Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Флуконазол 150мг №1капс Оболенское

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Капсулы
Белсенді зат:
Флуконазол
Фармакологиялық топ:
Зеңге қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар
Элемент коды::
4605077003112
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- криптококкозда, криптококтік менингитті және иммундық жауабы қалыпты науқастарда да, сонымен қатар иммуносупрессияның алуан түрі бар науқастарда (соның ішінде ЖИТС-ке шалдыққан науқастар-да, ағзаларды алмастырып салғанда) осы жұқпалардың басқа орналасуларын да (соның ішінде өкпе-лерге, теріге) қоса есептегенде; препарат ЖИТС-ке шалдыққан науқастарда криптококтік жұқпалардың алдын алу үшін қолданылуы мүмкін

- жайылған кандидозда, кандидемияны қоса есептегенде, диссеминирленген кандидозда және инвази-ялық кандидозды жұқпалардың басқа да түрлерінде (құрсақ, эндокард, көз, тыныс алу және несеп шы-ғару жолдарының жұқпаларында). Емдеу қатерлі жаңа түзілімдері бар науқастарда, қарқынды емдеу бөліміндегі науқастарда, цитостатикалық немесе иммуносупрессиялық ем курсын қабылдап жүрген науқастарда, сондай-ақ кандидоздың дамуына бейім ететін басқа да факторлар болған кезде жүргізілуі мүмкін

- шырышты қабықтардың кандидозында, соның ішінде ауыз қуысының және жұтқыншақтың (соның ішінде тіс протездерін киюге байланысты ауыз қуысының атрофиялық кандидозында), өңештің, инва-зиялық емес бронхөкпе кандидоздарында, кандидурияда, тері кандидозында; ЖИТС-ке шалдыққан науқастарда орофарингеальді кандидоздың қайталануының алдын алуға

- генитальді кандидозда: қынаптық кандидозда (жедел ағымды және созылмалы қайталанатын), қы-наптық кандидоздың қайталану жиілігін (жылына 3 және одан астам эпизодтарға) азайту мақсатында алдын алу үшін қолдануға; кандидозды баланитте

- қатерлі жаңа түзілімдері бар науқастарда зеңді жұқпалардың алдын алуға, бұлар цитостатиктермен химиялық ем немесе сәулемен емдеу нәтижесінде мұндай жұқпаларға бейім болады

- тері микоздарында, табан, дене, шап аймағы микоздарын қоса есептегенде; қабыршақты теміреткіде, онихомикозда; тері кандидозында

- терең эндемиялық микоздарда, иммунитеті қалыпты науқастарда кокцидиоидомикозды, паракокциди-оидомикозды, споротрихозды және гистоплазмозды қоса есептегенде

- флуконазолға, препараттың басқа компоненттеріне немесе басқа да азольды қосылыстарға сезімтал-дық жоғары болғанда

- терфенадинді (флуконазолды тәулігіне 400 мг және одан астам дозада ұдайы қабылдау аясында), цизапридті немесе астемизолды және QT аралығын ұзартатын және жүректің соғу ырғағының ауыр бұзылуларының даму қаупін арттыратын басқа да препараттармен бір мезгілде қабылдауға

- жүктілікте және лактация кезеңінде

- балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге (осы дәрілік түр үшін)

Сақтықпен: бауыр және/немесе бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі, беткейлік зеңді жұқпалары және инвазиялық/жүйелік зеңді жұқпалары бар емделушілерде флуконазолды қолдану аясында бөртпенің пайда болуы, терфенадинді және флуконазолды тәулігіне 400 мг-нан аз дозада бір мезгілде қолдану, көптеген қауіпті факторлары (жүректің органикалық аурулары, электролиттік тепе-теңдіктің бұзылуы, аритмияны тудыратын дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдау) бар емделушілерде проаритмогенді жағдай, ацетилсалицил қышқылы жақпайтын емделушілер.

- жүректің айнуы, құсу, метеоризм, іштің ауыруы, дәм сезінің бұзылуы, диарея

- бас ауыру, бас айналу

- электрокардиограммада QT аралығы ұзақтығының артуы, қарыншалардың жыпылықтауы/жыбырлауы

- аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, мультиформалы экссудативті эритема (соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы), уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы), бронх демікпесі (көбіне аце-тилсалицил қышқылы жақпағанда), анафилактоидтық реакциялар (соның ішінде ангионевротикалық ісіну, беттің ісінуі, есекжем, терінің қышуы)

Сирек

- бауыр қызметінің бұзылуы (сарғаю, гипербилирубинемия, аланинаминотрансфераза, аспарагинамино-трансфераза және сілтілік фосфатаза (СФ) белсенділіктерінің жоғарылауы, гепатит, гепатоцеллюлярлы некроз), соның ішінде өлім-жітіммен аяқталатын

- құрысулар

- агранулоцитоз, нейтропения. Ауыр зеңді жұқпалары бар емделушілерде гематологиялық өзгерістер (лейкопения және тромбоцитопения) байқалуы мүмкін

- бүйрек қызметінің бұзылуы, алопеция, гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия, гипокалиемия

Ішке. Тәуліктік дозасы зеңді жұқпалардың сипатына және ауырлығына байланысты болады. Ересектерге криптококтік менингитте және басқа жерлерге орныққан криптококтік жұқпаларда алғаш-қы күні әдетте 400 мг тағайындайды, ал содан кейін емдеуді тәулігіне 1 рет 200-400 мг дозада жалғас-тырады.

Криптококтік жұқпалардағы емдеу ұзақтығы микологиялық зерттеумен айғақталған клиникалық тиім-ділігіне байланысты; криптококтік менингитте оны әдетте, қалай дегенде, 6-8 апта жалғастырады. ЖИТС-ке шалдыққан науқастарда криптококтік менингиттің қайталануының алдын алу үшін алғашқы емнің толық курсын аяқтағаннан кейін флуконазолды ұзақ кезеңге тәулігіне 200 мг дозада тағайындай-ды. Препаратты қабылдау ұзақтығын дәрігер белгілейді.

Кандидемияда, диссеминирленген кандидозда және басқа да инвазиялық кандидозды жұқпаларда доза әдетте алғашқы тәуліктерде 400 мг, ал содан кейін 200 мг құрайды.

Клиникалық тиімділігі жеткіліксіз болғанда препарат дозасы тәулігіне 400 мг-ға дейін арттырылуы мүм-кін; жүйелік ауыр кандидозда – доза тәулігіне 800 мг-ға дейін арттырылуы мүмкін. Емдеу ұзақтығы клиникалық тиімділігіне байланысты; теріс нәтижелі гемокультура алғаннан кейін немесе ауру симп-томдары жоғалғаннан кейін емді кем дегенде 2 апта жалғастырған жөн.

Орофарингеальді кандидозда препаратты әдетте тәулігіне 1 рет 50-100 мг-нан тағайындайды; емдеу ұзақтығы – 7-14 күн. Қажет болған кезде, иммунитеті айқын төмендеген науқастарда емдеу өте ұзақ (3 апта) болуы мүмкін. Тіс протездерін киюге байланысты ауыз қуысының атрофиялық кандидозында флуконазолды әдетте 14 күн бойы тәулігіне 1 рет 50 мг-нан тіс протезін өңдеуге арналған жергілікті антисептикалық дәрілермен біріктіріп тағайындайды.

Басқа жерлерге орныққан кандидозда (генитальді кандидозды қоспағанда), мысалы эзофагитте, инва-зиялық емес бронхөкпе зақымдарында, кандидурияларда, тері мен шырышты қабық кандидозында және т.б., тиімді доза әдетте емдеу ұзақтығы 14-30 күн болған жағдайда тәулігіне 50-100 мг құрайды; ауыр шырышты кандидозда – тәулігіне 100-200 мг.

ЖИТС-ке шалдыққан науқастарда орофарингеальді кандидоздың қайталануының алдын алу үшін ал-ғашқы емнің толық курсын аяқтағаннан кейін препарат аптасына 1 рет 150 мг-нан тағайындалуы мүм-кін. Емдеу ұзақтығын дәрігер белгілейді.

Қынаптық кандидозда флуконазолды ішке 150 мг дозада бір рет қабылдайды.

Қынаптық кандидоздың қайталану жиілігін төмендету үшін препарат 150 мг дозада айына 1 рет қолда-нылуы мүмкін.

Емдеу ұзақтығы әр адамда жекелей белгіленеді; ол 4 айдан 12 айға дейін өзгеріп отырады. Кейбір нау-қастарға өте жиі қолдану қажет болуы мүмкін. Candida-дан болған баланитте, флуконазолды ішке 150 мг дозада бір рет тағайындайды. Кандидоздың алдын алу үшін флуконазолдың ұсынылатын дозасы зеңді жұқпаның даму қаупінің дәрежесіне байланысты тәулігіне 1 рет 50-400 мг құрайды. Жайылған жұқпа қаупі жоғары болғанда, мысалы күтілетін айқын немесе ұзақ уақыт сақталатын нейтропенияға шалдыққан науқастарға ұсынылатын доза тәулігіне 1 рет 400 мг құрайды. Флуконазолды күтілген нейтропения пайда болудан бірнеше күн бұрын тағайындайды; нейтрофилдер саны 1000/мм 3 -ден асқаннан кейін емдеуді тағы 7 тәулік бойы жалғастырады.

Табан, шап аймағы терісінің микоздарын қоса алғандағы тері микозында және тері кандидоздарында ұсынылатын доза аптасына 1 рет 150 мг немесе тәулігіне 1 рет 50 мг құрайды. Емдеу ұзақтығы әдеттегі жағдайларда 2-4 аптаны құрайды, алайда табан микоздарында ұзағырақ (6 аптаға дейін) емдеу қажет болуы мүмкін. Қабыршақты теміреткіде - 2 апта бойы аптасына 1 рет 300 мг, кейбір науқастарға апта-сына 300 мг үшінші доза қажет болады, мұндай кезде бірқатар жағдайлардағыдай 300-400 мг дозаны бір рет қабылдау жеткілікті болады; емдеудің баламалы үлгісі - 2-4 апта бойы күніне 1 рет 50 мг-нан қолдану болып табылады. Онихомикозда ұсынылатын доза аптасына 1 рет 150 мг-ды құрайды. Емдеуді жұқпа жұққан тырнақ алмасқанға дейін (сау тырнақ өскенге дейін) жалғастырады. Қол саусақтары мен бақайларда тырнақтың қайталап өсуі үшін қалыпты жағдайда, тиісінше, 3-6 ай және 6-12 ай қажет бо-лады.

Терең эндемиялық микоздарда – препаратты 2 жылға дейін тәулігіне 200-400 мг-нан қолдану қажет болуы мүмкін. Емдеу ұзақтығын әр адамға жекелей белгілейді; ол кокцидиоидомикозда – 11-24 айды; паракокцидиоидомикозда – 2-17 айды; споротрихозда – 1-16 айды және гистоплазмозда 3-17 айды құрауы мүмкін.

Шырышты қабықтың кандидоздарында флуконазолдың ұсынылатын дозасы дене салмағының әр кг-на шаққанда тәулігіне тәулігіне 3 мг құрайды. Алғашқы күні тұрақты тепе-тең концентрацияға өте тез жет-кізу мақсатында тәулігіне дене салмағының әр кг-на шаққанда 6 мг екпінді доза тағайындалуы мүмкін. Жайылған кандидозды немесе криптококтік жұқпаларды емдеу үшін ұсынылатын доза аурудың ауыр-лығына байланысты тәулігіне дене салмағының әр кг-на шаққанда 6-12 мг құрайды.

Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне шалдыққан емделушілерге арналған дозасы Флуконазол негізінен бүйректер арқылы өзгермеген күйінде шығарылады. Оны бір рет қабылдаған кезде дозаны өзгерту қажет емес.

Бүйрек қызметі бұзылған ересектерге препаратты қайталап тағайындаған кезде алдымен 50 мг-нан 400 мг-ға дейінгі «екпінді» дозада тағайындаған жөн. Егер креатинин клиренсі (КК) минутына 50 мл артық-ты құраса, препараттың әдеттегідей дозасы (ұсынылған дозаның 100%-ы) қолданылады. КК минутына 11 мл-ден 50 мл-ге дейін болғанда ұсынылған дозаның 50-ы немесе әдеттегі дозасы 2 күнде бір рет қолданылады. Жүйелі түрде гемодиализ жасатып жүрген науқастарға препараттың бір дозасы әрбір гемодиализ сеансынан кейін қолданылады.

Егде жастағы науқастарда бүйрек қызметі бұзылмаған болса, препараттың әдеттегідей дозалау тәртібін сақтаған жөн.

Әзірге Флуконазол 150мг №1капс Оболенское пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады