Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Бринекс 1% 5мл гл.капли сусп. Сентис

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Көз тамшысы
Белсенді зат:
Бринзоламид
Фармакологиялық топ:
Глаукомаға қарсы препараттар және миотиктер
Элемент коды::
8901236030118
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- ашық бұрышты глаукомада

- офтальмогипертензияда

- β-блокаторларды қолдануға әсер беретін пациенттерде немесе β-блокаторларды қолдануға болмайтын пациенттерде монотерапия ретінде

- β-блокаторларға немесе простагландиндердің аналогтарына қосымша ем ретінде

- препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- сульфаниламидтерге белгілі аса жоғары сезімталдық

- жабық бұрышты глаукома

- бүйрек функциясының күрделі бұзылулары

- бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі

- гиперхлоремиялық ацидоз

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Жағымсыз реакциялар жөнінде берілген деректер бринзоламид бойынша клиникалық сынақтардан және постмаркетингтік кездейсоқ мәлімдемелерден алынды.

Осы жағымсыз реакциялар бринзоламидті (10 мг/мл, көзге тамызатын дәрі, суспензия) қолданған кезде тіркелді. Олар келесі шартты белгілерге сәйкес жіктеледі: өте жиі(>1/10), жиі(>1/100-ден<1/10 дейін), жиі емес (>1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (>1/10000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), не-месе белгісіз (қолда бар деректер бойынша баға беру мүмкін емес).

Жағымсыз реакциялар әрбір топ ішіндегі күрделіліктің төмендеу ретімен берілген.

Ағзалар жүйесі бойынша:

Инфекцялар және инвазиялар

- жиі емес: назофарингиттер, фарингиттер, синуситтер

- белгісіз: риниттер

Қан және лимфалық жүйенің бұзылулары

- жиі емес: қызыл қан денелері санының азаюы, қанның электролиттік теңгерімінің бұзылуы

Иммундық жүйенің бұзылу

- белгісіз: гиперсенсибилизация

Метаболизмнің және тамақтанудың бұзылыстары

- белгісіз: тәбеттің азаюы

Психикалық бұзылыстар

- жиі емес: апатия, депрессия, депрессиялық көңіл-күй, либидоның төмендеуі, күйгелектік

- сирек: ұйқысыздық

Жүйке жүйесінің бұзылуы

- жиі емес: қимыл-қозғалыс бұзылыстары, амнезия, бас айналу, парестезиялар, бас ауыру

- сирек: жадының нашарлауы, ұйқышылдық

- белгісіз: тремор, гипостезиялар, дәмнің бұзылуы

Көз тарапынан бұзылулар

- жиі: көрудің бұлдырауы, тітіркену, көзде бөгде затты сезіну, көз гиперемиясы

- жиі емес: мөлдір қабықтың эрозиясы, кератит, нүктелі кератит, кератопатия, мөлдір қабық эпите-лийінің кемістіктері, блефарит, көздің қышуы, конъюнктивиттер, мейбомиит, көз қарығу, птеригиум, склераның пигментациясы, астенопия, көрудің жайсыздығы, көзде жағымсыздықтың сезілуі, құрғақ кератоконъюнктивит, коньюнктивальді фолликулалар, көрудің адекватты болмауы, конъюнктива гиперемиясы, қабақтардың қышуы, көзден жас ағу, қабақ жиегінің қыртыстануы

- сирек: мөлдір қабықтың ісінуі, диплопия, көру жітілігінің нашарлауы, фотопсия, гипостезиялар, периорбитальді ісіну, КІҚ жоғарылауы, көру жүйкесінің экскавациясы

- белгісіз: кератопатия, көрудің бұзылулары, көз аллергиясы, мадароз, қабақтың қызаруы

Есту мүшелері тарапынан бұзылулар

- сирек: құлақтың шуылдауы

- белгісіз: бас айналу

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар

- жиі емес: кардио-респираторлық бұзылулар, брадикардия, жүректің қағуы

-сирек: стенокардия, жүректің жиырылу жиілігінің бұзылуы

- белгісіз: аритмия, тахикардия, артериялық қысымның бұзылуы

Тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылулар

- жиі емес: диспноэ, мұрыннан қан кету, тамақтың ауыруы, кеуденің ауыруы, тамақтың тітіркенуі, жөтел, ринорея, түшкіру

- сирек: бронхит, мұрынның және мұрын қуыстарының бітелуі, жөтел, мұрын ішінің құрғауы

- белгісіз: демікпе

Асқазан-ішек бұзылыстары

- жиі: дисгевзия

- жиі емес: эзофагит, іш өту, жүректің айнуы, құсу, диспепсия, құрсақ қуысының жоғарғы бөлімінің ауыруы, асқазан-ішек жайсыздығы, метеоризм, парестезиялар және ауыз қуысы гипостезиялары, ауыздың кеберсуі

Гепато-билиарлық жүйенің бұзылулары

- белгісіз: бауыр сынамасының бұзылулары

Тері және теріасты шелмайы тарапынан бұзылулар

- жиі емес: бөртпе, дақты-папулезді бөртпелер

- сирек: есекжем, алопеция, терінің қышуының жайылуы

- белгісіз: дерматит, эритема

Сүйек-бұлшықет жүйесі және дәнекер тін тарапынан бұзылулар

- жиі емес: арқаның ауыруы, бұлшықет спазмдары, миалгиялар

- белгісіз: артралгия, аяқ-қолдың ауыруы

Бөліп шығару жүйесі тарапынан бұзылулар

- жиі емес: бүйректің ауыруы

- белгісіз: поллакиурия

Ұрпақ өрбіту жүйесі тарапынан бұзылулар

- жиі емес: эректильді дисфункция

Жалпы бұзылулар

- жиі емес: ауыру, кеуденің жайсыздануы, әдеттен тыс сезінулер

- сирек: кеуденің ауыруы, күйгелектік, астения, ашушаңдық

- белгісіз: шеткері ісінулер, дімкәстік

Жарақаттар, уланулар және ем-шаралық асқынулар

- жиі емес: көзде бөгде заттың сезілуі

Құтыны пайдаланар алдында сілкілеу керек!

Құтының ішіндегінің ластануына жол бермеу үшін, тамшуырдың ұшын көзге немесе басқа да кез келген нәрсеге тигізіп алмаған жөн. Қолданып болғаннан кейін құтыны дұрыстап жауып қойған жөн.

Тамызғаннан кейін мұрын-жас окклюзиясы немесе қабақты түсіріп жабу ұсынылады. Бұл көз тіндері арқылы жергілікті қолданатын дәрілік препараттың жүйелік сіңуін және жағымсыз әсерін төмендетеді.

Глаукомаға қарсы басқа препаратты көзге тамызатын Бринекс дәрісіне алмастырған кезде алмастыры-латын препаратты қабылдауды тоқтату және келесі күні Бринексті қабылдауды бастау қажет.

Жергілікті қолданылатын бірнеше офтальмологиялық препараттарды пайдаланғанда тамызу арасында-ғы ең кемінде 5 минут аралықты сақтау керек.

Егер препарат қабылдауды өткізіп алса, емдеуді келесі препарат дозасын кесте бойынша қабылдауды жалғастырған жөн. Препаратты зақымданған көзге күніне 3 тамшыдан артық қабылдау ұсынылмайды.

Дозалары

Монотерапия немесе қатар қолданылатын ем ретінде қолданғанда Бринексті зақымданған көздің (көз-дердің) төменгі конъюнктивальді қалтасына күніне екі рет 1 тамшыдан тамызады. Кейбір пациенттерге препаратты күніне 3 рет тамызу ұсынылады. Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Ерекше топтағы пациенттердегі дозалары

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде дозаны реттеудің қажеті жоқ.

Бауыр және бүйрек функцияларының жеткіліксіздігі бар пациенттер 

Препаратты бауыр функциясының бұзылулары бар науқастарға қолдану зерттелген жоқ, сондықтан Бринекс мұндай адамдар үшін ұсынылмайды.

Бринексті қолдану бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі <30 мл / мин) науқастарда немесе гиперхлоремиялық ацидозы бар пациенттерде зерттелген жоқ. Бринзоламид және оның негізгі метаболиті организмнен бүйрек арқылы шығарылатын болғандықтан, Бринексті мұн-дай пациенттерге қолдануға болмайды.

Бала пациенттер

Бринекстің қауіпсіздігі және тиімділігі 0-ден 17 жасқа дейінгі сәбилерде, балаларда және жасөспірім-дерде анықталған жоқ. Осыған байланысты Бринекс сәбилерге, балаларға және жасөспірімдерге пай-далану үшін ұсынылмайды.

Әзірге Бринекс 1% 5мл гл.капли сусп. Сентис пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады