1
Жибек жолы 64Б (АПТЕКА Корзинка енбек)
+7 775 007-2828
2765 ₸  
2
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
2485 ₸  
1
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
2765 ₸  
1
Микр Жансая дом 7 н.п. 23
+7 775 007-2828
2485 ₸  
1
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
2485 ₸  
1
Сулейманова 29
+7 775 007-2828
2485 ₸  
2
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
2485 ₸  
1
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
2485 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады