Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Вивайра 100мг №4 табл(силденафил ) Белупо

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 4
Белсенді зат:
Силденафил
Фармакологиялық топ:
Эректильді дисфункцияда қолданылатын препараттар
Элемент коды::
3850343028035
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

- жыныстық қатынасты қанағаттандыру үшін жыныс мүшесінің эрекциясына қол жеткізуге немесе сақтау-ға қабілетсіздігімен сипатталатын эректильді дисфункцияда.

Вивайра препараты сексуальді стимуляцияда ғана тиімді.

 

 

- препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- азот тотығының донаторы (амилнитрит) болып табылатын препараттармен, кез келген түрдегі органи-калық нитраттармен бір мезгілде қабылдау

- артериялық гипотензия (артериялық қысым <90/50 мм с. б.)

- жуықтағы сыртартқысында инсульттің немесе миокард инфарктісінің болуы

- артерияның қабынуымен байланысты емес, көру жүйкесінің алдыңғы ишемиялық нейропатиясы сал-дарынан бір көздің көрмей қалуы, осы көріністің бұдан бұрын ФДЭ-5 тежегішін қолданумен байланыс-ты болғанына немесе болмағанына қарамастан

- бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі

- көздің торқабығының тұқым қуалайтын дегенерациялық аурулары (мысалы, retinitis pigmentosa)

Сақтықпен:

- жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы (соның ішінде, ангуляция, кавернозды фиброз немесе Пейрони ауруы)

- приапизмнің дамуына бейім ететін аурулар (орақ-жасушалы анемия, көптеген миелома, лейкоз, тром-боцитемия сияқты)

- қан кетумен қатар жүретін аурулар

- ойық жара ауруының өршуі

- жүрек функциясының жеткіліксіздігі

- тұрақсыз стенокардия, соңғы 6 айдан бастап өткерген миокард инфарктісі, инсульт немесе өмірге қауіп төндіретін аритмиялар

- артериялық гипертензия (артериялық қысым (АҚ) >170/100 мм с. б.)

Тіркеу көрсетілімдері бойынша, препарат 18 жасқа дейінгі балаларға және әйелдерге қолдануға арнал-маған.

 

 

Өт жиі (≥ 1/10)

- бас ауыру

Жиі (≥ 1/100, <1/10)

- бас айналу

- көрудің бұзылулары, түрлі түсті реңдерді қабылдаудың өзгеруін, жарыққа сезімталдықты қоса, көру-дің анық болмауы немесе көру жітілігінен төмендеуі

- бет гиперемиясы

- диспепсия

- мұрынның бітелуі

Жиі емес (≥ 1/1 000, <1/100)

- ұйқышылдық, гипестезия

- конъюнктива аурулары, көзден жастың бөлінуінің бұзылулары, көздің ауыруы, көзге заттың қосар-ланып көрінуі, көздің артқы камерасына қан кету

- кеңістікте бағдардан адасу, құлақтың шыңылдауы

- жүрек қағуының жиілеуі, тахикардия

- құсу, жүректің айнуы, ауыз ішінің құрғауы

- тері бөртпесі

- миалгия

- гематурия

- гемоспермия, жыныс мүшесіне қан құйылу

- кеуденің ауыруы, қатты қажушылық

Сирек (≥ 1/10 000, <1/1 000)

- аса жоғары сезімталдық реакциялары

- геморрагиялық инсульт, синкопе

- естудің кенеттен нашарлауы немесе жоғалуы

- миокард инфарктісі, жүрекшелердің фибрилляциясы

- артериялық гипертензия, артериялық гипотензия

- мұрыннан қан кету

Бірлі-жарым

- транзиторлы ишемиялық шабуыл, құрысу ұстамасы, құрысулардың қайталануы

- көру жүйкесінің алдыңғы артерииттік емес ишемиялық невропатиясы, көздің торқабығы қантамыр-ларының окклюзиясы, көру өрісінің ақауы

- қарыншалық аритмия, тұрақсыз стенокардия, кенеттен болатын өлім

- Стивенс–Джонсон синдромы (СДС), уытты эпидермальді некролиз

- приапизм, ұзаққа созылатын эрекция

 

 

Асқынуларға жол бермеу үшін қатаң түрде дәрігердің тағайындауымен қолдану керек!

Препарат ішке қолданылады. Таблетканы толық шайнаған және жұтқан жөн.

Препаратты мүмкіндігінше жыныстық қатынастан шамамен бір сағат бұрын қабылдаған жөн. Препараттың ұсынылатын дозасы 50 мг құрайды және тамаққа дейін қабылданады, өйткені тамақпен бір мезгілде қабылдау препараттың сіңуін баяулатады және әсерінің басталуын ұзартады.

Препараттың тиімділігі мен жағымдылығына қарай, оның дозасын 100 мг-ге дейін арттыруға немесе 25 мг-ге дейін төмендетуге болады.

Препараттың ұсынылатын ең жоғары дозасы — 100 мг.

Дәрілік затты қабылдаудың ең жоғары ұсынылған жиілігі — тәулігіне 1 рет.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының жеңіл және орташа дәрежедегі жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) ұсынылған дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде (креатинин клиренсі <30 мл/мин) силденафил клиренсінің төмендеуіне байланысты, дозаны 25мг-ге дейін төмендеткен жөн. Препараттың тиімділігі мен жағымдылығына байланысты оның дозасын қажетіне қарай 50 мг-ге және и 100 мг-ге дейін саты-лап арттыруға болады.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Силденафилдің клиренсі бауыр функциясы бұзылған (мысалы, циррозы бар) пациенттерде төмен бол-ғандықтан, дозаны 25 мг-ге дейін төмендету ұсынылады. Препараттың тиімділігі мен жағымдылығына байланысты, оның дозасын қажетіне қарай 50 мг-ге және 100 мг-ге дейін сатылап арттыруға болады.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде препарат дозасын түзету қажет емес.

Бала жастағы пациенттер

Препарат 18 жасқа толмаған пациенттерге қолдануға арналмаған.

Басқа дәрілік заттарды қабылдап жүрген пациенттерге қолданылуы Силденафилді ритонавирмен бірге қабылдау ұсынылмайды және кез келген жағдайда силденафилдің ең жоғары дозасы еш уақытта 48 сағат ішінде 25 мг-ден аспауы тиіс.

Р450 3А4 цитохромының тежегіштерімен (эритромицин, саквинавир, кетоконазол, итраконазол сияқты) бірге қолданғанда препараттың бастапқы дозасы 25 мг құрайды.

Постуральді артериялық гипотензияның даму қаупін төмендету үшін альфа-адреноблокаторларды қа-былдап жүрген пациенттердің жағдайы силденафилмен емдегенге дейін тұрақты болуы тиіс. Бұдан басқа, препаратты 25 мг дозадан бастап қолдану мүмкіндігін қарастырған жөн.

 

Әзірге Вивайра 100мг №4 табл(силденафил ) Белупо пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады