Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Томогексол 350мг 100мл №1

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Шөлмек
Белсенді зат:
Йогексол
Фармакологиялық топ:
Контрастылы заттар
Элемент коды::
01111??2209709
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Томогексол ® диагностикалық мақсаттарға ғана арналған.

Рентгенконтрастылы препарат балалар мен ересектерде:

- кардиоангиография, артериография, урография, флебография және компьютерлік томография (КТ) кезінде контрастты күшейту

- мойын миелографиясы, артрография, гистеросальпингография, сиалография

- асқазан-ішек жолының зерттеулерін өткізу мақсатында қолдануға арналған.

– белсенді компонентке немесе кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық

– айқын тиреотоксикоз

– Томогексолға ® аса жоғары сезімталдықтың күрделі реакцияларының анамнезде болуы

Жалпы (құрамында йод бар контрастылы дәрілерді қолдану тәсілдерінің бәріне қатысты):

Төменде ионды емес мономерлі контрастылы дәрілер қолданылған рентгенографиялық емшаралар жүргізумен байланысты болуы мүмкін жалпы жағымсыз әсерлер тізбеленген. Жағымсыз әсерлері қолдану тәсіліне қарай тиісті бөлімдерде көрсетілген.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары дозасы мен қолдану тәсіліне байланыссыз туындауы мүмкін, жеңіл симптомдар күрделі анафилактоидты реакция/шок хабаршылары болуы мүмкін.

Контрастылы зат енгізуді дереу тоқтату және, қажет болса, спецификалық емдік дәрілерді тамыр ішіне енгізу басталуы тиіс.

Құрамында йод бар контрастылы зат енгізуден кейін сарысулық креатининнің мардымсыз өткінші жоғарылауы жиі байқалады, контрастылы затпен индукцияланған нефропатия дамуы мүмкін.

Йодизм немесе йод борығы - 10 тәулікке созылатын зерттеуден кейін сілекей бездерінің ұлғаюымен және ауырсынуымен білінетін құрамында йод бар контрастылы зат енгізуге деген сирек реакция.

Жағымсыз құбылыстардың туындау жиілігінің берілген мәндері бастапқы клиникалық құжаттамаға және 90000-нан астам пациент қатысқан жарияланған зерттеулер деректеріне негізделген.

Жағымсыз құбылыстар жиілігі келесі үлгіде жіктеледі:

- өте жиі (≥1/10),

- жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін),

- жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін),

- сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін),

- өте сирек (<1/10000),

- белгісіз: (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес).

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Сирек: аса жоғары сезімталдық реакциялары (соның ішінде, ентігу, бөртпе, эритема, есекжем, қышы-ну, тері реакциялары, васкулит, ангионевроздық ісіну, көмейдің ісінуі, ларингоспазм, бронх түйілу не-месе кардиогенді емес өкпе ісінуі). Реакциялар инъекциядан кейін бірден немесе бірнеше күн өткен соң туындауы мүмкін.

Белгісіз: анафилаксиялық/анафилактоидты реакция, анафилаксиялық/анафилактоидты шок.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Сирек: бас ауыру

Өте сирек: дисгевзия (өткінші темір татуын сезіну)

Белгісіз: вазовагальді естен тану

Кардиологиялық бұзылулар

Сирек: брадикардия

Тамыр бұзылулары

Өте сирек: артериялық гипертензия, артериялық гипотензия

Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі емес: жүрек айну

Сирек: құсу

Өте сирек: диарея, іштің ауыруы/жайсыздануы

Белгісіз: сілекей бездерінің ұлғаюы

Жалпы бұзылулар және инъекция орнындағы реакциялар

Жиі: ысынуды сезіну

Сирек: пирексия

Өте сирек: қалтырау

Жарақаттар, уланулар және емшара асқынулары

Белгісіз: йодизм

Ересектер мен балаларға артерия ішіне, вена ішіне, интратекальді, қуыс ішіне енгізу, ішу арқылы қабыл-дау, ректальді енгізу үшін.

Препарат дозасы зерттеу әдісіне, пациенттің жасына, дене салмағына, жүректің минуттық көлеміне, жал-пы жай-күйіне және препаратты қолдану техникасына байланысты. Контрастылы зат қолданудың алдын-да және одан кейін, басқа рентгенконтрастылы дәрілердегі сияқты, организмнің тиісті гидратациясын қамтамасыз ету қажет.

Әзірге Томогексол 350мг 100мл №1 пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады