Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Гонал-Ф 5,5мкг (75 /МЕХБ) №1фл. пор.лиоф.д/приг.р-ра д/инъек. Мерк Сероно

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Шөлмек
Белсенді зат:
Фоллитропин альфа
Фармакологиялық топ:
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар
Элемент коды::
4607069190343
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- кломифен цитратын қолдануға сезімтал емес әйелдердегі ановуляцияда (аналық бездердің поликистоздық синдромын қоса)

- суперовуляция аясында экстракорпоральді ұрықтандыру (IVF), фаллопиев түтігіне гамета-ны трансферлеу (GIFT) және фаллопиев түтігіне зиготаны трансферлеу (ZIFT) сияқты қосым-ша репродукция технологияларын (РҚТ) жүргізу алдында пациент әйелдерде көптеген фол-ликулалардың дамуын стимуляциялауда

- лютеинизирлейтін және фолликулаларды стимуляциялайтын гормондар секрецияларының ауыр жеткіліксіздігі бар әйелдерде фолликулалардың дамуын стимуляциялауда (лютеини-зирлейтін гормон препараттарымен (ЛГ) біріктірілімінде)

- туа біткен немесе жүре келе пайда болған гипогонадотроптық гипогонадизмі бар еркек-терде (адамның хориондық гонадотропині (аХГ) препаратымен біріктіріп) сперматогенезді стимуляциялауда

- препараттың белсенді және қосымша компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- гипофиз немесе гипоталамус ісіктері

- поликистоздық аналық бездер синдромының себебінен болмаған аналық бездердің немесе кисталардың ұлғаюы

- этиологиясы белгісіз гинекологиялық қан кетулер

- аналық бездердің, жатырдың немесе сүт бездерінің карциномасы

Емге тиімді реакцияларға қол жеткізу мүмкін емес мына жағдайларда Гонал-Ф қолданбаған жөн, мысалы:

- аналық бездердің бастапқы жеткіліксіздігінде

- жыныс мүшелерінің жүктілікпен үйлеспейтін даму кемістігінде

- жатырдың жүктілікпен үйлеспейтін фиброидты ісіктерінде

- алғашқы тестикулярлық жеткіліксіздікте

Әйелдерді емдеу

- бас ауыру

- инъекция жасалған жерде, ауыруды, қызаруды, гематоманы, ісінуді, тітіркенуді қоса, ауырлығы жеңілден ауыр дәрежеге дейінгі реакциялар

- абдоминальді ауыру, құрсақ қуысының созылуы мен жайсыздық сезімі, жүректің айнуы, құсу, диарея

- аналық бездердің кистасы, аналық бездердің аса жоғары стимуляциялану синдромы (АБАСС) ауырлығы жеңілден ауыр дәрежесіне дейін (қатар жүретін симптомдарды қоса); сирек – АБАСС-тің ауыр түрінің асқынулары

Өте сирек:

- анафилаксиялық реакциялар мен шокты қоса, ауырлығы жеңілден ауыр дәрежеге дейін-гі аса жоғары сезімталдық реакциялары

- демікпенің нашарлауы және өршуі

- әдетте ауыр АБАСС-мен байланысты тромбоэмболия

Еркектерді емдеу

- инъекция жасалған жерде ауыруды, қызаруды, гематоманы, ісінуді, тітіркенуді қоса, ауырлығы жеңілден ауыр дәрежеге дейінгі реакциялар

- акне

- гинекомастия, варикоцеле

- дене салмағының артуы

Өте сирек

- анафилаксиялық реакциялар мен шокты қоса, ауырлығы жеңілден ауыр дәрежеге дейін-гі аса жоғары сезімталдық реакциялары

- демікпенің нашарлауы немесе өршуі

Гонал-Ф ® препаратын қолдануды бедеулікті емдеу тәжірибесі бар дәрігердің бақылау-ымен бастау қажет.

Ановуляция (аналық бездердің поликистоздық синдромын қоса)

Препарат күнделікті инъекциялар курсы түрінде тағайындалады, соның ішінде етеккірі келген пациенттерді емдеуді етеккір оралымының алғашқы 7 күні ішінде бастайды.

Әдетте емді күнделікті 75-150 ХБ ФСГ енгізуден бастайды; қажет болғанда дозаны әрбір 7 немесе 14 (дұрысы) күннен кейін талапқа сай әсерге қол жеткізу үшін, бірақ шамадан тыс реакцияға жеткізбей, 37,5 ХБ-ке (дұрысы) немесе 75ХБ-ке арттыруға болады. Емдеуді ультрадыбыстық зерттеу жәрдемімен фолликула көлемін және/немесе эстрогендер секре-циясы деңгейін бағалай отырып, пациенттің жеке реакцияларына бейімдеу керек. Препараттың тәуліктік ең жоғары дозасы әдетте 225 ХБ ФСГ-ден аспайды. Пациент 4 ап-тадан кейін емге тиісінше реакция бермесе, бұл ем циклін тоқтатып, пациентті қосымша тексеруге жіберген жөн, содан кейін мұның алдындағы айналымдағы препараттың бас-тапқы дозасынан көбірек етіп, қайтадан емдеу ұсынылады.

Оңтайлы реакцияға қол жеткізгеннен кейін Гонал-Ф ® соңғы инъекциясынан соң 24-48 сағат ішінде бір реттік 250 мкг рекомбинантты аХГ (р-аХГ) немесе 5000-10000 ХБ аХГ (аХГ) инъекциясын енгізу қажет.

Пациент әйелге аХГ енгізген күні және келесі күні жыныстық қатынаста болу ұсынылады. Балама ретінде жатырішілік ұрықтандыру жасауға болады.

Шектен тыс реакциялар жағдайында емдеуді доғарып, аХГ енгізуді тоқтатқан жөн. Келесі циклде емдеуді препараттың алдыңғы циклге қарағанда төменірек дозасынан бастау керек.

Суперовуляция кезінде экстракорпоральді ұрықтандыру немесе РҚТ жүргізер алдында көптеген фолликулалардың дамуын стимуляциялау

Суперовуляция үшін әдетте циклдің 2-ші немесе 3-ші күнінен бастап күн сайын 150-225 ХБ препарат енгізіледі. Емдеуді талапқа сай келетін фолликулалық өсу пайда болғанға дейін жалғастырады (ол эстродиолдың сарысудағы концентрациясының анықталу нәти-жесі бойынша және (немесе) ультрадыбыстық зерттеу деректері бойынша бағаланады).

Овариальді реакцияларға байланысты препараттың тәуліктік дозасын 450 ХБ-ден аспай-тындай етіп реттейді. Әдетте тиісті фолликулалық дамуға орташа есеппен емнің оныншы күні жетеді (диапазон: 5-тен 20 күнге дейін).

Фолликулалардың түпкілікті пісіп жетілуін индукциялау үшін Гонал-Ф ® соңғы инъекция-сынан кейін 24-48 сағат өткен соң бір реттік 250 мкг р-аХБ немесе 5000-10000 ХБ аХГ инъекциясын енгізу қажет.

ЛГ эндогендік деңгейінің жедел өсуін басу және ЛГ тонустық деңгейде ұстап тұру үшін қазіргі таңда әдетте гонадотропин-рилизинг-гормондары (Гн-РГ) агонистерінің және ан-тагонистерінің жәрдемімен десенсибилизация жүргізіледі. Қолданудың жалпыға бірдей хаттамасына сай агонистпен емдеуді бастағаннан кейін шамамен 2 аптадан соң Гонал-Ф ® енгізіле бастайды және екі препаратты бірге енгізуді талапқа сай фолликулалардың өсуіне қол жеткізгенше жалғастырады. Мысалы, агонистпен 2 апта емдегеннен кейін алғашқы 7 күн бойы 150225 ХБ-ден Гонал-Ф ® енгізеді. Содан кейін препарат дозасын пациенттің овариальді реакциясына сәйкес реттейді.

IVF қолданудың жалпы тәжірибесі, тұтас алғанда, ойдағыдай емдеудің жиілігі алғашқы төрт курс бойы тұрақты күйінде қалатынын және содан кейін біртіндеп төмендейтінін айғақтады.

ЛГ және ФСГ секрецияларының ауыр жеткіліксіздігі бар әйелдерде фолликулалардың дамуын стимуляциялау ЛГ және ФСГ ауыр жеткіліксіздігі (гипогонадотроптық гипогона-дизм) бар әйелдерге Гонал-Ф ® препаратын бір мезгілде лутропин альфа енгізумен күнделікті инъекция курсы түрінде тағайындайды. Бұндай пациенттер аменореядан зардап шегетіндіктен және эстрогендердің эндогендік секрециясы төмен болатындықтан, емді кез келген уақытта бастауға болады. Емді фолликула көлемін ультрадыбыстық зерттеу және (немесе) эстрогендер секрециясы деңгейін анықтау нәтижелері бойынша бағалай отырып, пациенттің жекелей реакциясына қарай бейімдеу керек. Емді лутропин альфа – 75 ХБ дозасын күн сайын 75-150 ХБ ФСГ дозасымен біріктіріп бастау ұсынылады.

Қажет болған жағдайда ФСГ дозасын 7-14 күндік аралықпен 37.5-75 ХБ-ге арттыруға болады. Бір цикл шегіндегі стимуляциялау ұзақтығы 5 аптаға дейін ұлғайтылуы мүмкін.

Гонал-Ф ® мен лутропин альфа соңғы инъекциясынан кейін 24-48 сағат ішінде оңтайлы реакцияға қол жеткізгеннен кейін 250 мкг р-аХГ немесе 5000-10000 ХБ аХГ бір реттік инъекциясын енгізу қажет. Пациент әйелге аХГ енгізген күні және келесі күні жыныстық қатынаста болу ұсынылады.

Балама ретінде жатырішілік ұрықтандыру жасауға болады.

Ем кезінде лютеиндік фазаны демеу қажет болуы мүмкін, өйткені овуляциядан кейін люте-отроптық белсенділікпен (ЛГ/аХГ) бірігу жеткіліксіздігі сары дененің мезгілінен бұрын жеткіліксіздігіне әкеп соғуы мүмкін.

Шамадан тыс реакция болғанда емдеуді тоқтатқан және аХГ енгізуді доғарған жөн. Келесі циклде емдеуді алдыңғы циклге қарағанда Гонал-Ф ® препаратының төменірек дозасынан бастау керек.

Гипогонадотроптық гипогонадизмі бар еркектер

Препараттың 150ХБ дозасын аптасына үш рет кем дегенде 4 ай бойы аХГ-мен біріктіре отырып енгізеді. Егер осы кезең аяқталғаннан кейін пациентте оң нәтиже байқалмаса, біріктірілген емді ең кемінде 18 айға дейін жалғастырған жөн.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде Гонал-Ф ® қолдану үшін көрсетілімдер жоқ болғандықтан, препаратты қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі пациенттердің осы тобында анықталған жоқ.

Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерде препаратты қолданудың тиімді-лігі мен қауіпсіздігі анықталған жоқ.

Балалар

Гонал-Ф ® балаларды емдеу үшін қолданылмайды.

Әзірге Гонал-Ф 5,5мкг (75 /МЕХБ) №1фл. пор.лиоф.д/приг.р-ра д/инъек. Мерк Сероно пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады