Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Стрептокиназа 1500000ЕД №1фл лиоф.д/приг.р-ра д/в/в введ.

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Шөлмек
Белсенді зат:
Стрептокиназа
Элемент коды::
4810133002408
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- жедел ағымды миокард инфарктінде (алғашқы 12 сағат ішінде)

- терең көктамырлар тромбозында

- өкпе артерияларының жедел ағымды массивті тромбоэмболиясында

- артериялар эмболмен немесе тромбпен қатты бітелгенде

- гемодиализдік байлам тромбозында

- препараттың кез келген кмпоненттеріне асқын сезімталдықта

- бұдан 10 күн бұрын операція жасалса, жарақат, биопсия, тамырға (жауырынасты көктамырына немесе күретамырға) пункция жасағанда, жүрек тампонадасында, эндотрахеальды интубацияда

- ауыр артериялық гипертензияда, гипертониялық немесе диабеттік ретинопатияда, жуықта (2 ай толмаған) инсультті немесе басқа цереброваскулярлы патологияны бастан кешкенде, аневризмдерде ми артериялары зақымданғанда

- орталық жүйке жүйесіндегі метастазада немесе ми ісігінде

- қан кетуде немесе қан кетудің пайда болу қаупі жоғары болғанда (геморрагиялық диатездегі тром-боцитопения, бүйрек және/немесе бауыр қызметінің жеткіліксіздігі, ас қорыту жолында бұдан 6 ай бұрын эрозивті-ойық жаралы зақым болғанда – пептикалық ойық жара, өзіне тән емес ойық жаралы колит, жедел ағымды панкреатит, дивертикулит, етеккірлік қан кету, жүктілік кезеңінде - әсіресе алғашқы 18 аптада, босанғаннан кейінгі жағдай және лактация, туберкулездің белсенді түрі, ісіктер)

- кардиальды эмболиялар қаупінде, мысалы, митральды қақпақшаның зақымдану және бактериялық эндокардит фонында жүрекшелер жыпылықтағанда 

- стрептокиназамен жуық арада емделгенде ( 5 күннен 6 айға дейін)

- жүректің жүрекшелер жыпылықтайтын митральды кемістігінде, септикалық эндокардитте

- қан сарысуында бейтараптандырғыш антидене титрі жоғары болғанда

- қуықта ұдайы катетер болғанда.

- полинейропатия

- дене температурасының 1-2 °С-ге жоғарылауы (енгізудің алғашқы 5-8 сағатында)

- тромбтың немесе оның фрагменттерінің үзіліп кетуіне байланысты тромбоэмболия

- ЭТЖ, сілтілік фосфатазаның жоғарылауы

- АҚ төмендеуі, аритмия: синусты брадикардия, жүрекшелердің фибрилляциясы, қарыншалық тахикар-дия, қарыншалардың фибрилляциясы, атриовентрикулярлы бөгет (миокард инфарктінде);

- васкулиттер

- пункция және тілік жасалған жерден қан кету, ішкі ағзалардан қан кету, ішкі ағзаларға қан құйылу

- құсу

- нефриттер

- етеккір оралымының бұзылуы

- өкпелердің кардиогенді емес ісінуі

- бұлшықеттердің ауыруы, артриттер

- тері бөртпесі, есекжем, гиперемия дағы

Миокард инфарктінде (алғашқы 12 сағат ішінде) көктамыр ішіне 100 мл 0,9 % натрий хлориді ерітінді-сінде немесе 5% глюкоза ерітіндісінде еріген 1 500 000 ХБ дозаны көктамыр ішіне тамшылатып енгізуге тағайындайды. 250 000 - 300 000 ХБ доза 30-60 минут бойы кронарлы тамыр ішіне енгізілуі мүмкін.

Терең көктамыр тромбозында, өкпе артеияларының эмболияларында және артериялық окклюзияда – көктамыр ішіне 100-300 мл еріткіштегі 250 000 ХБ дозаны 30 минут бойы тамшылатып енгізеді. Екпінді дозаны енгізу бойына демеуші емді бастайды. 100 000 ХБ Стрептокиназа-Биофарма препараты 3 күн бойы әр сағат сайын енгізілуі мүмкін. 500 мл еріткіштегі   1200 000 ХБ дозамен 12 сағаттық инфузия жасауға болады. Инфузия жылдамдығының тұрақты болуы өте маңызды. Инфузия аяқталғаннан кейін қантамырлардың өткізгіштігін бақылайтын зерттеу жүргізген дұрыс. Егер 3 күннің ішінде жағымды клиникалық әсер білінбесе, емдеуді тоқтатқан жөн. Қажет болған кезде Стрептокиназа –Биофарма препаратымен емдеу тағы 1-3 күнге созылуы мүмкін.

Гемодиализдік шунттарда тромбтарды еріту үшін 100 000 ХБ Стрептокиназа-Биофарма препаратын 100 мл изотоникалық натрий хлоридінің ерітіндісінде ерітеді.

10 000- 25 000 ХБ (10-25 мл) препаратты тамыр байламының тромб тұрып қалған бөлігіне енгізеді, содан кейін көктамыр ұшын қысқышпен бекітеді. Тамыр байламының артериялық ұшына артерияның соғуын қамтамасыз ететін ауа қуысын түзу үшін стерильді еккіш-түбек жалғайды. Қажет болған кезде Стрептокиназа-Биофарма препаратын енгізуді 30-45 минуттан кейін қайталауға болады.

Балаларға әр кг дене салмағына шаққанда 1000-10000 ХБ препаратты 20-30 минутқа тағайындайды, кейін сағатына әр кг дене салмағына шаққанда 1000 ХБ препаратты ұзақ енгізуге ауысады. Енгізген жерде елеулі қан кету байқалған кезде енгізуді тоқтатады. Қайта тромбозданудың алдын алу үшін гепарин тағайындайды.

Емделу ұзақтығы 5 күннен аспауға тиіс.

Әзірге Стрептокиназа 1500000ЕД №1фл лиоф.д/приг.р-ра д/в/в введ. пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады