Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Бетамакс таб. 50мг №30 Гриндекс

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Сульпирид
Фармакологиялық топ:
Психозға қарсы дәрі (нейролептик)
Элемент коды::
2000443757347
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

  • егер тек қана антидепрессанттармен емдеу тиімсіз болғанда, антидепрессанттармен біріктірілімде психоздық симптомдары бар депрессиялық бұзылуларды емдеуде; антидепрессанттарға төзімді депрессияның басқа да күрделі түрлерін емдеуде

  • егер vertigo стандартты еміне реакция болмаған жағдайда, vertigo емдеуде

  • жедел және созылмалы психоздарды емдеуде

 

 

 

- препараттың белсенді затына немесе кез келген қосымша затына жоғары сезімталдық

- II-III дәрежелі артериялық гипертензия

- маниакальді психоз

- феохромоцитома

- Паркинсон ауруы

- эпилепсия

- жедел порфирия

- орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) бәсеңдеуі

- коматозды жай-күйлер

- сүйек кемігінің бәсеңдеуі

- пролактинге тәуелді ісіктер (соның ішінде сүт безінің обыры)

- гиперпролактинемия

- симптомдарға түрткі болу қауіптілігі бар аффектілі және озбырлық жағдайындағы пациенттер

 

  • QT аралығы ұзарған, мысалы, туа біткен QT аралығының ұзару синдромы немесе қосымша қатер туындататын клиникалық жайттары бар пациенттер, мысалы:

  • клиникалық мәнді брадикардия (минутына<50 соғу);

  • анамнездегі симптоматикалық аритмия;

  • жүректің кез келген басқа клиникалық мәнді ауруы;

  • I немесе III класты аритмиялық дәрілермен бір мезгілде қолдану;

  • QT аралығын ұзартуы мүмкін кез келген дәрілермен бір мезгілде қолдану

  • паркинсонға қарсы дофаминергиялық дәрілермен бір мезгілде қолдану

  • алкогольмен, ұйықтататын дәрілермен, анальгетиктермен жедел улану

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

 

 

 

Әрі қарай аталатын жағымсыз әсерлері MedDRA ағзалар жүйелері мен жиілігін жіктеу деректер базасына сәйкес жүйеленген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥1/10 000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10 000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтауға болмайды).

Қан және лимфалық жүйе тарапынан бұзылулар

Жиі емес: лейкопения.

Белгісіз: нейтропения және агранулоцитоз.

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Белгісіз: анафилаксиялық реакциялар (есекжем, ентігу, гипотензия және анафилаксиялық шок).

Эндокринді жүйе тарапынан бұзылулар

Жиі: гиперпролактинемия.

Психика тарапынан бұзылулар

Жиі: ұйқысыздық.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі: седация немесе ұйқышылдық, экстрапирамидалық бұзылулар (бұл симптомдар паркинсонға қарсы дәрілерді қолданғанда әдетте қайтымды), паркинсонизм, діріл, акатизия.

Жиі емес: гипертензия, дискинезия, дистония.

Сирек: көз алмасының еркін қозғалуы, әдетте жоғары қарай.

Белгісіз: құрысулар, қатерлі нейролептикалық синдром, гипокинезия, бет және/немесе тілдің еріктен тыс ырғақты қимылдарымен сипатталатын кешеуілдеген дискинезия (сондай-ақ 3 айдан аса қолданғаннан кейін психозға қарсы басқа да дәрілермен). Паркинсонға қарсы дәрілер тиімсіз немесе симптомдар нашарлауын туындатуы мүмкін.

Барлық нейролептикалық дәрілердегі сияқты, қатерлі нейролептикалық синдром потенциалды өліммен аяқталатын асқыну болып табылады.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Сирек: қарыншалық аритмия, қарыншалық тахикардия, қарыншалық фибрилляция.

Белгісіз: электрокардиограммада QT аралығының ұзаруы, жүректің тоқтап қалуы, torsades de pointes, кенеттен болған өлім.

Қантамырлар жүйесі тарапынан бұзылулар

Сирек: ортостатикалық гипотензия.

Белгісіз: веналық тромбоэмболия, өкпе эмболиясы (кейде өліммен аяқталатын), терең веналар тромбозы және қан қысымының жоғарылауы.

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Жиі емес: сілекейдің көп ағуы.

Бауыр және/немесе өт шығару жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі: бауыр трансаминазалары белсенділігінің артуы.

Тері және тері асты тіндерінің зақымданулары

Жиі: макулопапулезді бөртулер.

Қаңқа-бұлшықет және қатар жүретін жүйенің зақымдануы

Белгісіз: жұтқыншақ пен тамақтың сіресуі.

Жүктілік, босанудан кейінгі және перинатальді кезең

Белгісіз: экстрапирамидалық симптомдар, жаңа туған нәрестелерде дәрілерді тоқтату синдромы.

Ұрпақ өрбіту жүйесі мен емшек аурулары

Жиі: галакторея, емшектің ауыруы.

Жиі емес: аменорея, емшектің ұлғаюы, оргазм және эректильді функцияның бұзылулары.

Белгісіз: гинекомастия.

Енгізген орындағы жалпы бұзылулар мен өзгерістер

 

Жиі: салмақтың артуы.

 

 

 

Таблетканы дұрысы тамақтанудың алдында, бүтіндей жұтып, ішке қолданады. Пациенттің жасын, дене салмағын және жалпы жай-күйін ескеріп, аурудың сипаты мен симптомдарына қарай, дозалар жекеше таңдалады.

Ересектер

Күні бойы тәуліктік дозаны үш қабылдауға бөледі.

Ұсынылатын дозалар мынадайды құрайды:

  • психоздық симптомдары бар депрессиялық бұзылулар және vertigo кезінде тәулігіне 150‑300 мг

  • жедел және созылмалы психоздар кезінде тәулігіне 200-1600 мг .

Жедел және созылмалы психоздарды емдеуді сульпиридтің инъекцияланатын ерітіндісінен бастаған жөн.

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Балалар мен жасөспірімдерде сульпирид тиімділігі мен қауіпсіздігі толық зерттелмеген. Сондықтан пациенттердің бұл тобында оны қолдануға болмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дозаны креатинин клиренсіне сәйкес таңдау керек. Дозаны азайту, бұдан әрі көрсетілгендей, 35-70 % құрауы мүмкін:

  • креатинин клиренсі 30-60 мл/мин – әдеттегі тәуліктік дозадан 50-70 %-ын қолданады

  • креатинин клиренсі 10-30 мл/мин – әдеттегі тәуліктік дозадан 35-50 %-ын қолданады

  • креатинин клиренсі <10 мл/мин – әдеттегі тәуліктік дозадан 35 % дейінін қолданады

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде плазмада сульпирид концентрациясы жоғары болуы мүмкін. Сондықтан бұл пациенттерге бастапқы аз доза мен барынша біртіндеп таңдалатын доза қажет болуы мүмкін.

 

Дәріні қолдануды кенеттен тоқтату жүрек айнуы, құсу, тершеңдік, ұйқысыздық, мазасыздық пен еркін қимыл-қозғалыстардың пайда болуын туындатуы мүмкін. Дәрі қолдануды дозаны біртіндеп азайта отырып, тоқтатқан жөн.

 

 

Әзірге Бетамакс таб. 50мг №30 Гриндекс пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады