Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Медофлюкон капс. 150мг №1 Medochemie

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Капсулы
Белсенді зат:
Флуконазол
Фармакологиялық топ:
Зеңге қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар
Элемент коды::
2000994066677
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

Медофлюкон төмендегілерді емдеуге тағайындалады:

- криптококтық менингитті

- кокцидиоидомикозды

- инвазиялық кандидозды

- шырышты қабықтар кандидозын (орофарингеальді кандидозды, өңеш кандидозын, кан- дидурияны, созылмалы тері-шырышты кандидозын қоса)

- егер ауыз қуысы гигиенасы немесе ауырған жерді емдеу жеткіліксіз болса, (тіс протезін салған кезде туындайтын) ауыз қуысының созылмалы атрофиялы кандидозын

- жедел немесе қайталанбалы қынаптық кандидозды (жергілікті емдеуді қолдану тиімсіз болған кезде)

- кандидозды баланитті (жергілікті емдеуді қолдану тиімсіз болған кезде)

- табан, дене, шап аймағы микоздарын қоса дерматомикозды; сондай-ақ түрлі-түсті (ке-бек тәрізді) теміреткіні және тері кандидозын (жүйелі емдеу қажет болған жағдайда)

- тырнақ дерматофитиясын (онихомикоз) (басқа дәрілерді қолдану мүмкін емес болған жағдайда).

Медофлюкон мыналардың профилактикасы үшін тағайындалады:

- криптококтық менингит қайталануының туындауының жоғары қаупімен науқастарда

- АИТВ жұқтырған, қайталанудың туындауының жоғары қаупімен пациенттерде орофа-рингеальді кандидоз немесе өңеш кандидозы

- қынаптық кандидоздың қайталануы (жылына 4 және одан астам көріністер кезінде)

- ұзақ нейтропениямен пациенттерде кандидозды инфекциялар (мысалы, гематологиялық қатерлі ісіктермен, химиотерапиямен қабылдайтын науқастарда немесе гемопоэздік дің жасушаларының трансплантациясынан кейін пациенттерде).

 

 

- флуконазолға және препараттың басқа компоненттеріне немесе флуконазолға ұқсас құры-лыммен азольді заттарға жоғары сезімталдық

- тәулігіне дозасы 400 мг және одан астам Медофлюконды көп рет қолдану кезінде терфе-надинді бірмезгілде қабылдау

- QT аралығын ұзартатын және CYP3A4 ферменті арқылы метаболизденетін дәрілік препа-раттарды, мысалы амиодарон, цизаприд, астемизол, эритромицин, пимозид және хинидинді бір мезгілде қабылдау

- жүктілік және лактация кезеңі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

- тұқым қуалайтын фруктозаны жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глю-коза және галактоза мальабсорбциясының синдромы (Медофлюкон препаратында лактоза болғандықтан)

 

 

Жиі (≥1/100-ден <1/10-ге дейін)

- бас ауыруы

- іштің ауыруы, диарея, жүрек айнуы, құсу

- сілтілік фосфатаза деңгейінің, аминотрансферазалардың (АЛТ және АСТ) сарысудағы деңгейінің жоғарылауы

- бөртпе

Жиі емес (≥1/1,000-ден ≤1/100-ге дейін)

- анемия

- тәбеттің төмендеуі

- ұйқысыздық, ұйқышылдық

- құрысу, бас айналуы, парестезия, дәмнің өзгеруі

- вертиго

- іш қату, диспепсия, метеоризм, ауыздың құрғауы

- холестаз, сары ауру, билирубин деңгейінің жоғарылауы

- қышыну, есекжем, қатты терлеу, дерматит (дәрілік препараттың әсерінен туындаған)

- миалгия

- шаршағыштық, дімкәстік, әлсіздік, дене температурасының жоғарылауы

Сирек (≥1/10,000-ден ≤1/1,000-ге дейін)

- агранулоцитоз, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения

- анафилаксия, ангионевроздық ісіну

- гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, гипокалиемия

- тремор

- «пируэт» типті қарыншалық тахикардия, QT аралығының ұзаруы

- өліммен сирек жағдайларды қоса, бауырға уыттылық, бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцел-люлярлық некроз, гепатит, гепатоцеллюлярлық зақымдану

- уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, жедел жайылған экзантема-тозды пустулез, эксфолиативті дерматит, Квинке ісінуі, беттің ісінуі, алопеция.

Капсуланың қабығында бояғыштар болғандықтан, бояғыштарға аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

 

 

Капсулалардағы Медофлюкон ішке қабылдауға арналған.

Медофлюконның тәуліктік дозасы зеңдік инфекцияның сипатына және ауырлығына бай-ланысты. Препаратты көп рет қабылдауды талап ететін инфекциялар кезінде емдеуді белсенді зеңдік инфекцияның клиникалық немесе лабораториялық белгілері жоғалғанға дейін жалғастыру керек.

Емдеу курсының ұзақтығын бұзу үдерістің қайталануына және созылуына әкелуі мүмкін.

Криптококкоз

Криптококты менингитті емдеу – 1-інші емдеу күні екпінді/қанықтырушы доза 400 мг, содан кейін 200-400 мг-нан тәулігіне 1рет. Өміріне қауіп төндіретін инфекциялар кезінде тәуліктік доза 800 мг-ға дейін ұлғайтылуы мүмкін.

Емдеу курсы әдетте, 6-дан 8 аптаға дейін.

Қайталану туындауы жоғары қаупімен науқастарда криптококты менингиттің қайталану-ының профилактикасы - тәулігіне 1 рет 200 мг-нан, емдеуші дәрігермен белгіленген кезең ішінде.

Кокцидиоидомикоз

Тәулігіне 200-400 мг-нан. Емдеу ұзақтығы пациенттің жағдайына байланысты 11-24 ай және одан ұзағырақ. Кейбір инфекцияларда, әсіресе менингеальді инфекция кезінде тәулігіне 800 мг доза қарастырылуы мүмкін.

Инвазиялық кандидоз – 1-інші емдеу күні екпінді/қанықтырушы доза тәулігіне 800 мг, келесі күндері тәулігіне 1 рет 400 мг-нан.

Кандидемия емінің ұсынылған ұзақтығы қанды себудің бірінші теріс нәтижесінен және кандидемия симптомдары жоғалғаннан кейін 2 аптаны құрайды.

Шырышты қабықтардың кандидозын емдеу

Орофарингеальді кандидоз – 1-інші емдеу күні екпінді/қанықтырушы доза тәулігіне 200-400 мг, келесі күндері тәулігіне 100-200 мг-нан.

Емдеу курсы 7-21 күн (ремиссияға жеткенге дейін). Иммундық жүйесі едәуір әлсіреген пациенттерге неғұрлым ұзақ емдеу курсы талап етілуі мүмкін.

Өңеш кандидозы - 1-інші емдеу күні екпінді/қанықтырушы доза тәулігіне 200-400 мг, келесі күндері тәулігіне 100-ден 200 мг-ға дейін.

Емдеу курсы 14-30 күн (ремиссияға жеткенге дейін). Иммундық жүйесі едәуір әлсіреген пациенттерге неғұрлым ұзақ емдеу курсы талап етілуі мүмкін.

Кандидурия - тәулігіне 200-400 мг.

Емдеу курсы 7-21 күн. Иммундық жүйесі едәуір әлсіреген пациенттерге неғұрлым ұзақ емдеу курсы талап етілуі мүмкін.

Созылмалы атрофиялық кандидоз - тәулігіне 50 мг-нан.

Емдеу курсы 14 күн.

Созылмалы тері-шырышты кандидоз – тәулігіне 1 рет 50-100 мг-нан.

Емдеу курсы 28 күнге дейін. Инфекцияның ауырлығы дәрежесіне немесе иммундық жү-йенің әлсіреу дәрежесіне байланысты неғұрлым ұзақ курс болуы мүмкін.

АИТВ жұқтырған, қайталануы жоғары қаупімен пациенттерде шырышты қабық кандидо-зының қайталануының профилактикасы

Орофарингеальді кандидоз – тәулігіне 1 рет 100-200 мг-нан немесе аптасына 3 рет 200 мг-нан. Емдеу ұзақтығы емдеуші дәрігермен белгіленеді.

Өңеш кандидозы – тәулігіне 1 рет 100-200 мг-нан немесе аптасына 3 рет 200 мг-нан. Емдеу ұзақтығы емдеуші дәрігермен белгіленеді.

Препаратты қабылдауды нейтропения қайталануына дейін бірнеше күн қалғанда бастау және нейтрофилдер саны 1000 жасуша/мм³-тан асқаннан кейін, 7 күн ішінде жалғастыру керек.

Жыныстық мүшелердің кандидозы

Жедел қынаптық кандидоз – 150 мг, бір рет.

Кандидозды баланит - 150 мг, бір рет.

Қынаптық кандидозды емдеу және оның қайталануының профилактикасы (жылына 4 жә-не одан астам көріністер кезінде) - 150мг-нан әрбір 3-інші емдеу күні (1-ші, 4-ші және 7-ші күндері). Барлығы үш доза. Содан кейін демейтін доза – аптасына 1 рет 150 мг-нан, 6 ай ішінде.

Табан, дене, шап аймағы дерматомикозы және кандидоз – аптасына 1 рет 150 мг-нан немесе тәулігіне 1 рет 50 мг-нан.

Емдеу курсы 2-ден 4 аптаға дейін. Табан микозы кезінде 6 апта бойы емдеу талап етілуі мүмкін.

Түрлі-түсті (кебектәрізді) теміреткі - аптасына 1 рет 300-400 мг-нан, курсы 1-3 апта; немесе тәулігіне 1 рет 50 мг-нан, курсы 2-4 апта.

Тырнақ дерматофитиясы (онихомикоз) аптасына 1 рет 150 мг-нан.

Емдеу сау тырнақ шыққанға дейін жалғасады. Қолдың тырнақтары өсу кезеңі 3-6 ай, ал аяқтың тырнақтары - 6-12 ай (пациенттің жеке ерекшеліктері мен жасына байланысты тырнақтың өсу қарқындары ауытқып отырады). Ұзақ өтетін созылмалы инфекцияны сәтті емдегеннен кейін, жекелеген жағдайларда, тырнақтың қисық өсуі мүмкін.

Егде пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі &lt;50мл/мин) жағдайларынан басқа, дозаны түзету талап етілмейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі:

Бір реттік дозамен емдеу кезінде, дозаны түзету талап етілмейді.

Көп реттік дозалармен емдеу кезінде емдеудің 1-інші және 2-інші күні стандарттық (көрсеткіштерге сәйкес ұсынылатын) доза қабылдануы керек.

Бастапқы екпінді дозадан кейін, тәуліктік доза төмендегі кесте бойынша анықталады.

Креатинин клиренсі               Көрсеткіштерге сәйкес ұсынылатын                                       (мл/мин)                                       дозаның пайызы

            >50                                                        100%

           ≤ 50 (диализсіз)                                        50%

жүйелі диализ кезінде 100% , әрбір диализ сеансынан кейін

Гемодиализде тұрған пациенттер

Жүйелі диализде тұрған пациенттер әрбір диализ сеансынан кейін, ұсынылатын дозаның 100%-ын; диализ болмаған күндері - креатинин клиренсіне сәйкес төмендетілген дозаны қабылдауы тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының бұзылуы кезінде флуконазолды қолдану бойынша клиникалық деректер шектеулі, сондықтан пациенттердің аталған тобына Медофлюконды абайлап тағайындау керек.

 

Әзірге Медофлюкон капс. 150мг №1 Medochemie пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады