Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Синагис 50мг №1амп лиоф.пор.Abbvie (+2 +8С)

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№1 ампулалар
Белсенді зат:
Паливизумаб
Фармакологиялық топ:
Спецификалық иммуноглобулиндер
Элемент коды::
765ё348?091831
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 РСВ ауруларының даму қаупі жоғары балаларда РСЖ эпидемиологиялық маусымы кезеңін-де респираторлық-синцитиальді жұқпадан (РСЖ) туындаған төменгі тыныс жолдарының күр-делі аурулары түріндегі асқынулардың алдын алуда:

- шала туған (жүктіліктің 35-ші аптасында немесе одан ерте туғандар) және 6 айға дейінгі балаларда;

- бронх-өкпе дисплазиясы бар 2 жастан кіші балаларда;

- гемодинамикасы бұзылған туа біткен жүрек ақаулары бар 2 жастан кіші балаларда

- белсенді субстанцияға немесе қандай да бір қосымша затқа немесе басқа гуманизациялан-ған моноклональді антиденелерге жоғары сезімталдық

Паливизумабпен ең болмаса болжамды байланысы бар және шала туған балаларда, бронх-өкпе дисплазиясы бар балаларда, сондай-ақ, туа біткен жүрек ақаулары бар бал-аларда клиникалық зерттеулер кезінде хабарланған жағымсыз реакциялар жүйелер мен ағзалар және туындау жиілігі бойынша жіктелген (≥ 1/10 – өте жиі; ≥1/100-ден ˂1/10 дейін–жиі; ≥1/1000-нан ˂1/100 дейін–жиі емес; ≥1/10000-нан ˂1/1000 дейін –сирек).

Балалардағы РСВ алдын алу жөніндегі зерттеулер кезінде хабарланған жағымсыз реак-циялар плацебо тобында және паливизумаб тобында ұқсас болды. Реакциялардың көпші-лігі жеңілден орташаға дейінгі ауырлық дәрежесінде транзиторлы болды.

Шала туған сәбилерде және бронх-өкпе дисплазиясы бар балаларда РСВ алдын алу жө-ніндегі зерттеулерде (IMpact-RSV) жүйелері мен ағзалары бойынша немесе жыныс бел-гісіне, жасына, гестация жасына, еліне, нәсілдік/этникалық тегіне немесе қан сарысуын-дағы паливизумабтың квартильді концентрациясына қарай бөлінген балалардың қосалқы топтарында жағымсыз реакцияларының клиникалық мәнді айырмашылығы байқалмаған. Белсенді РСВ жұқпасы жоқ және РСВ-ауруымен ауруханаға жатқызылған балалар ара-сында қауіпсіздік бейінінің елеулі айырмашылық байқалмаған. Жағымсыз реакциялар ту-ындауымен байланысты паливизумаб енгізуді толық тоқтатқан жағдайлар сирек болды (0,2 %). Плацебо тобында және паливизумаб тобында өлім көрсеткіші ұқсас болды және препаратпен себептік байланысы болған жоқ.

Туа біткен жүрек ақаулары бар балаларда РСВ алдын алу жөніндегі зерттеуде (CHD study) жүрек ақауларының типтері (цианоздық емеспен салыстырғанда, цианоздық) бойынша бөлінген балалардың қосалқы топтарында немесе ағзалар жүйелері бойынша жағымсыз реакцияларда клиникалық мәнді айырмашылық байқалмаған. Күрделі жағымсыз реакция-лар жиілігі, плацебо тобымен салыстырғанда, паливизумаб тобында едәуір төмен болды. Паливизумаб қолданумен байланысты күрделі жағымсыз реакциялар туралы хабарлама-лар болмаған. Жоспарлы, мерзімінен бұрынғы және шұғыл кардиохирургиялық араласу-лар жиілігі топтардың арасында салыстырмалы болды. Паливизумаб тобында РСВ жұқпа-сымен астасқан 2 өлім жағдайы және препаратты пайдаланумен байланыссыз плацебо тобында 4 жағдай тіркелді.

Шала туған сәбилердегі және бронх-өкпе дисплазиясы немесе туа біткен жүрек ақаулары бар балаларда РСВ алдын алуға қатысты клиникалық зерттеулер (IMpact-RSV және CHD study) барысында хабарланған жағымсыз реакциялар:

Организм ағзалары мен жүйелері             Жиілігі               Жағымсыз реакциялар

Тері және теріасты шелі тарапынан                өте жиі                              бөртпе                бұзылулар

Жалпы бұзылыстар және енгізген                  өте жиі                             пирексия              жердегі реакциялар                                       жиі                   енгізген жердегі реакциялар

Ұзақ қолдану зерттеуі

Бұл зерттеуде паливизумабқа байланысты жағымсыз реакциялар хабарланбаған және өлім жағдайлары тіркелмеген.

Иммуногенділігі

Бронх-өкпе дисплазиясы бар балалардағы зерттеуде паливизумабқа антиденелердің пай-да болу жиілігі төртінші инъекциядан кейін плацебо тобында 1,1 % және паливизумаб то-бында 0,7 % болды. Екінші маусым кезінде паливизумаб алған балалар арасында, 56 ем-делушінің 1-де қан сарысуындағы паливизумабтың жағымсыз әсерлерімен немесе концен-трациясының өзгерістерімен қатар жүрмеген төмен титрлі транзиторлы реактивтілік білін-ген. Туа біткен жүрек ақаулары бар балалардағы зерттеулерде иммуногенділігі бағалан-баған.

Паливизумабқа антиденелер аталған препаратпен емделген 4337 балада төрт қосымша зерттеулерде анықталған (35 апта немесе одан аз гестация жасымен туғандар және 6 ай-лық немесе одан аз жастағылар немесе бронх-өкпе дисплазиясы бар немесе гемодинами-ка бұзылуымен туа біткен жүрек ақаулары бар < 24 айлық жастағылар) және зерттеудің әртүрлі сатыларында 0-1,5% балада байқалған. Антиденелердің болуы мен жағымсыз ре-акциялар арасында байланыс болмаған. Осылайша, препаратқа иммунологиялық жауап-тардың клиникалық мәні жоқ.

Ұзақ қолданылуына қатысты зерттеуде 1 сәбиде паливизумаб екінші рет енгізілгеннен ке-йін паливизумабқа антинелердің болуы байқалды, оның титрі бесінші және жетінші доза-ларынан соң анықталмайтын деңгейге дейін төмендеді.

Постмаркетингтік тәжірибе

Паливизумаб қолдану кезінде келесі жағымсыз реакциялар хабарланған: анафилаксия, анафилактикалық шок (кейбір жағдайларда өліммен аяқталған), тромбоцитопения, кон-вульсиялар, есекжем, апноэ. Бұл реакциялар туралы ерікті түрде хабарланғандықтан, қауым көлемі белгісіз болды, олардың туындау жиілігін нақты анықтау немесе паливи-зумаб қолданумен себеп-салдарлы байланысын айқындау үнемі мүмкін бола бермейді («Қолданылу ерекшеліктері» бөлімін де қараңыз).

Паливизумабты 20 000 балада (1250 бала 6 инъекция алды, 173 сәби 7 инъекция және 27 бала 8 және 9 инъекция алды) қолдану тәжірибесі 6-шы немесе одан көп дозадан соң ем-делушілерде байқалған жағымсыз реакциялардың алғашқы 5 дозадан кейінгі сияқты си-патына және жиілігіне қарай бірдей болғанын көрсетті.

Синагистің ұсынылатын дозасы қауымдағы респираторлық-синцитиальді жұқпаның (РСЖ) эпидемиологиялық өршуі кезінде айына 1 рет дене салмағына 15 мг/кг құрайды.

Алғашқы дозаны РСЖ эпидемия маусымының басталуына дейін, ал кейінгілерін бүкіл маусым ішінде ай сайын енгізу керек.

Климаты бірқалыпты аймақтарда РСЖ маусымы, әдетте, күзгі айлардан көктемгі айларға дейін созылады (бірақ жаз кезінде де РСЖ жағдайлары жөнінде хабарламалар болды). Жұқпаның қайталану қаупін төмендету үшін паливизумаб препараттарын қолданатын РСВ жұқтырған балаларға РСЖ маусымының ішінде препараттың ай сайынғы дозаларын алуды жалғастыру ұсынылады.

Енгізу тәсілі

Синагис бұлшықет ішіне, көбіне санның алдыңғы бүйір бөлігіне енгізіледі. Шонданай жүйкесін жарақаттау қаупіне орай, әдетте, препарат бөксе бұлшықетіне енгізілмейді.

Инъекция стандартты асептикалық техниканы пайдаланумен жасалады.

Айлық доза = емделушінің салмағы (кг) х 15 мг/кг ÷ 100 мг/мл паливизумаб.

Егер инъекция көлемі 1 мл-ден асып кетсе, препарат бөлек дозалармен енгізіледі.

Дене салмағына 15 мг/кг-ден аз дозада немесе РСВ маусымы бойы айына 1 реттен сирек дозалау режимінде Синагистің тиімділігі анықталмаған. Ерітіндіні дайындау

Назар аударыңыз: төменде берілген нұсқауларға сәйкес сұйылтудан соң 50 мл және 100 мл құтылардың ішінде, тиісінше, 50 мг немесе 100 мг толық жинағын қамтамасыз ететін артық мөлшер болады.

Қаптамадағы еріткішті (инъекцияға арналған стерильді су) 0,6мл мөлшерінде Синагис 50 мг деген таңбалануы бар құтыға немесе 1,0 мл мөлшерінде Синагис 100 мг деген таңба-лануы бар құтыға БАЯУ қосады. Көпіршік түзілуін болдырмау үшін еріткішті құтының ішкі қабырғасын бойлай қосып, ұнтақ толық ерігенше құтыны 30 секундтай абайлап аударыс-тырады. ҚҰТЫНЫ СІЛКІМЕУ КЕРЕК! Дайын ерітіндісі бар құтыны ерітінді мөлдір болуы үшін бөлме температурасында кемінде 20 минут қалдырады.

Синагис ерітіндісінің құрамында консерванттар жоқ және оны дайындағаннан кейін 6 са-ғат ішінде пайдалану қажет. Құтылар бір рет пайдалануға арналған.

Пайдаланылмаған қалдықтары әріқарай қолдануға жатпайды.

Препаратты ұсынылған еріткіш көлемінде ерітуден кейін түпкі концентрациясы екі дозасы (Синагис 50 мг, Синагис 100 мг) үшін де бірдей 100 мг/мл құрайды.

Әзірге Синагис 50мг №1амп лиоф.пор.Abbvie (+2 +8С) пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады