Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Тугина 500мг №10табл Tulip Lab

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 10
Белсенді зат:
Транексам қышқылы
Фармакологиялық топ:
Гемостатиктер
Элемент коды::
8904054404345
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Фибринолиз немесе фибриногенолиз жоғарылаған пациенттерде қан кету кезінде немесе қан кету қау-пінде қысқа мерзімді қолдануға арналған.

Жергілікті фибринолиз,  төмендегі жағдайларда болады:

- простатэктомия, қуыққа операциялар

- жатыр мойны конизациясы

- меноррагия

- мұрыннан қан кету

- жарақаттық гифема

- гемофилиямен науқастардағы тіс экстракциясы

- тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну

- транексам қышқылына немесе препараттың кез келген басқа ингредиентіне аса жоғары сезімталдық

- тромбоэмболиялық ауру

- анамнездегі веналар мен артериялар тромбозы

- диссеминацияланған тамырішілік қан ұюымен байланысты фибринолитикалық жағдай

- субарахноидальді қан құйылу

- миокард инфарктісі

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі         

- анамнездегі құрысулар

- түс түрлерін айыра алмау

Жиілігі былайша анықталады: өте жиі (= 1/l0), жиі (= 1/100 бастап <1/10 дейін), жиі емес (= 1/1000 бастап <1/100 дейін), сирек (= 1/10, 000 бастап <1 / 1000 дейін) және өте сирек (<1/10, 000), белгісіз (қолда бар деректерден бағалау мүмкін емес).

Сирек

- терінің аллергиялық реакциялары

- түс түрлерін айыра алмау

- тор қабық веналары мен артериясының окклюзиясы

- тромбоэмболиялық асқынулар

Өте сирек

- анафилаксиялық шокты қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары

- дімкәстік, әлсіздік, бас айналу, ұйқышылдық, құрысулар

- тахикардия, кеуде қуысының ауыруы, естен тану ықтималдығы бар гипотензия

- артериялар мен веналар тромбозы

- диспепсиялық құбылыстар: жүрек айну, құсу, диарея, анорексия

Дозалау режимі жекелей, клиникалық жағдайларға байланысты болады. Таблеткаларды тамақтануға байланыссыз, шайнамай, жеткілікті су мөлшерімен ішке қабылдайды.

Жергілікті фибринолиз

Ұсынылатын стандартты доза дене салмағына 15-25мг/кг  (күніне 2-3 рет 1000-1500 мг) құрайды.

Төменде аталған көрсетілімдер үшін мынадай дозалар пайдаланылуы мүмкін:

Простатэктомия

Қаупі жоғары пациенттерде қан кетудің профилактикасы мен емдеуді транексам қышқылы инъекция-сының көмегімен операцияға дейін немесе одан кейін бастаған жөн;

содан соң макроскопиялық гематурия тоқтағанға дейін 2 таблеткадан (1000мг) күніне 3-4 рет.

Меноррагия

Ұсынылатын доза күніне 3 рет 1000 мг (Тугинаның 2 таблеткасы) құрайды. Етеккірдің өте көп қан кетуі кезінде  дозаны ұлғайтуға болады. Жалпы доза күніне 4 г (Тугинаның 8 таблеткасы) аспауы тиіс. Транексам қышқылымен емдеуді етеккір басталғанға дейін бастамаған жөн. 

Мұрыннан қан кету

Қайталап қан кету кезінде 7 күн бойы 1000 мг (күніне Тугинаның 2 таблеткасы) пероральді ем таға-йындалады.

Жатыр мойны конизациясы

1500 мг (Тугинаның 3 таблеткасы) күніне үш рет.

Жарақаттық гифема

1000-1500 мг (Тугинаның 2-3 таблеткасы) күніне үш рет.

Доза 25 мг/кг күніне 3 рет есебіне негізделген.

Гемофилия

Тіс жұлғанда 1000-1500 мг (Тугинаның 2-3 таблеткасы) әрбір сегіз сағат сайын. Доза 25 мг/кг есебіне негізделген.

Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну

Кейбір науқастар аурудың басталуы туралы біледі; мұндай пациенттер үшін ұсынылатын ем - 1000-1500 мг (Тугинаның 2-3 таблеткасы) күніне 2-3 рет бірнеше күн бойы мезгіл-мезгіл қабылдау. Қалған пациенттер мұндай дозада емдеуді үнемі қабылдайды.

Балалар

Дене салмағына тәулігіне 25 мг/кг, ішке. Дегенмен, бұл көрсетілімдер бойынша балаларда қолданылуы, тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі деректер шектеулі. 

Егде адамдар

Бүйрек жеткіліксіздігінің белгілері болмаса, дозаны азайтудың қажеті жоқ.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Транексам қышқылы өзгермеген түрде несеппен шығарылады, сондықтан бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге әдеттегіден аздау доза ұсынылады. Ішке қабылдау үшін дозаны мынадай түзету қажет:

 

Плазма креатинині          Дозасы

120-249 мкмоль/л дене салмағына 15 мг/кг тәулігіне 2 рет

250-500 мкмоль/л дене салмағына 15 мг/кг тәулігіне 1 рет

Әзірге Тугина 500мг №10табл Tulip Lab пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады