Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Пиногал 75мг №30таб Нео Лайф

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Клопидогрел
Фармакологиялық топ:
Антикоагулянттар.
Элемент коды::
5310090008615
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Атеротромбоздық асқынулардың алдын алуда:

- миокард инфарктісінен (бірнеше күннен 35 күнге дейін), ишемиялық инсульттен (7 күннен 6 айға дейін) зардап шегуші ересек науқастарда, немесе шеткергі артерияларының диагнос-тикаланған ауруы бар науқастарда

- жедел коронарлық жеткіліксіздігі синдромымен ауыратын ересек науқастарда:

- ST сегменті жоғарылауы болмайтын жедел коронарлық жеткіліксіздігі синдромы (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесі жоқ миокард инфарктісі), оның ішінде ацетилсалицил қыш-қылымен (АСҚ) біріктірілімде коронарлық тамырларда тері арқылы араласу барысында ко-ронарлық стент орнатуға ұшыраған науқастарда

- дәрі-дәрмекпен ем қабылдайтын және тромбоздық ем жүргізуге жарайтын науқастарда АСҚ біріктірілімінде ST сегменті жоғарылауы бар жедел миокард инфарктісі

Жыпылықтағыш аритмияда атеротромбоздық және тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу:

- тамыр ауруларының ең болмаса бір қауіп факторы бар жыпылықтағыш аритмиялы ересек науқастарда, К витамині антагонистеріне жақпаушылығы бар (кейбіреулерде қан кету қаупі онша көп емес) науқастарда, АСҚ біріктірілімінде ми тамырларының инсультін қоса, атеротромбоздық және тромбоэмболиялық жағдайларды болдырмау үшін

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- ауыр бауыр жеткіліксіздігі

- жедел қан кету (мысалы, пептитік ойық жарадан қан кету, бассүйекішілік қан құйылу)

- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік жас

Қан кету клиникалық зерттеулерде, сондай-ақ постмаркетингтік кезеңде тіркелген ең жиі реакция болып табылады, ол негізінен емнің бірінші айында тіркелген.

Жиі (≥1/100, 1/10)

- гематома және жарақаттық соғылу

- мұрыннан қан кету

- асқазан-ішек қан кетуі, диарея, іштің ауыруы, диспепсия

- пункция орнындағы қан кету

Жиі емес (≥1/1000,<1/100)

- тромбоцитопения, лейкопения, эозинофилия

- бассүйекішілік қан құйылу (өліммен аяқталған бірнеше жағдайлар туралы хабарланған), бас ауыруы, парестезия, бас айналуы

- көзге қан құйылу (конъюнктивалық, окулярлық, ретиналдық)

- асқазан және он екі елі ішек ойық жарасы, гастрит, құсу, жүрек айнуы, іш қатуы, мете-оризм

- бөртпе, қышыну, теріге қан кету (пурпура)

- гематурия

- қан кету уақытының ұзаруы, нейтрофилдер санының төмендеуі, тромбоциттер санының төмендеуі

Сирек (≥1/10000, <1/1000)

- нейтропения, оның ішінде ауыры

- вертиго (вестибулярлық бас айналуы )

- ретроперитонеалдық қан кету

Өте сирек (<1/10000)

- тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП), апластикалық анемия, панцитопе-ния,агранулоцитоз, ауыр тромбоцитопения, гранулоцитопения, анемия

- сарысу құю ауруы, анафилактоидты реакциялар, айқаспалы аса жоғары сезімталдық

- елестеулер, сананың шатасуы

- дәм сезу бұзылуы

- ауыр қан кету, операциялық жарадан қан кету, васкулит, гипотензия

- респираторлық жолдан қан кету (қан түкіру, өкпеден қан кету), бронх түйілуі, интер-стициальді пневмонит

- өліммен аяқталатын асқазан-ішектік және ретроперитонеалдық қан кету, панкреатит, колит (оның ішінде ойық жаралы және лимфоцитарлық), стоматит

- жедел бауыр жеткіліксіздігі, гепатит, бауыр функциясы талдауларының патологиялық көрсеткіштері

- буллёзді дерматит (уытты эпидермальді некролиз,

Стивенс-Джонсон синдромы, көп формалы эритема), Квинке ісінуі, эритематозды бөртпе, есекжем, экзема және қызыл жалпақ теміреткі

- қаңқа – бұлшықет қан кетулері (гемартроз, артрит, артралгия, миалгия)

- гломерулонефрит, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы

- қызба

Тамақ ішуге байланыссыз, ішке қабылдау үшін.

Ересек және егде жастағы науқастар

Пиногал препаратын тәулігіне бір рет 75 мг қабылдау керек.

Жедел коронарлық жеткіліксіздігі синдромымен ауыратын ересек науқастарда:

- ST сегменті жоғарылауы болмайтын жедел коронарлық жеткіліксіздігі синдромы (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесі жоқ миокард инфарктісі) - Пиногал препаратымен емді бір реттік 300 мг жүктеме доза тағайындаудан бастайды, ал содан кейін тәулігіне бір рет 75 мг дозада ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) тәулігіне 75-100 мг дозада жалғастырады. АСҚ жоғарылау дозалары қан кету қаупі жоғары болуымен қауіпті, сондықтан АСҚ дозасын 100 мг асырмау ұсынылады. Емнің оңтайлы ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. Клиникалық зерттеу деректері препаратты 12 айға дейін қолдану үшін негіз болады, ең жоғары оң әсері емнің 3 айынан кейін байқалады

- ST сегменті жоғарылауы бар жедел миокард инфарктісі

- Пиногал препаратын 300 мг жүктеме дозадан бастап, АСҚ біріктірілімде және басқа да тромбоздық дәрілермен немесе оларсыз бір рет 75 мг тең тәуліктік дозада қабылдау ке-рек. 75 жастан асқан науқастарда, Пиногал препаратымен емді жүктемесі жоқ дозадан бастау керек.

Біріктірілген емді симптомдар пайда болғаннан кейін мүмкіндігінше ерте бастау керек және ең кемі 4 апта бойына жалғастыру керек. Бұл аурудағы АСҚ мен клопидогрел біріктірілімінің емінің 4 аптадан кейінгі оң әсері зерттелмеген.

Жыпылықтағыш аритмиялы науқастарда Пиногал препаратын бір реттік тәуліктік 75 мг тең доза тағайындау керек.

АСҚ (тәулігіне 75-100 мг) қабылдауды бастау және оны Пиногал препаратымен бірік-тірілімде қолдануды жалғастыру керек.

Егер дозаны жіберіп алса:

- және препаратты қабылдаудың әдеттегі жоспарланған уақытынан кейін 12 сағаттан аз өткен - науқас жіберіп алған дозаны дереу қабылдау керек және осыдан кейін келесі дозаны әдеттегі уақытта қабылдау керек - және 12 сағаттан астам уақыт өткен - науқас келесі дозаны препаратты қабылдаудың әдеттегі жоспарланған уақытында қабылдау керек, қосарлы дозаны бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Бүйрек функциясы бұзылуы

Бүйрек функциясы бұзылуы бар науқастарда емдеу тәжірибесі шектеулі.

Бауыр жеткіліксіздігі

Айқындығы орташа бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде қолданғанда геморрагиялық диатез дамуы мүмкін.

Әзірге Пиногал 75мг №30таб Нео Лайф пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады