Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Энцифер 5мл №5амп Emcure

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№5 ампула
Белсенді зат:
Железа (III) гидроксид
Фармакологиялық топ:
Темір препараттары
Элемент коды::
8902319070083
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- организмде темір қорын жедел және сенімді толтыру қажет болатын темір тапшылығы анемиясында;

-  организмнің темірмен тез толықтырылуының клиникалық қажеттілігінде;

- пероральді темірмен емдеуді көтере алмайтын немесе оның режимін сақтамайтын пациенттерге;

- пероральді темір препараттары тиімсіз болғанда ішектің белсенді түрдегі қабыну ауруларында;

-    пероральді темір препараттарының тиімділігі аз болғанда созылмалы бүйрек ауруларында.

 Темір тапшылығын диагностикалау қолайлы зертханалық талдауларға негізделуі тиіс (мысалы, Hb (гемоглобин), сарысулық ферритин, ТҚ (трансферриннің қанығуы))  

Энциферді мына жағдайларда қолдануға болмайды:

-          белсенді затқа,  жалпы Энцифер препаратына  немесе препараттың құрамына кіретін қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық;

-          анамнезінде басқа да темір препараттарына елеулі жоғары сезімталдық;

-          темір тапшылығынан туындамаған анемия;

-          темірдің шамадан тыс көп мөлшерінің (артық жүктеме) белгілері немесе темірдің сіңуінің тұқым қуалайтын бұзылулары;

-    жүктіліктің бірінші триместрі;

-    18 жасқа дейінгі балалар.

 

Препаратты, яғни темір сахарозасын қолданған кезде анағұрлым жиі білінген жағымсыз реакция дисгевзия болды, ол 100 адамға  4.5 жағдай жиілігімен пайда болды. Темір сахарозасын қолданумен астасқан өте маңызды күрделі жағымсыз реакциялар жоғары сезімталдық реакциялары болды, олар клиникалық сынақтарда 100 сыналушыға 0.25 жағдай жиілікпен пайда болды.

 Препаратты қолданған кезде хабарланған жағымсыз реакциялар төмендегі кестеде ұсынылған.

 

Ағзалар жүйесінің класы

Жиі (≥1/100, <1/10)

Жиі емес (≥1/1000, <1/100)

Сирек (≥1/10000, <1/1000)

Жиілігі белгісіз 1)

Инфекциялар мен  инвазиялар

 

 

Пневмония

 

Қан  және лимфа жүйесі тарапынан болатын бұзылыстар

 

Полицитемия 2)

 

 

Иммундық жүйе тарапынан болатын бұзылыстар

 

Жоғары сезімталдық

 

Анафилактоидты реакциялар, ангионевроздық ісіну

Зат алмасу тарапынан болатын бұзылыстар және алиментарлық бұзылыстар

 

 

Темірдің артық жүктемесі

 

Жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылыстар

Дисгевзия

Бас ауыруы, бас айналу, күйдіру сезімі, парестезия, гипестезия

Естен тану, бас сақинасы, ұйқышылдық

Сананың төмен деңгейі, сананың шатасуы, санадан айрылу, үрей/мазасыздық, тремор

Жүрек тарапынан болатын бұзылыстар

 

 

Жүректің жиі соғуы

Брадикардия, тахикардия

Қантамыр бұзылыстары

Гипотензия, гипертензия

Флебит

Гиперемия

Айналымдағы коллапс (тамыр жеткіліксіздігі), беткейлік веналар тромбозы, тромбофлебит

Тыныс алу жүйесі, кеуде аумағы және  медиастинальді аумақ тарапынан болатын бұзылыстар

 

Диспноэ

 

Бронх түйілуі

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан болатын бұзылыстар

 

Хроматурия

 

 

Асқазан-ішек бұзылыстары

Жүрек айнуы

Құсу, іштің ауыруы, диарея, іш қату

Ауыздың құрғауы

 

Тері және теріасты тіні тарапынан болатын бұзылыстар

 

Қышыну, бөртпе

 

Уртикария, эритема

Қаңқа-бұлшықет бұзылыстары және дәнекер тін тарапынан болатын бұзылыстар

 

Бұлшықет  құрысулары, миалгия, артралгия, аяқ-қолдың ауыруы, белдің ауыруы

Аяқ-қолдағы жайсыздық, бұлшықет құрысулары

Гипотония

Жалпы сипаттағы бұзылыстар  және препаратты қолданған жердегі жай-күйлер

Препаратты  енгізген жердің ауыруы

Қалтырау, препаратты енгізген жердегі реакциялар, препаратты енгізген жердің тітіркенуі, препаратты енгізген жердегі қанталаулар, препаратты енгізген жердің түсінің өзгеруі, препаратты енгізген жердегі күйдіру сезімі, астения, қажу, ауыру

Жылуды сезіну, кеуденің ауыруы, пирексия, препаратты енгізген жердің қышынуы, препаратты енгізген жердің көгеруі

Гипергидроз, салқын тер, дімкәстік, бозару

Зертханалық талдаулар мен зерттеулер

 

Гамма-глутамилтрансферазаның жоғарылауы, аланин-аминотрансферазаның жоғарылауы, аспартат-аминотрансферазаның жоғарылауы,  бауыр функциясының талдау нәтижелеріндегі ауытқулар

Сарысулық  ферритиннің жоғарылауы, 2) қандағы креатининнің жоғарылауы, лактатдегидрогеназаның жоғарылауы

 

1) Тіркеуден кейінгі кезеңдегі өздігінен болатын хабарламалар.

2) Темірдің артық дозалануының немесе темірдің артық жүктемесінің салдары болуы мүмкін.

 

Энциферді тек вена ішіне қолдану қажет. Препаратты вена ішіне баяу инъекциялау, вена ішіне тамшылатып инфузиялау немесе диализдік аппараттың веналық желісі арқылы тікелей енгізуге болады. 

 

Вена ішіне тамшылатып инфузиялау

Энциферді  тек  0.9% (м/айн.) натрий хлоридінің стерильді ерітіндісімен (NaCl) сұйылту қажет. Сұйылтуды тікелей инфузиялау алдында жүзеге асыру керек және ерітіндіні мынадай түрде енгізу қажет:

 

 Энцифер дозасы

(темір мг)

 Энцифер дозасы

(Энцифер мл)

0.9% (м/айн.) NaCl стерильді ерітіндісімен ең жоғары сұйылту көлемі

Ең төменгі енгізу уақыты

50 мг

2.5 мл

50 мл

8 минут

100 мг

5 мл

100 мл

15 минут

200 мг

10 мл

200 мл

30 минут

Тұрақтылық себептеріне байланысты Энцифердің өте төмен концентрацияларына дейін  сұйылтуға болмайды.

 Вена ішіне инъекциялау

Энциферді минутына 1 мл сұйылтылмаған ерітінді жылдамдықпен вена ішіне баяу инъекциялау түрінде енгізуге болады және  бір инъекцияға  10 мл Энцифер (200 мг темір) дозасын асырмау керек.

 Диализдік аппараттың веналық желісіне енгізу

Энциферді  гемодиализ сеансы кезінде қолдануға болады – оны диализдік аппараттың веналық желісіне тікелей енгізу қажет және вена ішіне инъекциялағандағы талаптарды орындау керек.

Әзірге Энцифер 5мл №5амп Emcure пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады