Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Айрлин 2мг + 0,03 мг №21 табл.Леон Испания

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар
Белсенді зат:
Диеногест, этинилэстрадиол
Фармакологиялық топ:
Жүйелі қолдануға арналған гормональді контрацептивтер
Элемент коды::
8437009433959
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- гормональді контрацепция

- жергілікті емдеу тиімсіз болған кезде ауырлығы орташа безеу бөртпесін (акне) емдеу үшін (гормональді контрацепцияны қажет ететін әйелдерде).

Төменде атап келтірілген жағдайлардың кез келгені алғаш пайда болған сәтте Айрлин препаратын қабылдау дереу тоқтатылуы тиіс:

- белсенді немесе қосымша заттарына жоғары сезімталдық

- тромбоздар (веналық және артериялық) және қазіргі кездегі немесе анамнездегі тромбоэмболиялар (мысалы, терең веналар тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, миокард инфарктісі) немесе цереброваскулярлық бұзылулар

- қазіргі кездегі немесе анамнездегі тромбоз алдындағы жағдайлар (мысалы, транзиторлық ишемиялық шабуылдар, стенокардия)

- жүректің ишемиялық ауруы

- семіздік (дене салмағының индексі >30 кг/м2 )

- микроангиопатиямен жүретін қант диабеті

- ауыр гипертония, дислипидемия, жүрек ақауы, аритмиялар

- қан ұюының бұзылулары (белсендірілген протеин С (АРС) резистенттілігі, гипер гомоцистеинемия, ан-титромбин-III тапшылығы, протеин С тапшылығы, протеин S тапшылығы, антифосфолипидтік антиден-елер)

- шылым шегу және пациент әйел жасының 30-дан асуы

- бауырдың белсенділігі орташа немесе айқын аурулары (бауыр тестілері қалпына түскенге дейін)

- қазіргі кездегі немесе анамнездегі бауыр ісіктері (қатерсіз немесе қатерлі)

- эндометрийдің, сүт безінің обыры

- қынаптан шығу тегі белгісіз қан кету

- анамнездегі, ошақтық неврологиялық симптомдармен жүретін бас сақинасы

- галактозаны көтере алмаушылық, лактаза тапшылығы және глюкоза-галактоза сіңірілуінің бұзылуы

- веналық немесе артериялық тромбоз дамуының жоғары қаупі

- айқын гипертриглицеридемия аясында дамитын панкреатит (немесе оның анамнезде болуы)

- жүктілік/жүктілікке күдіктену және лактация кезеңі

Жиі (≥1/100, <1/10)

- бас ауыруы

- сүт бездеріндегі ауырсыну сезімі немесе ауыруы, сүт бездерінің қатаюы

Жиі емес (≥1/1 000, <1/100)

- вагиниттер/вульвовагиниттер, қынап кандидозы немесе басқа зеңдік вульвовагинальді инфекциялар

- тәбеттің артуы

- көңіл-күйдің төмендігі

- бас айналуы, бас сақинасы

- артериялық гипертензия және гипотензия

- іштің ауыруы, іш тұсындағы жайсыздық және «кернеу» сезімі, жүрек айнуы, құсу, диарея

- бөртпе, соның ішінде, теңбілдақты және безеу бөртпесі, қышыну, соның ішінде жайылған түрі, алопе-ция

- патологиялық тоқтату қан кетулері, соның ішінде меноррагиялар, гипоменорея, олигоменорея, етек-кіраралық қан кетулер (қынаптан немесе жатырдан), дисменорея, аменорея, жыныс жолдарынан бөлі-ністердің шығуы, сүт бездері көлемінің ұлғаюы, соның ішінде сүт бездеріндегі жайсыздық пен ауырсыну сезімі, сүт бездерінің ісінуі, аналық без кисталары, жамбас аймағының ауыруы

- қажу, соның ішінде дімкәстану және астения

- дене салмағының өзгерістері (артуы, төмендеуі немесе салмақтың тұрақсыздығы)

Сирек (≥1/10 000, <1/ 1000)

- аса жоғары сезімталдық реакциялары

- сальпингоофорит, мастит, цервицит, зең инфекциялары, кандидоз, тұмау, ауыздың шырышты қабы-ғының герпесі, бронхит, синуситтер, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, вирустық инфекция, несеп шығару жолдарының инфекциялары, цистит

- жатыр лейомиомасы, сүт безінің липомасы

- анемия

- вирилизация

- анорексия

- депрессия, психикалық бұзылулар, ұйқысыздық, ұйқының бұзылуы, озбырлық

- ишемиялық инсульт, цереброваскулярлық бұзылулар, дистония

- көздің құрғауы, көздің тітіркенуі, көрудің бұзылуы, осциллопсия

- кенеттен естімей қалу, тинниттер, вертиго, естудің бұзылуы

- кардиоваскулярлық бұзылулар, тахикардия

- артериялар мен веналардың тромбоздары / өкпе артериясының эмболиясы, тромбофлебиттер, диас-толалық гипертензия, ортостаздық циркуляторлық дисрегуляция, ыстық кернеулер

- веналардың варикозды кеңеюі, веналардағы өзгерістер, веналардың ауыруы

- бронх демікпесі, гипервентиляция

- диспепсия, гастрит, энтерит

- тері реакциялары және тері тарапынан болатын өзгерістер, соның ішінде аллергиялық дерматит, ато-пиялық дерматит/нейродерматит, экзема, псориаз

- гипергидроз, хлоазма, пигментация бұзылулары/гиперпигментация, себоррея, қайызғақ, гирсутизм, «апельсин түстес тері», «өрмекшітәрізді невус» симптомы

- арқаның ауыруы, бұлшықет-қаңқа жайсыздығы, миалгиялар, аяқ- қолдардың ауыруы

- цервикальді дисплазия, жатыр қойнауларының кистасы, жатыр қойнаулары аймағының ауыруы, сүт безінің кистасы, сүт бездерінің фиброкистоздық ауруы, жыныстық қатынаспен байланысты гениталий-дегі ауыру

- галакторея, етеккір бұзылулары

- төс артының ауыруы, шеткері ісінулер, тұмаутәрізді аурулар, қабыну аурулары, пирексия, ашушаң-дық

- плазмадағы триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы, гиперхолестеринемия

- сүт безінің асимптомдық үстемелік манифестациясы

Жиілігі белгісіз (тек маркетингтен кейінгі қадағалаулар үдерісінде ғана анықталған)

- көңіл-күйдің өзгеруі, либидо төмендеуі, либидо жоғарылауы

- жанаспалы линзаларды көтере алмаушылық

- есекжем, түйіндақты эритема, мультиформалы эритема

- сүт бездерінен бөліністер

- сұйықтықтың іркілуі

Келесі күрделі жағымсыз әсерлері, біріктірілген пероральді контрацептивтерді пайдаланып жүрген әйелдерде хабарланды:

- венадағы тромбоэмболиялық бұзылулар

- артериялық тромбоэмболиялық бұзылулар

- цереброваскулярлық бұзылулар, соның ішінде инсульт

- артериялық гипертензия

- гипертриглицеридемия

- глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы немесе шеткері инсулинге резистенттілік әсерлері

- бауыр функциясының бұзылулары

- бауыр ісіктері (қатерсіз немесе қатерлі)

- хлоазма.

- БПК қабылдаумен байланыссыз аурулардың өршуі немесе білінуі:

холестазбен байланысты сарғаю және/немесе қышыну; өт қалтасында тастардың түзілуі; порфирия; жүйелі қызыл жегі, гемолиздік-уремиялық синдром; Сиденгам хореясы; жүкті әйелдердегі герпес; отосклерозбен байланысты естімей қалу, Крон ауруы және спецификалық емес ойық жаралы колит, жатыр мойнының обыры.

- БПК қабылдап жүрген әйелдерде сүт безі обырының туындау жиілігі аздап қана жоғарылайды. Сүт безінің обыры 40 жасқа толмаған әйелдерде сирек туындайтындықтан, сүт безі обырының жалпы даму қаупіне қатысты бұл жоғарылау өте аз.

Айрлин ішке, күн сайын, күннің бір уақытында, қаптамасында көрсетілген тәртіп бойынша, аздаған мөлшердегі сумен қабылданады. 21 күн бойы үздіксіз, тәулігіне 1 таблеткадан қабылдайды. Әрбір келесі қаптамадағы таблеткаларды қабылдау 7 күндік үзілістен кейін басталады, ол күндерде "тоқтату" қан кетуі (етеккір тәрізді қан кету) байқалады. Ол әдетте соңғы таблетканы қабылдағаннан кейінгі 2-4 күндері басталады және жаңа қаптамадағы таблетканы қабылдау басталғанша жалғасуы мүмкін.

Таблеткаларды қолдануды бастау

Алдыңғы айда қандай-да бір гормональді контрацептивтер қабылданбаса, Айрлинді қабылдау етеккір оралымының бірінші күні (етеккірлік қан кетудің бірінші күні) басталады. Қабылдауды етеккір оралы-мының 2-5 күндері бастауға жол беріледі, бірақ бұл жағдайда қосымша, бірінші қаптамадағы таблетка-ларды қабылдаудың алғашқы 7 күні бойы контрацепцияның бөгеттік әдісін пайдалану ұсынылады.

Басқа біріктірілген пероральді контрацептивтерден (біріктірілген оральді контрацептивтен, қынап сақи-насынан, трансдермальді бұласырдан) ауысқан кезде: Айрлинді қабылдауды алдыңғы қаптамадағы соңғы белсенді таблетканы қабылдағаннан кейін келесі күні, бірақ қабылдаудағы әдеттегі 7 күндік үзі-лістен кейін (21 таблеткадан тұратын препараттар үшін) немесе соңғы белсенді емес таблетканы қа-былдағаннан кейін (қаптамасында 28 таблетка бар препараттар үшін) келесі күннен кешіктірмей бас-таған дұрыс. Қынап сақинасынан, трансдермальді бұласырдан ауысқан кезде препаратты қабылдауды сақина немесе бұласырды алып тастаған күні, бірақ, жаңа сақина енгізілуі немесе жаңа бұласыр жа-быстырылуы тиіс күннен кешіктірмей бастаған дұрыс.

Құрамында тек гестагендер бар (мини-пили, инъекциялық формалары, имплантат) контрацептивтерден немесе гестаген бөліп шығаратын жатырішілік жүйеден (ЖІЖ) ауысқан кезде: мини-пилиден Айрлинді қабылдауға кез келген күні (үзіліссіз), құрамында гестаген бар имплантанттан немесе жатырішілік кон-трацептивтен – оны алып тастаған күні, инъекциялық формасынан – келесі инъекция жасалуы керек күннен бастап ауысуға болады. Барлық жағдайларда қосымша, таблеткаларды қабылдаудың алғашқы 7 күні бойына контрацепцияның бөгеттік әдісін пайдалану қажет.

Жүктіліктің бірінші триместріндегі аборттан кейін: препаратты қабылдауды дереу бастау керек. Бұл шарт сақталған жағдайда, әйелге қосымша контрацептивтік қорғаныс қажет емес.

Босанулардан немесе жүктіліктің екінші триместріндегі аборттан кейін:

препаратты қабылдауды босанулардан немесе абортатан кейінгі 21-28 күні бастау ұсынылады. Егер қабылдау кешірек басталса, таблеткаларды қабылдаудың алғашқы 7 күні бойына қосымша, контрацеп-цияның бөгеттік әдісін пайдалану қажет. Егер препаратты қабылдау басталғанға дейін әйел жыныстық қатынаста болған болса, онда Айрлин препаратын қабылдағанға дейін жүктіліктің бар-жоқтығын анық-тау немесе бірінші етеккірді күтуі қажет.

Таблеткаларды қабылдауды өткізіп алған жағдайда

Егер өткізіліп алған таблетка 12 сағат ішінде қабылданса, ешқандай қосымша сақтық шаралары қажет емес; өткізіліп алған таблетканы барынша тезірек қабылдау қажет, және келесі таблеткалар әдеттегі уақытында қабылдануы тиіс.

Егер бір немесе одан көп таблетка 12 сағаттан артық уақытқа өткізіліп алынса, ұрықтануға қарсы қор-ғаныс азаяды. Сонымен қатар келесі 2 негізгі ережені басшылыққа алу керек:

- таблеткаларды қабылдау 7 күннен артыққа тоқтатылмауы тиіс.

- гипоталамус – гипофиз – аналық бездер жүйесін тиісінше бәсеңдету үшін, таблеткалар 7 күн бойы үзіліссіз қабылдануы тиіс.

Осының негізінде, келесі нұсқауларды басшылыққа алу қажет.

- Препаратты қабылдаудың алғашқы аптасы

Өткізіліп алған соңғы таблетканы барынша тезірек қабылдау керек (тіпті, егер бұл екі таблетканы бір мезгілде қабылдауды білдірсе де). Келесі таблеткалар әдеттегі уақытында қабылданады. Алдағы 7 күн бойы қосымша, контрацепцияның бөгеттік әдісі (мысалы, мүшеқап) пайдаланылуы тиіс. Егер жыныстық қатынас таблетканы өткізіп алудың алдындағы аптада орын алса, жүктіліктің басталу ықтималдылығын ескеру қажет.

Өткізіліп алынған таблеткалар санының көбеюіне және қабылдаудағы жүйелі үзіліс кезеңінің жақынды-ғына байланысты, жүктіліктің басталу ықтималдылығы арта түседі.

- Препаратты қабылдаудың екінші аптасы

Өткізіліп алған соңғы таблетканы барынша тезірек қабылдау керек (тіпті, егер бұл екі таблетканы бір мезгілде қабылдауды білдірсе де). Келесі таблетканы әдеттегі уақытта қабылдайды. Егер таблеткалар алғашқы өткізіліп алған таблетканың алдындағы 7 күн бойы дұрыс қабылданса, қосымша контрацеп-тивтік шараларды пайдалану қажет емес. Керісінше жағдайда, сондай-ақ екі немесе одан да көп таб-летканы өткізіп алған жағдайда, 7 күн бойы қосымша, контрацепцияның бөгеттік әдістерін (мысалы, мүшеқап) пайдалану қажет.

- Препаратты қабылдаудың үшінші аптасы

Жақын арада таблеткаларды қабылдауда үзіліс болатындықтан, сенімділігінің төмендеу қаупі бар. Соңғы екі нұсқаның біреуін қатаң ұстану қажет. Сонымен қатар, егер өткізіліп алған алғашқы таблетка-ның алдындағы 7 күн бойы барлық таблеткалар дұрыс қабылданса, қосымша контрацептив әдістерін пайдалану қажет емес.

1. Өткізіліп алған соңғы таблетканы барынша тезірек қабылдау керек (тіпті, егер бұл екі таблетканы бір мезгілде қабылдауды білдірсе де). Келесі таблетканы әдеттегі уақытта, қолданыстағы қаптамадағы таблеткалар біткенше қабылдайды. Келесі қаптамасын бірден бастау керек. Екінші қаптама таусылған-ша тоқтату қан кетуінің болу ықтималдығы аз, бірақ таблеткаларды қабылдап жүрген кезде жұғынды бөліністер білінуі мүмкін.

2. Сонымен қатар басталған қаптамадағы таблеткаларды қабылдауды да тоқтатып тастауға болады. Содан соң таблетканы өткізіп алған күнді қоса, 7 күнге үзіліс жасау, және содан кейін жаңа қаптаманы қабылдауды бастау керек.

Егер үзілістен және таблеткаларды қабылдау қайта басталғанннан кейін тоқтату қан кетуі байқалмаса, жүктіліктің бар-жоқтығын анықтау қажет.

Құсу мен асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылыстар жағдайындағы ұсынымдар

Асқазан-ішектің ауыр бұзылыстары кезінде препарат толық сіңірілмеуі мүмкін. Бұл жағдайда контра-цепцияның қосымша әдістерін қолдану керек.

Егер әйелде таблеткаларды қабылдағаннан кейінгі 3-4 сағат ішінде құсу байқалса, таблеткаларды өткізіп алуға қатысты кеңестерді бағдарға алу қажет. Егер әйел препаратты қабылдаудың қалыпты режимін өзгерткісі келмесе, ол қажет болған жағдайда, келесі қаптамадағы қосымша таблетканы қабылдауы тиіс.

Етеккір оралымының басталатын күнін өзгерту

Етеккірдің басталуын кейінге шегеру үшін, алдыңғы қаптама аяқталғаннан кейін бірден, аралық таста-май, жаңа қаптамадағы Айрлинді қабылдауды жалғастыру қажет. Екінші қаптамадағы препаратты қа-былдау аясында қан аралас жұғынды бөліністер болуы мүмкін. Екінші қаптама таусылғаннан кейін, 7 күндік үзіліс жасау және содан кейін келесі қаптамадағы Айрлинді қабылдауды қайта бастау керек.

Етеккір оралымы аптаның басқа күні басталуы үшін, таблеткаларды қабылдаудағы үзілістің ұзақтығын қажеттілігіне қарай қысқартуға болады.

Алайда, аралық қысқа болған сайын, екінші қаптаманы қабылдау кезіндегі қан аралас жұғынды бөлі-ністердің пайда болу ықтималдылығы жоғарылайды.

Әзірге Айрлин 2мг + 0,03 мг №21 табл.Леон Испания пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады