Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Бупивакаин 5мг/мл 10мл №5амп Санитас

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№5 ампула
Белсенді зат:
Бупивакаин
Фармакологиялық топ:
Анестетиктер
Элемент коды::
765ё348?01010101
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- жүйкелерді ұзақ бөгеу және эпидуральді анестезияда, егер адреналинді қосу қарсы көр-сетілімді болса немесе бұлшықеттердің қатты босаңсуы дұрыс болмаған жағдайда (мысалы, операциялардан кейін ауыруды басу немесе босанулар кезіндегі анестезия)

- бупивакаинге және амидтік типтегі басқа жергілікті анестетиктерге немесе препараттың қандай да бір қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

- вена ішіне регионарлық анестезия (Бир бойынша блокада) (бупивакаиннің кездейсоқ қан арнасына өтіп кетуі жедел жүйелі уытты реакциялардың дамуын тудыруы мүмкін)

- құрсақішілік қысымның жоғарылауы

- ОЖЖ аурулары (мысалы, менингит, полиомиелит, бассүйек ішіне қан құйылу)

- пернициозды анемия және бас және жұлын ісіктерінің жеделге жуық біріктірілген жұлын дегенерациясы

- стеноз және аурулар (спондилит, туберкулез, ісік) немесе омыртқа бағанының таяудағы жарақаттары (сынулар)

- сепсис

- люмбальді пункция немесе оған жақын жердегі іріңді тері инфекциялары

- кардиогенді немесе гиповолемиялық шок

- қан ұюдың бұзылуы немесе белсенді антикоагулянтты ем

- жүктілік және лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балалар

Төмендегі жағдайларда сақтықпен тағайындау керек:

- ауыр жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі (үдеуі мүмкін), жүрек блокадасы, аритмияға қарсы дәрілік заттарды (бета-адреноблокаторларды қоса) бір мезгілде тағайындау

- қабыну аурулары немесе инъекция орындарының инфекция жұқтыруы

- холинэстераза тапшылығы

- бүйрек жеткіліксіздігі, егде жастағылар (65 жастан асқан), жалпы ауыр жағдай, бауыр қан ағымының төмендеуі (мысалы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, бауыр аурулары ке-зінде)

- парацервикальді анестезия жүргізу қажеттілігі

Анестетиктен пайда болатын жағымсыз әсерлерді блокаданың жүйке ұштарына физио-логиялық әсер етулерінен ажырату қиын (мысалы, артериялық қысымның төмендеуі, брадикардия).

Өте жиі

- гипотензия, брадикардия, вентрикулярлық тахикардия

- жүрек айнуы, асқазан ішіндегісінің шығарылуының баяулауы

Жиі

- парестезия, бас ауыруы, қозу, мазасыздық, тремор, діріл, құрысу қимылдары, депрес-сия, ұйқышылдық, қорқыныш сезімі, сананың шатасуы, истерия, нистагм, сөйлеудің түсініксіздігі

- брадикардия

- гипертензия, тромбоциттер агрегациясының тежелуі

- құсу

- несептің кідіруі, несепті ұстай алмау

Сирек

- құрысулар, ауыз маңындағы парестезия, тілдің ұюы, көрудің бұзылуы, естен тану, құ-лақтағы шуыл, дизартрия

- бұлшықеттердің босаңдығы мен әлсіздігі, арқаның ауыруы, инъекция орнының ауыруы, тіндер некрозы

Өте сирек

- аллергиялық реакциялар, анафилаксиялық реакциялар/ шок

- невропатия, шеткері жүйкелердің зақымдануы, параплегия, салдану, арахноидит, ми діңі қызметінің толық қайтымды жоғалуы, ми қанайналымының өтпелі ишемиялық бұзылуы

- диплопия

- жүректің тоқтауы, кардиогендік шок, аритмия

- тыныс алудың бәсеңдеуі, тыныстың тоқтап қалуы

- гипогликемия

- бауыр ферменттері құрамының жоғарылауы

- құлақтағы шуыл

Препараттың белгілі бір дозасын тағайындағанда дәрігер пациенттің физикалық жай-күйін бағалауы тиіс. Жүйкелердің үздіксіз блокадасын қолдана отырып, препараттың плазмадағы уытты концентрациясының қаупін және жүйкенің жергілікті зақымдануы қаупін ескеру керек.

 

Ұсынылатын дозалары:

 

Блокада түрі

Концен-трация, мг/мл

Мөлшері,

мл

Дозасы,

мг

Жансызданудың басталуы, мин

Жансыздану ұзақтығы,

сағ

ХИРУРГИЯЛЫҚ АНЕСТЕЗИЯ

Люмбальді эпидуральді блокада (кесарь тілігі)

5,0

10-20

50-100

15-30

2-3

Торакальді эпидуральді блокада

5,0

5-10

25-50

10-15

2-3

Каудальді эпидуральді блокада

5,0

20-30

100-150

15-30

2-3

Ірі жүйкелердің блокадасы (мысалы,

pl. brachialis, femoralis)

5,0

10-35

50-175

15-30

4-8

Аймақтық  блокада (мысалы, ұсақ жүйкелердің блокадасы және инфильтрация)

5,0

£ 30

£ 150

1-10

3-8

БОСАНУЛАР КЕЗІНДЕ АУЫРУДЫ БАСУ

Люмбальді блокада (инъекция)

5,0

6-12

30-60

 

 

Каудальді блокада (инъекция)

5,0

10-20

50-100

 

 

ЖЕДЕЛ АУЫРУДЫ БАСУ

Буынішілік  блокада (мысалы, тізе артроскопиясынан кейін)

2,5-5,0

£ 20 (0,5%)

 

£ 100

5-10

емшарадан кейінгі 2-4 сағат

             

 

Ескертпелер:

1.    Жүйке өрімдерінің блокадасы кезінде дозасын препараттың енгізілетін орнына және пациенттің жай-күйіне байланысты таңдайды. Қарыншаүстілік иық өрімінің блокадасы пайдаланылған жергілікті анестетиктің әсерінен жиі білінетін жағымсыз реакциялармен байланысты болуы мүмкін.

2.    Ең жоғарғы дозасы £ 400 мг/24 сағ.

3.    Бупивакаиннің ерітіндісін ауыруды басу үшін апиындармен біріктіріп эпидуральді енгізу үшін жиі қолданады. Жалпы дозасы £ 400 мг/24 сағ.

4.    Егер пациент бупивакаинді бір мезгілде басқа мақсаттар үшін қосымша қабылдап жүрсе, жалпы бір реттік – 150 мг дозасын арттыруға болмайды.

 

Кестеде келтірілген дозалары әдетте, сәтті блокадамен қамтамасыз етеді. Жансызданудың уақыты мен ұзақтығында айырмашылықтар болуы мүмкін. Сандар  қажетті орташа дозаларын көрсетеді. Әдетте, барлық ірі жүйкелер ұштарының  толық блокадасы үшін, препараттың көп концентрациясы қажет. Жансыздандыру немесе ауыруды жеңілдету үшін, бупивакаин ерітіндісінің азғантай концентрациясы қажет.

Байқаусызда тамыр ішіне енгізілуін болдырмас үшін,  инъекция алдында және инъекция  кезінде мұқият аспирациялау ұсынылады. Жалпы дозасын баяу, минутына 25-50 мг жылдамдықпен немесе пациенттің өмірлік маңызы бар функцияларын тұрақты бақылаумен және онымен  вербальді байланысты ұстай отырып, қайталанған  дозалары түрінде енгізеді. Эпидуральді анестезия жүргізу кезінде  құрамында адреналин ерітіндісі бар 3-5 мл бупивакаин ерітіндісінің тест-дозасын енгізу қажет. Тест-дозасын енгізу кезінде пациентпен вербальді байланысты ұстап тұру және жүректің жиырылу жиілігін жүйелі түрде анықтап отыру қажет. Байқаусызда тамыр ішіне инъекцияланғанын жүрек соғуының қысқа мерзімге жеделдеуі, ал байқаусызда интратекальді инъекцияланғанын – спинальді блокаданың симптомдары көрсетуі мүмкін. Ең төменгі уытты әсерлері пайда болған жағдайда ары қарай енгізуді тоқтатады.

Әзірге Бупивакаин 5мг/мл 10мл №5амп Санитас пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады