Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Диоксидин 1% 5мл №10амп БЗМП

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№ 10 ампула
Белсенді зат:
Диоксидин
Фармакологиялық топ:
Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар
Элемент коды::
4810201000176
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

Басқа химиялық ем дәрілері тиімсіз болғанда немесе олардың көтерімділігі нашар болғанда сезімтал микрофлора туындатқан іріңді бактериялы инфекцияларда:

Қуыс ішіне енгізу

- кеуде және құрсақ қуыстарының іріңді үдерістерінде, іріңді плевритте, плевра эмпиема-сында, өкпе абцестерінде, перитониттерде, циститтерде, терең іріңді қуыстары бар жара-ларда (жұмсақ тіндер абсцестерінде, жамбас ш-е қабтының флегмоналарында, операциядан кейінгі несеп және өт шығару жолдарының жараларында, іріңді маститте және т.б.)

- несеп қуығын катетеризациялаудан кейінгі инфекциялық асқынулардың профилактика-сында.

Сыртқа қолдану

- орналасуы әртүрлі беткейлік және терең жаралар, ұзақ уақыт жазылмайтын жаралар мен трофикалық ойық жараларда, жұмсақ тіндер флегмоналары, инфекция жұқтырған күйікте, остеомиелит кезіндегі іріңді жараларда.

 

 

- Диоксидинге ® аса жоғары сезімталдық

- бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі (соның ішінде анамнездегі)

- жүктілік және емшек емізу кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге

 

 

Қуыс ішіне енгізгенде:

- бас ауыруы, қалтырау, дене температурасының жоғарылауы

- жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея

- бұлшықеттердің құрысып жиырылуы

- аллергиялық реакциялар, сирек - анафилаксиялық шок

- фотосенсибилизациялаушы әсері (күн сәулесінің әсер етуінен денеде пигментті дақтардың пайда болуы).

Сыртқа қолданғанда:

- жара маңындағы дерматит, қышыну.

 

 

Диоксидин ® стационар жағдайында, дәрігердің қатаң бақылауымен тек ересектерге тағайындалады. Сыртқа, қуыс ішіне қолданады.

Инфекциялық аурулардың ауыр түрлерінде немесе басқа бактерияға қарсы препараттар тиімсіз болған кезде ғана тағайындайды.

Емдеу курсын бастар алдында препаратты жағымдылығына сынама жасайды, ол үшін 10 мл 1% ерітіндіні инфекцияның ошақ-қуысына енгізеді. Жағымсыз құбылыстар (бас айна-лу, қалтырау, дене температурасының жоғарылауы және т.б.) 3-6 сағат ішінде болмаса, курстық емдеуді бастайды. Жағымсыз реакциялардың алғашқы белгілері пайда болғанда енгізуді тоқтатады.

Төменгі температурада сақталған кездегі ерітіндінің тұрақсыздығын ескере отырып, 1% Диоксидин ® ерітіндісін вена ішіне енгізуге пайдалануға болмайды.

Диоксидин ® ерітіндісі бар ампулаларда сақтау үдерісінде (15°С төмен температурада) кристалдары шөккен жағдайда, ампулаларды қайнап тұрған су моншасында кристалдары толық ерігенге дейін (мөлдір ерітінді) сілки отырып қыздырып, ерітеді. Егер 36-38°С дейін салқындатқанда кристалдар қайтадан түспесе, препарат қолдануға жарамды.

Қуыс ішіне енгізу. 1% Диоксидин ® (0,1 – 0,5 г) ерітіндісін іріңді қуысқа оның өлшеміне байланысты тәулігіне 10-нан 50 мл дейін енгізеді. Қуысқа Диоксидин ® ерітіндісін кате-тер, дренаждау түтігі немесе шприц арқылы енгізеді.

Қуысқа енгізуге арналған ең жоғары тәуліктік доза 70 мл 1% ерітінді (0,7г).

Препаратты әдетте тәулігіне бір рет енгізеді. Көрсетілімдеріне қарай тәуліктік дозаны екі қабылдауда енгізуге болады. Жақсы көтере алғанда препаратты күнделікті 3 апта бойы және одан да ұзағырақ уақыт енгізуге болады. Қажет болғанда емдеу курсын 1-1,5 айдан кейін қайталайды.

Сыртқа қолдану. 0,1-1% Диоксидин ® ерітіндісі қолданылады. 0,1-0,2% ерітінді алу үшін препараттың ампуладағы ерітіндісін қажетті концентрациясына дейін стерильді 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен немесе инъекцияға арналған сумен сұйылтады. Беткейлік инфекциялы іріңді жараларды емдеу үшін 0,5-1% Диоксидин ® ерітіндісіне малынған сүрткіні жараға төсейді. Терең жараларды өңдегеннен кейін 1% Диоксидин ® ерітіндісіне малынған тампондарды бос салады, ал дренаж түтігі бар болса қуысқа 20-дан 100 мл дейін 0,5% препарат ерітіндісін енгізеді.

Остеомиелитте терең іріңді жараларды емдегенде (қол білезігі, табан жаралары) ванна түрінде 0,5% препарат ерітіндісін қолданады немесе жараға препарат ерітіндісімен 15-20 мин бойы (осы уақыт бойы жараға ерітінді енгізу) арнайы өңдеу жүргізіп, содан соң 1% Диоксидин ® ерітіндісімен таңғыш қояды. Ең жоғары тәуліктік доза – 2,5 г. Емдеу ұзақ-тығы – 3 аптаға дейін.

Диоксидин ® 0,1-0,5% ерітінді түрінде операциялық араласудан кейін инфекция профилактикасына және емдеуге пайдалануға болады.

Көрсетілімдері бойынша (остеомиелиті бар науқастар) және жақсы көтере алатын жағдайда емдеуді 1,5-2 ай бойы күнделікті жүргізуге болады.

Егде адамдарға қолданғанда бүйрек функциясының жасына қарай төмендейтінін ескерген жөн, бұл препарат дозасын азайтуды қажет етеді.

 

Әзірге Диоксидин 1% 5мл №10амп БЗМП пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады