Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Золадекс Имплантат 10,8мг №1шпр. АстраЗенека

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№ 1 шприцтер
Белсенді зат:
Гозерелин
Фармакологиялық топ:
Ісікке қарсы гормональді препараттар
Элемент коды::
765ё348?099676876
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- қуық асты безінің метастаздық обырында

- қуық асты безінің жергілікті таралған обырында, хирургиялық кастрация баламасы ретінде

- қуық асты безінің ошақтанған немесе жергілікті таралған обырының қаупі жоғары пациент-тер үшін сәулелі емге адьювантты ем ретінде

- қуық асты безінің ошақтанған немесе жергілікті таралған обырының қаупі жоғары пациент-тер үшін сәулелі ем алдындағы неоадьювантты ем ретінде

- аурудың үдеу қаупі жоғары қуық асты безінің жергілікті таралған обырына шалдыққан па-циенттер үшін радикальді простатэктомияға адьювантты ем ретінде

- гозерелинге немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған).

Жағымсыз реакциялар ағзалар жүйесі және даму жиілігі бойынша жіктелген. Жиілігінің санаты келесі шартты белгілерге сәйкес анықталады:

Өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 - <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 - <1/100 дейін), сирек (≥1/10000 - <1/1000 дейін), Өте сирек (<1/10000), белгісіз (белгілі деректер бойынша бағалау мүмкін емес).

Қатерсіз, қатерлі және анықталмаған жаңа түзілімдер (киста және полиптерді қоса)

Өте сирек: гипофиз ісінуі. 

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Жиі емес: дәрілік аса жоғары сезімталдық реакциялары. 

Сирек: анафилаксиялық реакциялар.

Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар  

Өте сирек: гипофизге қан құйылуы.

Метаболизмдік бұзылулар

Жиі: глюкозаға толеранттылық бұзылуы. ГнРГ агонистерін алған ерлерде глюкозаға то-леранттылық төмендегені бақыланды. Глюкозаға толеранттылық төмендеуі қант диабеті дамуымен немесе анамнезінде қант диабеті бар пациенттерде қандағы гдюкоза деңгейіне бақылау нашарлауымен білінді.  

Психикалық бұзылулар

Өте жиі: препараттың фармакологиялық әсеріне байланысты либидо төмендеуі және си-рек жағдайларда оны тоқтатуға әкеледі. 

Жиі: көңіл-күйдің аумалылығы, депрессия. 

Өте сирек: психоздық бұзылыстар.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі: парестезиялар, жұлын компрессиясы.

Жүрек-қан тамыр жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі: препараттың фармакологиялық әсеріне байланысты құйылулар және сирек жағдайларда оны тоқтатуға әкеледі.  

Жиі: миокард инфарктісі (ерлерде); жүрек жеткіліксіздігі (ерлерде), антиандрогендік пре-параттарды бір мезгілге тағайындағанда жоғарылайтын қаупі бар. Гипотензия немесе ги-пертензия ретінде білінетін артериялық қысымның деңгейінің өзгерісі. Бұл өзгерістер әдетте өтпелі және Золадекс препаратымен ем барысында немесе оны тоқтатудан кейін жойылады. Сирек жағдайларда бұл өзгеріс Золадекс препаратын тоқтатуды қоса, медици-налық араласуларды талап еткен.

Жиілігі дәл анықталмаған: QT аралығының ұзаруы.

Тері және тері асты тіндері тарапынан

Өте жиі: препараттың фармакологиялық әсеріне байланысты қатты тершеңдік және сирек жағдайларда оны тоқтатуға әкеледі. 

Жиі: алопеция (әйелдерде),әдетте айқындығы елеусіз, оның ішінде қатерсіз жаңа түзілу-лері бар жас пациент әйел-қыздарда; емді жалғастыру аясында жиі жойылатын, негізінен, айқындығы елеусіз бөртпе.

Жиілігі дәл анықталмаған: андрогендер деңгейі төмендеуі салдарынан денеде түктің түгел түсуімен білінетін алопеция (ерлерде).

Тірек-қимыл аппараты тарапынан

Жиі: артралгия (әйелдерде), сүйек ауыруы (ерлерде). Ем басында қуық түбі безінің ау-руы бар науқастар симптоматикалық емделетін сүйектің ауыруының уақытша күшеюін жиі сезінуі мүмкін. 

Жиі емес: артралгия (ерлерде).

Несеп-жыныс жүйесі тарапынан

Өте жиі: эректильді дисфункция, қынап шырышты қабығының құрғауы және сүт безі өл-шемінің ұлғаюы 

Жиі: гинекомастия. 

Жиі емес: кеуде безінің ауырсынулары, несепағар обструкциясы

Сирек: аналық без кистасы, аналық бездің гиперстимуляциясы синдромы (гонадотропин-дермен бірге қолданғанда). 

Басқалары

Жиі: препарат енгізу орнындағы реакциялар.

Зертханалық және инструменталдық деректер

Жиі: сүйек тінінің минералдық тығыздығы төмендеуімен, дене салмағы артуы.

Ересек еркектерге ( егде жастағы пациенттерді қоса): бір депо капсула Золадексті 12 аптада бір рет алдыңғы құрсақ қабырғасына тері астына енгізеді.

Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарға дозаны түзету қажеттілігі жоқ.

Балалар: Золадекс балаларға қолдану үшін көрсетілмеген.

Депо-капсула Золадексті дұрыс енгізу үшін препарат енгізу бойынша нұсқаулықпен та-нысыңыз.

Препаратты енгізу жөніндегі нұсқаулық:

1. Пациентті денесінің жоғарғы жағы сәл көтеріліп тұратындай ыңғайлы күйде жатқызы-ңыз. Алдыңғы құрсақ қабырғасындағы енгізу орнын өңдеңіз. Қажет болса, жергілікті анестетикті пайдаланыңыз.

2. Конвертті бағыт сызығы бойымен ашып, шприц-аппликаторды шығарып алыңыз. Жақсы жарық түсіріп, шприц терезесінен имплантаттың бар-жоғын тексеріңіз.

3. Поршеньнен пластик сақтандырғышты (бағыт бойымен) абайлап алып тастаңыз (2 су-рет). Инеден қақпақшасын шешіп алыңыз. Имплантатты шприцтен кездейсоқ шығарып алмау үшін шприц пен инеден ауа көпіршіктерін шығаруға талпынбаңыз.

4. Бас бармақ және сұқ саусақпен алдыңғы құрсақ қабырғасында кіндік сызығынан тө-менірек тері қатпарын жиырыңыз. Шприцті корпусынан, ине негізінен 2 см қашық ұстау керек. Ине тері астына қимасын теріге жоғары қарата сүйір бұрышымен (30-45 о ) шприц корпусы пациент терісіне тигенше енгізіледі.

5. Инені бұлшықет ішіне немесе құрсақ ішіне енгізбеңіз. Инені дұрыс ұстамау және дұрыс енгізбеу бұрышы 4 суретте көрсетілген.

6. Имплантатты енгізу және қорғайтын механизмін белсендіру үшін поршеньді тірелгенше басыңыз. Сіз сол сәтте «сырт» еткен дыбысты естіп, қорғайтын механизмінің автоматты түрде инені жауып, жылжығанын сезесіз. Егер поршень соңына дейін басылмаса, қорғай-тын механизмі белсендірілмейді.

7. Шприцті 5-суретте көрсетілгендей шығарып алыңыз және қорғайтын механизміне ол инені толық жапқанша қозғалуға мүмкіндік беріңіз.

Пайдаланылған шприцті сүйір заттар үшін рұқсат етілген тәсілмен кәдеге жаратыңыз.

Әзірге Золадекс Имплантат 10,8мг №1шпр. АстраЗенека пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады