Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Польсуксан 100мг/5мл №5

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№5 ампула
Белсенді зат:
Суксаметоний хлоридi
Фармакологиялық топ:
Шеткері әсер ететін миорелаксанттар
Элемент коды::
01111??250809
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Польсуксан ультрақысқа әсер ететін деполяризациялайтын нейробұлшықет блокаторы болып табылады. Хирургиялық операциялар кезінде (мысалы ішек бітелісінде, «іштеспе», шұғыл жасалған кесарь тілігі кезінде, асқазаны босатылмаған пациенттерде шұғыл операциялар кезінде) трахеальды интубация мен механикалық желдетуді жеңілдету үшін анестезия кезінде миорелаксант ретінде қолдану көрсетілген.

Польсуксан сондай-ақ фармакологиялық препараттар немесе электрлі шок туындатқан құрысуларға байланысты бұлшықет жиырылуының қарқындылығын төмендету үшін қолданылады.

Польсуксан жалпы анестезия жүргізілмеген пациенттер үшін ұсынылмайды. 

- Суксаметонийге немесе қосымша заттарына жоғары сезімталдық

- Анамнезінде қатерлі гипертермиясы бар пациенттерге қарсы көрсетілімді. Осы ауру күтпеген жағдай-да білінсе, Польсуксан дереу тоқтатылуы тиіс

- Анамнезінде суксаметонийді қабылдаудан туындаған ұзақ асфиксиясы бар пациенттерге немесе плазмадағы атипиялық холинэстеразасы бар немесе соңғы сатыдағы бауыр жеткіліксіздігі, жедел немесе созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде плазмадағы холинэстеразаның төмендеуі аясында пациенттерге ұсынылмайды.

- Белгілі бір патологиялық жағдайларда немесе Польсуксанды қабылдағаннан кейін сарысудағы калийдің артуы күрделі жүрек аритмиясын және жүректің тоқтауын тудыруы мүмкін ауруларда.

Осы себепті Польсуксанды пациенттердің мына топтарына қолдануға болмайды:

- Күрделі жарақаттан немесе ауыр дәрежедегі күйіктен кейін сауыққан пациенттер; гиперкалиемияның ең жоғары қауіп кезеңі жарақаттан кейінгі 5-тен 70 күнге дейінді құрайды және персистентті инфекция салдарынан баяу сауығу жағдайында артуы мүмкін.

- Омыртқа жарақатын, шеткері жүйке жүйесі ауруын, бұлшықеттің қатты атрофиясын (жұлынның сегменттік мотонейрондарының зақымдануы) қоса алғанда, неврологиялық бұзылулары бар пациент-тер; бұлшықет атрофиясы кенеттен пайда болғаннан кейін алғашқы алты ай ішінде калийдің босап шығу потенциалы байқалады және бұлшықеттің салдану дәрежесі және ауқымымен бірге жүреді. Ұзақ уақыт бойы қозғалыссыз болған пациенттер де осы қауіпке ұшырауы мүмкін.

- Гиперкалиемиясы бар пациенттер.

Польсуксан туа біткен миотония немесе дистрофиялық миотонияны қоса алғанда анамнезінде туа біткен миотония аурулары бар пациенттерге ұсынылмайды, себебі препаратты қабылдау күшті миотония спазмдарымен және сіресумен қатар жүруі мүмкін.

Польсуксанды қаңқа бұлшықеттерінің миопатиясы, мысалы, Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы бар пациенттерге қабылдауға болмайды, себебі оны қабылдау қатерлі гипертермиямен, қарыншалық аритмия және жедел рабдомиолизге және гиперкалиемияға қоса жүректің тоқтауымен қатар жүреді.

Төменде жиілігі бойынша жағымсыз реакциялар тізбесі келтірілген. Жиілік былайша анықталады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 және <1/10), жиі емес (≥1/1000 және <1/100), сирек (≥1/10000 және <1/1 000), өте сирек (<1/10 000);

Өте жиі (шамамен 10% пациенттерде кездеседі):

- Жоғары қарыншаішілік қысым,

- Сілекейдің шамадан тыс бөлінуі

- Бұлшықет фасцикуляциясы, операциядан кейінгі бұлшықет ауруы

Жиі (1%-дан астам, бірақ 10%-дан аз пациенттерде кездеседі):

- Жоғары көзішілік қысым

- Брадикардия

- Тахикардия

- Гиперемия

- Гипертония

- Гипотония

- Бөртпе

- Миоглобинемия

- Миоглобинурия

- Рабдомиолиз

- Қандағы калий мөлшерінің қысқа мерзімге артуы

Сирек (0,01%-дан астам, бірақ 0,1%-дан кем пациенттерде кездеседі )

- Аритмия (қарыншалық аритмияны қоса), жүректің тоқтауы

Туа біткен церебральді салдану ауруымен, сіреспемен, Дюшеннің бұлшықет дистрофиясымен және бас сүйегінің жабық жарақаты бар пациенттерге Польсуксанды енгізгеннен кейін гиперкалиемия салдары-нан жүректің тоқтап қалуы жағдайлары туралы есептер алынды. Бұл жағдайлар белгісіз бұлшықет бұзылыстары бар балаларда да байқалған

- Бронхоспазм

- Ұзақ тыныс алу жеткіліксіздігі

- Асфиксия

- Тризм

Өте сирек (0,001%-дан астам, бірақ 0,01%-дан пациенттерде кем)

- Анафилаксиялық реакциялар

- Қатерлі гипертермия

Стационар жағдайында ғана қолдану керек!

Әзірге Польсуксан 100мг/5мл №5 пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады