Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Метронидазол 250мг №30таб Эйкос

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Метронидазол
Фармакологиялық топ:
Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар.
Элемент коды::
4870202240155?
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- трихомониазда

- бактериялық вагинозда

- лямблиозда

- амебиазда

- препаратқа сезімтал микроорганизмдерден болған анаэробтық инфекцияларда

- аралас аэробтық-анаэробтық инфекцияларда (біріктірілген ем құрамында)

- хирургиялық араласымдар кезінде анаэробтық инфекциялардың профилактикасында (әсіресе құрсақ қуысы ағзаларында, несеп шығару жолдарында)

- Helicobacter pylori-мен астасқан созылмалы гастритте, асқазан және он екі елі ішектің (амоксициллин-мен біріктірілген) ойық жара ауруларының өршу сатысында.

- метронидазолға немесе басқа нитроимидазолдарға жоғары сезімталдық

- орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымданулары (оның ішінде эпилепсия)

- қан аурулары (оның ішінде анамнезде)

- жүктіліктің I триместрі және лактация кезеңі

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- 6 жасқа дейінгі балалар

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде амоксициллинмен үйлестіре қолдану

- дисульфираммен, алкогольмен біріктіріп қабылдау

Жағымсыз әсерлері жиілігі бойынша келесі түрде жіктелген: өте жиі(≥1/10);жиі (≥1/100 -<1/10 дейін); жиі емес (≥ 1/1 000 - <1/100 дейін); сирек (≥ 1/10 000 - <1/1 000 дейін); өте сирек (<1/10 000), бел-гісіз (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес).

Аллергиялық реакциялар:

Сирек

- тері бөртпесі, қышыну, қанның тері жабындарына құйылуы, тері гиперемиясы, есекжем, фотодерма-тит

- пустулезді тері бөртпесі

Өте сирек

- жедел жайылған экзантематозды пустулез

- белгіленген дәрілік бөртпе

- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, Квинке ісінуі.

Асқазан-ішек жолы тарапынан:

Жиі

- тәбеттің төмендеуі, анорексия, ауыз қуысы шырышты қабығының құрғақтығы, ауыз қуысы шырышты қабығының қабынуы (глоссит, стоматит), дәм сезудің бұзылуы (ауыздағы «металл» дәмі)

- эпигастрияның ауыруы, жүрек айнуы, құсу, іш қатуы немесе диарея

Жиілігі белгісіз

- панкреатит (қайтымды жағдайлар)

- тіл түсінің өзгеруі/ «ақ үлпек басқан» тіл (зеңдік микрофлораның шамадан тыс өсуі)

Иммундық жүйе тарапынан:

Сирек

- анафилаксиялық шок

Жиілігі белгісіз

- ангионевроздық ісіну

Жүйке жүйесі тарапынан:

Өте сирек

- бас ауыруы, бас айналуы, құрысулар

Жиілігі белгісіз

- шеткері сенсорлық нейропатия

- асептикалық менингит;

- энцефалопатияның дамуы туралы хабарланды (мысалы, сананың шатасуы) және жеделге жуық ми-шық синдромы (қимыл үйлесімінің және синергизмінің бұзылуы, атаксия, дизартрия, жүрістің бұзылуы, нистагм және тремор), олар метронидазолды тоқтатқаннан кейін кері дамуға бейім.

Психика тарапынан:

Өте сирек

- депрессия, ұйқысыздық, қатты қозу, ашушаңдық, ұйқының бұзылуы;

- сананың шатасуын қоса, психоздық бұзылыстар, елестеулер.

Көру мүшелері тарапынан:

Өте сирек

- диплопия, миопия, анық көрмеу сияқты көрудің өтпелі нашарлауы, түсті қабылдаудың бұзылуы;

- нейропатия/көру жүйкесінің невриті.

Есту мүшелері тарапынан және лабиринттік бұзылыстар:

Сирек

- құлақтың шулауы, естудің бұзылуы/естімей қалу (нейросенсорлық кереңдікті қоса).

Қан және лимфа жүйесі тарапынан:

Өте сирек

- тромбоцитопения, агранулоцитоз, нейтропения.

Жиілігі белгісіз

- транзиторлық лейкопения

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан:

Өте сирек

- «бауыр» ферменттері (аспартатаминотрансфераза (АСТ) және аланинаминотрансфераза (АЛТ), сілті-лік фосфатазы) белсенділігінің жоғарылауы, холестаздық немесе аралас гепатиттің дамуы, бауырдың гепатоцеллюлярлық зақымдануы, кейде сарғаюмен қатар жүреді;

- басқа антибиотиктермен біріктіріп метронидазолмен ем алған пациенттерде бауыр трансплантация-сын талап ететін бауыр жеткіліксіздігінің даму жағдайлары байқалды.

Бүйрек және несеп шығару жүйесі тарапынан:

Сирек

- метронидазол метаболизмімен байланысты пигменттердің болуы салдарынан несептің қоңыр-қызыл-қай түске боялуы ықтимал, дизурия, цистит, полиурия, несепті ұстай алмау, кандидоз.

Жалпы бұзылыстар:

Сирек

- қызба, мұрынның бітелуі, артралгия, әлсіздік.

Метронидазолды, тамақтану алдында немесе тамақтанудан кейін, судың жеткілікті мөлшерімен ішіп, ішке қабылдайды.

Трихомониаз кезінде Метронидазолды бір рет 2 г дозада немесе курстық ем түрінде 7-10 күн бойы тағайындайды: 250 мг-ден күніне 2 рет.

Бактериялық вагинозда метронидазол 500 мг-ден күніне 2 рет 5-7 күн бойы қолданады.

Амебиазда Метронидазолды 5-10 күн бойы тағайындайды – ересектерге және 15 жастан асқан балалар-ға 500 мг-ден (2 таблетка) күніне 3 рет, жедел амёбалық дизентерияда 750 мг-ден (3 таблетка) күніне 3 рет. 6-15 жастағы балаларға 250 мг-ден күніне 2 рет. Лямблиозды 5 күн бойы емдейді.

Ересектерге 250-500 мг-ден тәулігіне 2-3 рет (ең жоғарғы 1,0 г/тәулік). 6- 10 жастағы балаларға 125мг-ден (½ таблетка) күніне 3 рет (тәуліктік доза 375 мг), 11-15 жаста 250 мг-ден күніне 2 рет.

Анаэробтық инфекцияларды емдегенде ересектерге Метронидазолды тәулігіне 1,0-1,5 г, балаларға - тәу-лігіне 20-30 мг/кг есебімен тағайындайды. Анаэробтық инфекцияларды емдегенде ең жоғары тәуліктік дозасы 1,5-2 г.

Helicobacter pylori эрадикациясы үшін ересектерге – 500мг-ден тәулігіне 2 рет 7 күн бойы (біріктірілген ем құрамында).

Инфекциялық асқынулардың профилактикасы үшін операциядан 3-4 күн бұрын 3 қабылдауға тәулігіне 750-1500 мг-ден.

Бүйрек функциясының айқын бұзылуларында (креатинин СІ минутына 10мл-ден кем) тәуліктік дозаны екі есе азайтады.

Әзірге Метронидазол 250мг №30таб Эйкос пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады