Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Низорал 200мг №10таб

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 10
Белсенді зат:
Кетоконазол
Фармакологиялық топ:
Зеңге қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар
Элемент коды::
765ё348?142614265
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Дерматофиттерден және/немесе ашытқы зеңдерден туындаған терінің, бастың шашы бар бөліктерінің және шырышты қабықтардың жұқпаларында зақымданған бөліктің аумағының үлкен болуынан, зақымдалудың айтарлықтай тереңдігінен жергілікті ем жасау мүмкін бол-мағанда, сондай-ақ бұрын жасалған жергілікті емнің әсері болмағанда:

• дерматофитияда;

• түрлі түсті теміреткіде;

• Malassezia тұқымдастығы зеңдерінен туындаған фолликулитте;

• шырышты қабықтардың созылмалы кандидозында және тері кандидозында;

• ауыз және жұтқыншақ кандидозында және өңеш кандидозында;

• созылмалы қайталанатын қынап кандидозында.

Жүйелі зеңдік жұқпалар

• паракокцидиоидозда;

• гистоплазмозда;

• кокцидиоидозда;

• бластомикозда.

Низорал таблеткаларын гепатоуыттылық қаупіне байланысты, сондай-ақ кетоконазол және басқа препараттардың жергілікті дәрілік түрлері болатынын ескере отырып әлеуетті пайдасы болжамды әлеуетті зиянынан астам болған жағдайда ғана пайдалану керек.

- кетоконазолға немесе препараттың қандай да бір компоненттеріне асқын сезімталдық;

- бауырдың жедел және созылмалы аурулары;

- 3 жасқа дейінгі балалар (деректер жеткіліксіз);

- салмағы 15 кг-дан төмен балалар;

- жүктілік және лактация кезеңі.

Низорал препаратын CYP3A4 субстраты болып табылатын кейбір заттармен бір мезгілде қол-дануға болмайды. Бұл дәрілік заттардың кетоконазолмен бір мезгілде қолдану нәтижесінде плазмадағы концентрациясының жоғарылауы емдік және жағымсыз әсерлерінің күшеюіне, сондай-ақ оның ұзақтығының күрделі асқынулар туындауына себеп болар дәрежедегідей ұл-ғаюына алып келуі мүмкін. Мысалы, бұл дәрілік заттардың кейбіреуінің плазмадағы концен-трациясының жоғарылауы QT аралығы ұзақтығы ұлғаюына және қарыншалық тахикардияға, оның ішінде «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияға – өлімге соқтыруы мүм-кін аритмияға алып келуі мүмкін. Нақты мысалдар «Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімінде келтірілген.

Төменде кетоконазол қабылдаған, жиілігі ≥ 1,0% беткейлік және терең микоздар анық-талған емделушілердегі жағымсыз әсерлер келтірілген:

- бас ауыруы.

- жүрек айнуы, іштің ауыруы, диарея, бауыр қызметі бұзылуы.

Кетоконазол қабылдаған, жиілігі < 1,0% беткейлік және терең микоздар анықталған емделушілердегі жағымсыз әсерлер

- гинекомастия.

- фотофобия.

- іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, құсу, диспепсия, іш қату, ауыздың құрғауы, дисгевзия, іштің кебуі, тіл түсінің өзгеруі, гепатит,сарғаю.

- анафилактоидты реакциялар.

- бас айналуы, парестезия, ұйқышылдық, жоғары қозушылық, ұйқысыздық, үрейлену, шаршағыштық, жалпы әлсіздік.

- алкогольді көтере алмау, анорексия, гиперлипидемия, тәбет жоғарылауы, миалгия.

- етеккір оралымының бұзылуы.

- мұрыннан қан кету.

- алопеция, дерматит, эритема, мультиформалы эритема, қышыну, бөртпе, аллергиялық бөртпе, ксеродерма, қан «тебулер».

- қысымның ортостатикалық төмендеуі.

- тромбоциттер санының азаюы.

- қызба, шеткергі ісіну, қалтырау.

Тіркелуден кейінгі кезеңдегі жағымсыз әсерлер туралы деректер

Өте сирек

- тромбоцитопения.

- есекжемді, анафилактикалық шокты, анафилактикалық реакцияларды, ангионевротика-лық ісінуді қоса алғандағы аллергиялық жай-күйлер.

- адренокортикалдық жеткіліксіздік.

- бас-сүйек ішілік қысымның қайтымды жоғарылауы (мысалы, көру жүйкесі дискілерінің ісінуі, жас балалардың еңбегінің ісінуі).

- ауыр гепатоуыттылық, холестатикалық гепатитті қоса алғанда, гепатонекроз (биопсия), бауыр циррозы, бауыр жеткіліксіздігі (трансплантация және өлім жағдайын қоса алғанда).

- жедел жайылған экзематозды пустулез, фотосезімталдық.

- артралгия.

- эректильді дисфункция, азооспермия – емдік дозадан күніне 200 немесе 400 мг жоғары болғанда.

Низорал препаратын ішке қабылдайды, сіңуін жақсарту үшін тамақ уақытында.

Дерматофиттерден және/немесе ашытқы зеңдерден туындаған тері, бастың шашы бар бөліктеріндегі және шырышты қабықтардағы жұқпаларында және жүйелік жұқпаларда:

Ересектерге:

- Бір таблетка (200 мг) күніне бір рет тамақпен бірге. Егер көрсетілген дозаны қабылдау-дан жағдай жақсармаса, дозаны екі есе ұлғайту керек (күніне бір рет 400 мг).

- Қынаптық кандидоз: екі таблетка (400 мг) күніне бір рет тамақпен бірге.

3 жастан асқан балаларда:

- 15-тен 30 кг-ға дейінгі дене салмағында: жарты таблеткадан (100 мг) тәулігіне бір рет тамақпен бірге;

- 30 кг-нан астам дене салмағында: ересектерге көрсетілген дозада.

Емнің орташа ұзақтығы:

- қынаптық кандидоз – 5 күн;

- дерматофиттер туындатқан тері микоздарында –4 аптаға жуық;

- түрлі түсті теміреткіде – 10 күн;

- Candida туындатқан тері және ауыз қуысы кандидозында– 2-3апта;

- бастың шашы бар бөліктеріндегі зеңдік зақымдануларда – 1-2 ай;

- паракокцидиодомикоз, гистоплазмоз, кокцидиодомикоз – емнің ұзақтығы әдетте 6 айды құрайды.

Қолданылудың барлық түрі бойынша ем клиникалық параметрлер мен зертханалық көр-сеткіштер қоздырғыштың эрадикацияланғанын көрсеткенше үздіксіз жүруі тиіс. Ем ұзақ-ты-ғының талапқа сай болмауы жұқпа қайталануына алып келуі мүмкін. Алайда анорек-сия, жүрек айнуы, құсу, қаып-шаршағыштық, сарғаю, іштің ауыруы және несеп үсінің күңгірттенуі сияқты гепатиттің симптомдары мен белгілері білінген жағдайларда емді де-реу тоқтатып, бауыр қызметіне зертханалық тексеру жүргізу керек.

Әзірге Низорал 200мг №10таб пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады