Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Клопидогрель-Тева 75мг №28таб

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 28
Белсенді зат:
Клопидогрел
Фармакологиялық топ:
Антикоагулянттар.
Элемент коды::
765ё348?7644
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Ересек пациенттерге

Атеротромбоздық оқиғалардың профилактикасы:

- миокард инфарктісі (бірнеше күннен <35 күнге дейін), ишемиялық инсульті

(7 күннен < 6 айға дейін), диагностикаланған шеткері артериялар ауруы бар пациенттерде

- ST сегменті көтерілмеген жедел коронарлы синдромы (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі) бар пациенттерде, соның ішінде тері арқылы коронарлы ангиопластика (ТКА) жүргізу барысында стенттеу жүргізілген пациенттерде ацетилсали-цил қышқылымен біріктіріп

- ST сегменті көтерілген жедел миокард инфарктісінде дәрі-дәрмекпен емделіп жүрген және тромболизистік ем жүргізуге болатын пациенттерде АСҚ-мен біріктіріп;

Жыпылықтағыш аритмияда, инсультті қоса, атеротромбоздық және тромбоэмболиялық оқи-ғалардың профилактикасында

- жыпылықтағыш аритмиясы бар, жүрек-қантамырлық реакциялардың даму қаупінің қандай да бір бір факторы бар пациенттерде, К дәруменінің антагонистері (КДА) жақпайтын және қан кету қаупі төмен науқастарда ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп

- препараттың белсенді субстанциясына немесе компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бауыр функциясының ауыр бұзылулары

- жедел қан кетуі (асқазанның ойық жарасы, бассүйекішілік қан кету)

- галактозаның жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Қан кету клиникалық зерттеулерде де, постмаркетингтік кезеңде де, емнің алғашқы айы ішінде ең алдымен сол туралы мәлімделген ең жиі реакция болып табылады.

Төменде клиникалық зерттеулерде атап өтілген немесе өздігінен келіп түскен хабарлама-ларда мәлімделген жағымсыз реакциялар берілген.

Жиі (≥ 1/100, <1/10)

- гематома және жарақаттайтын соғылу

- мұрыннан қан кету

- асқазан-ішектен қан кету, диарея, іштің ауыруы, диспепсия

- пункция орнынан қан кету

Жиі емес (≥ 1/1000, <1/100)

- тромбоцитопения, лейкопения, эозинофилия

- бассүйекішілік қан құйылу (әсіресе егде жастағы адамдарда өліммен аяқталған бірнеше жағдайлар жөнінде хабарланған), бас ауыру, парестезия, бас айналу

- көзге қан құйылу (конъюнктивальді, окулярлы, ретинальді)

- асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы, гастрит, құсу, жүрек айну, іш қату, метеоризм

- бөртпе, қышыну, тері астына қан құйылу (пурпура)

- гематурия

- қан кету уақытының ұзаруы, нейтрофильдер санының кемуі, тромбоциттер санының азаюы

Сирек (≥ 1/10000, <1/1000)

- нейтропения, соның ішінде ауыр түрі

- вертиго (вестибулярлы бас айналу)

- ретроперитонеальді қан кету

- гинекомастия

Өте сирек (<1/10000)

- тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП), апластикалық анемия, панцитопения, агранулоцитоз, ауыр тромбоцитопения, жүре пайда болған

А гемофилиясы, гранулоцитопения, анемия

- сарысу құю ауруы, анафилактоидтық реакциялар

- елестеулер, сананың шатасуы

- дәм сезудің бұзылуы, агевзия

- ауыр қан кету, операциялық жарақаттан қан кету, васкулит, гипотензия

- респираторлық жолдан қан кету (қан түкіру, өкпеден қан кету), бронх түйілуі, интерсти-циальді пневмония, эозинофильді пневмония

- өліммен аяқталатын асқазан-ішектік және ретроперитонеальді қан кету, панкреатит, ко-лит (соның ішінде ойық жаралы немесе лимфоцитарлық), стоматит

- жедел бауыр жеткіліксіздігі, гепатит, бауыр функциясының қалыптан ауытқыған биохи-миялық көрсеткіштері

- буллёзді дерматит (уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, көп пі-шінді эритема, жедел жайылған экзантематозды пустулез), ангионевроздық ісіну, дәрі қа-былдаудан болатын жоғары сезімталдық синдромы, эозинофилиямен және жүйелі көрініс-термен қатар жүретін дәрілік тері бөртпесі (DRESS-синдром), эритематозды немесе эксфо-лиативті бөртпе, есекжем, экзема және жалпақ теміреткі

- қаңқа-бұлшықеттен қан кету (гемартроз, артрит, артралгия), миалгия

- гломерулонефрит, қанда креатинин деңгейінің көтерілуі

- қызба

Жиілігі белгісіз

- сарысу құю ауруы, айқаспалы реактивтілік нәтижесінде дамыған анафилактоидты реак-циялар, тиклопидин және прасугрел сияқты тиенопиридинді препараттарға жоғары сезім-талдық

- ацетилсалицил қышқылына және клопидрогельге аса жоғары сезімталдық реакциясынан туындаған Коунис синдромы (вазоспастикалық аллергиялық стенокардия/аллергиялық миокард инфарктісі).

Клопидогрель-Тева тамақ ішуге қарамай-ақ ішке қабылдауға тағайындалады.

Ересектерге және егде жастағы пациенттерге Клопидогрель-Тева препаратын бір реттік 75 мг дозада тағайындайды.

ST сегменті көтерілмеген жедел коронарлы синдромда (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі) препарат бір реттік 300 мг жүктеме дозамен тағайында-лады. Демеуші доза – тәулігіне 75 мг (тәулігіне 75-325 мг доза ацетилсалицил қышқылы-мен біріктіріп) 12 ай бойы. Ең жоғары емдік әсер 3 айдан соң байқалады. Қан кетудің даму қаупінің артуына байланысты, ацетилсалицил қышқылының дозасын 100мг-ден арттырмау ұсынылады.

ST сегменті көтерілетін жедел миокард инфарктісінде препарат, тромболитизистік препа-раттарды қолдана отырып немесе онсыз, бір реттік 300 мг жүктеме дозадан бастап, тәу-лігіне 75 мг дозада (ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп) тағайындалады. 75 жастан асқан пациенттерде Клопидогрель-Тева препаратымен емдеу бір реттік жүктеме дозаны пайдаланусыз жүзеге асырылады. Біріктірілген емді мүмкіндігінше симптомдар пайда бол-ғаннан кейін ертерек бастаған және ең кемінде 4 апта жалғастырған жөн.

Жыпылықтағыш аритмияда препарат бір реттік тәуліктік 75 мг доза түрінде, тәулігіне 75-100 мг ацетилсалицил қышқылымен біріктіріліп тағайындалады.

Препарат қабылдауды жүйелі қабылдау кестесінен 12 сағаттан азырақ уақыт өткізіп алған жағдайда, пациент дозаны бірден қабылдағаны жөн, ал содан кейін келесі дозаны әдет-тегі жоспарланған уақытта қабылдауы керек. Егер оған 12 сағаттан көбірек уақыт өтсе, пациент препараттың дозасын әдеттегі жоспарланған уақытта қабылдауы керек, екі есе-ленген доза қабылдамағаны жөн.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясы бұзылған науқастарда клопидогрелмен емдеу тәжірибесі шектеулі.

Бауыр функциясының бұзылуы

Препаратты бауыр функциясының ауырлығы орташа дәрежеде бұзылуы бар, геморрагия-лық диатезге бейім науқастарда қолдану тәжірибесі шектеулі.

Әзірге Клопидогрель-Тева 75мг №28таб пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады